
ОҚО облыстық мектеп, аудан \қала\ мектеп оқушылары
арасында өткен «Қазақстан — 2050» стратегиясы:
«Бір халық — бір ел — бір тағдыр» — айдарымен өнер фестиваліндегі
қазылар алқасының қорытындысы бойынша
Ш Е Ш І М І
ОҚО облыстық білім басқармасының 2013 жылғы №1321 бұйрығы негізінде наурыз-сәуір айларында облыстағы мектеп оқушылары арасында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: «Бір халық — бір ел — бір тағдыр» — айдарымен өнер фестивалі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты: Қазақстан балаларын елжандылыққа баулу, қазақтың рухани ұлттық құндылықтары – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын, туған елдің тарихын, мәдениетін ұрпақтар арасында насихаттау, бойында рухани өнері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оларды сахна төріне шығарып одан әрі дамыту.
Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған, облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептер арасында өткізілген өнер фестивалінде бірнеше ұжымдар сарапқа салынып, іріктелді. Түрлі таланттарды жарыққа шығаратын өнер сайысы барысында аса белсенділік танытқан аудандар жүлделі орындарға ие болды. Read more