БІЛІМ САЛАСЫНА АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ
ҰБТ… Ұлттық бірыңғай тестілеу… Осы сөздер қазіргі кезде қоғамға таныс және бір жағынан сыры көп беймәлім жағдайда. Жыл сайын болатын ҰБТ төңірегіндегі түрлі жағдайлар мектеп бітіруші оқушылардың ғана емес, ұстаздары мен ата-аналарының да білім, тәрбие, болашаққа бағдар мәселелері бойынша сыналатын кезеңі болуда.
2015 жылғы ҰБТ кезеңі өз ерекшелігімен бастау алды. Ерекшелігі биылғы тестілеуге азаматтық бақылаушылардың қатысуы және заңсыздықтардың болдырмау мен алдын-алуға көмек қолын созуы. Республикалық 45minut.kz басылымы өз тарапынан осындай игі бастамаға атсалысып, «Азаматтық бақылаушы кім және қандай міндеттері бар, ҰБТ-ға көмектесеме әлде кедергі ме?» деген сауалдарға жауабын тапты. Read more