Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта мектеп ,11 сынып оқушысы
Әбдімұрат Айкен Ғабдоллақызы
Секция: физика
Орындаушы: 11 сынып оқушысы Әбдімұрат Айкен Ғабдоллақызы
Жетекшісі: Жалғасбай Роза, физика пән мұғалімі
Аннотация
Жұмыстың өзектілігі.
Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде.