Category Archives: Баяндамалар

««Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үдерісін ұйымдастыру» тақырыб ындағы облыстық оқыту семинарының бағдарламасы



Мақсаты: Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі кезеңде кәсіби сүйемелдеу, деңгейлік бағдарламалардың негізгі идеясын оқыту үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемесін игерту, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» озық тәжірибесін тарату.

Өткізілетін орны: Арыс қаласы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы

Өткізілетін мерзімі: 30-31 қаңтар 2014 жыл.

Қатысушылар категориясы: Мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, деңгейлік курстардан өткен және жалпы орта мектеп мұғалімдері.

Мектеп тақырыбы: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сындарлы оқыту теориясының дағдыларын қалыптастыру

китап семинар.doc

Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем, баяндама-ма қала



Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлы

Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің

тәрбие ісінің орынбасары , Арыс қаласы

Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіата заңмен бекітілген соң, ХХІ ғасырдағы ел болашағының жарқын болуына, жаһандану дәуірінде қоғамның барлық салаларында дамушы саяси-экономикалық факторлардың жаршысы болып өз мүмкіндігін мойындатуына байланысты. Мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналып келеді. Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» — деп айтқан пікірі барша қазақ елінің нақты мақсаты болуға тиіс. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып қабылданғанына көп уақыт өтсе де, жұртшылық жүз пайыз қазақша сөйлеп кете қойған жоқ. Осыдан кейін, ақпарат беттерінде « әлемде әр екі апта сайын бір тіл жойылып кетеді екен. Қазақ тілінде жоғалтып аламыз-ау , » — деп күдіктенген тіл жанашырлары арасында қызу тартыстар әлі күнге дейін жүріп келеді. Read more

Мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани қабілетін қалыптастыруда жаңа оқыту технологиясын меңгерту


Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

АбиловаКенжегулСадуовна

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасққа өту қажеттігі туындайды.Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Read more

«Психологиялық білім — өмірдегі жетістік кепілі»


Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия психологы
Садвакасова Индира Қайратқызы

Эссе

        «Тіпті  күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептің арқасында жетуге болады. Қайда барса да,  құрметпен қарсы алатын   адам- әдепті адам », — деп бағзы заманның  даналары бекер айтпаған.  Адамның сыры  бейнесі мен ішкі рухани сұлулығы екі бөлек нәрсе деп ойлаймыз.  Қазіргі  таңда білім сапасына,  оның ішінде:  математика, физика, химия  сияқты негізгі пәндерге үлкен көңіл бөлініп,  жаңадан мектептер салынуда.  Яғни,  біздің  Қ.Р.  Президентінің 2005-2010 жылға арналған мемлекеттік  бағдарламасы жүзеге асуда. Бұның барлығы жас мемлекетіміздің алға  қойған мақсатты нысанасы, дегенмен де осы негізгі пәндермен қатар психологиялық білімді  қалыс   қалдырмаған жөн.  Read more

Презентация сабақтар


Ақтөбе облысы,  Шалқар қалалық №1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жайымова Назымгүл Сағынайқызы

Презентация сабақтарды жүктеп алу:

1. Сәкеннің сыршыл жырлары. (1894-1938) Презентация
Сәкен сынды алыптың өмірі — мәңгілік өмір, оның тындырған ісі, артында қалған мұрасы — бүгінгі және келер ұрпаққа өшпес өнеге. Тұрсынбек Кәкішев

2. Нәтижеге бағытталған білім беру кепілі — оқыту процесін технологияландыру. Баяндама. Презентация
“Жаңа педагогикалық технология” дегеніміз — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, қолданылатын жаңа әдіс — тәсілдер.

Баяндамалар


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
№9 орта мектеп. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы

Баяндамалардың толық нұсқасын жүктеп алу:

1. Тақырыбы:  Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру тәжірибемнен.   Жоспарым:

  1. Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану жолдары.
  2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімді жолдары мен орындалу жүйесі.
  3. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.
  4. Жаңа идеялар арқылы жеткен нәтежиелерім.
  5. Қорытынды: Сараптама

2. Тақырыбы: 12 жылдық білім беруге көшудегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру ісін тың идеяларға негіздеудің алғы шарттары.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдарына, білім беруді басқарудың, ұйымдастырудың демократиялық сипатына сәйкес білім беру ұйымдарына, пән мұғалімдеріне жаңа технологияларды таңдап пайдалану және өзіндік әдістемелік-шығармашылық  ізденістерінің нәтижесін еркін қолдану мүмкіндігі берілген. Бүгінгі күні озық технологияны  озат тәжірибесіне айналдырып, білім мазмұнын байытуға үлес қоса бастаған қазақстандық әріптестеріміздің қатары да көбейіп келеді.

 

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар жинағы


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
№9 орта мектеп. Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы

Түсініктеме хат.

Қазіргі қоғамымыз мектепте жаңа технологиялар арқылы оқыту мен тәрбиелеуді талап етіп отырғандықтан, осы әдістемелік құралда инновациялық жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылған тәрбиелік шаралар, ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатындағы дайындалған.  Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешіліріне әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамын. Read more

« Older Entries