Category Archives: Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара ауданы ұстаздары семинарда


Семинар тақырыбы: «Жаңа технологияның әдіс — тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу».

Шардара аудандық білім бөлімінің «Бастауыш сынып» әдіскері: Илесова Гулжан Турлыбекқызы

Сабақты жүргізген: Нұрсеитова Жанар Абдуллақызы

«Бастауыш сыныптарда АКТ – нің тиімділігі»

Тақырыбы: Нағыз адам 03.12.14ж. 3-сынып Т.Айбергенов атындағы мектеп-гиназиясы

Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе сапары. Редактор пікірі


Қараша, Желтоқсан айларында қызметтік іссапармен Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе облыстарын аралап, ұстаздармен кездесулер болып өтті. Кездесулер сұрақ-жауаптарымен өте тартымды, әріптестік бағытында болып өтті. Кездесулер кезіндегі маңызды сұрақтар мен жауаптарды жариялап отырмыз. Кездесулердің сұрақ жауаптары ұстаздарға және аттестация қабылдайтын білім бөлімдері қызметкерлеріне де пайдалы ақпарат болады деген сенімдеміз.

Кездесу барысында қойылған маңызды сұрақтар.
(
Редактор өзі жауап береді. Сұрақтар жарияланды, жауаптары жақында жарияланады.):

  • Білім мекемелерінде өткен іс шаралар туралы сайтта, газетте жариялауға бола ма?
  • Материалды қалай жіберсе тез жарияланады? Read more

Редактормен кездесу


Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебі КММ мекемесінде 2014 жылдың 21 қараша айында 45minut.kz Республикалық Ұстаздар басылымы редакторы Ізгілік Нагиевпен кездесу болды.

Кездесу барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің халқымызға жолдаған» Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты жолдауын талқылады.

Read more

Президент күніне өткізіліп жатқан іс-шаралар


19- 29 қараша аралығында «Бір халық, бір ел, бір Елбасы» тақырыбында онкүндік жоспары жасақталып, алғашқы күні-ақ мекеме қызметкерлері және мұғалімдеріне «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Елбасының дәстүрлі жолдауын талқылауымен басталып кетті. Ертесіне онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде жарияланып, әнұран орындалды. 5 сынып оқушылары Елбасы туралы жылнамалардан және өмір жолынан, арнау тақпақтар айтты. 21 қараша күні ата-ана, оқушы, мұғалімнен тұратын эстафеталық сайысты әлеуметтік педагог М.Қарайдарова өткізсе, акт залында оқушылар Елбасы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмін тамашалады. Read more

Бақытымның бастауысың-Жезқазған


Мысты шахардың 60 жылдық мерейтойына орай қаламыздағы №10 орта мектебінде «Бақытымның бастауысың Жезқазған» атты мерекелік ашық есік күніөтті. Бұл мерекелік іс-шара тарих беттерінен сыр шерткен, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ағамыздың келбетін бейнелеген тарихи қойылыммен басталды.

Осы қойылымнан кейін, әр сынып оқушылары өздерінің білімдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Соның ішінде 2 «А», 3 «Б» сыныптар арасында «Әнімнің арқауы — Жезқазған» атты «Екі жұлдыз» жобасы негізінде ән байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты- өнер көгінде жарқырай жанып, аққан жұлдыздай із тастап өткен дара тұлға Жақсыкелді Сейловтың әсем әндерін орындау болды.

Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді. Ендеше біздіңмектебімізде осындай ата-аналар мен оқушылар жетерлік.

Жақсыкелді Сейловтың «Ұлытау » әнімен көзге түскен қаламыздың көрме залында 25 жыл еңбек етіп, қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосқан жандардыңбірі Ашкенова Дина Қамалқызы және 2 «А» сынып оқушысы, сүйкімді немересі Балымбет Нұрайлым Ануарқызы көрермендер ықыласына бөленіп, «Әнші бұлбұл» номинациясына ие болды.

Осы іс-шардан кейін мектебіміздегі мәжіліс залында «Жезқазған шоу» бағдарламасымен салтанатты кешіміз жалғасын тапты. Бұл бағдарлама барысындаоқушылар туған қаласына арнаған өлең жолдарын, әндерін сыйға тартты. Мерекелік кешке келген қонақтар, білім дене шынықтыру және спорт бөлімініңтәрбие секторының меңгерушісі Ақыл Бекетова және №7 лицей мектебінің директоры Жұмажанова Нүрия апай өздірінің жылы лебіздерін мектеп ұжымына және оқушылар мен ата-аналарға білдірді. Осындай ата-аналармен бірігіп өткізетін іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

№10 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі:
Карина Қымбат

« Older Entries