Category Archives: «Арманы асқақ оқушы» байқауы

ӨМIР-ӨЗЕН


Өмiр-өзен арнасына сыймаған,
Сол өмiрде бола бiлгiң сыйлы адам.
Өмiр бойы сыйлап өт сен анаңды,
Бұл өмiрде саған жарық сыйлаған.

Өмiр-өзен арнасынан тасыған,
Кейде жеңiл,кейде көнiл тасыған.
Мағанда бар жүрегi пәк ғашық жан,
Мен де оны бiр көруге асығам. Read more

Торбаева Әселхан Тұрғанбекқызының өлеңдері


Торбаева Әселхан Тұрғанбекқызы. 1991 жыл 11 наурызда Өзбекстан Республикасы Жизах обылысы Гагарин қаласында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 2 курс студенті.

***

 

Миымды торлап өрмекші

Не күйге түстім көмескі

Бұлқанда талқан қүй кешем

Санамда таңба көп ескі

 

***

Қолдарыма тиіп кетсе қолдары

Жүрек шіркін тітіркеніп қалады-ай,

Бақыт емес басымдағы сор бағы

Ол өзгемен кетіп бүгін барады-ай

Read more

Ұстаз болу – жүректің батырлығы


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.

№266 мектеп – лицейдің түлегі.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулып, білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Осындай ұстаздардың бірі № 266 мектеп – лицейдің музыка жетекшісі, музыка пәні мұғалімі Рысмамбет Мақтагүл Ердесқызы. Ол кісі өзінің ашық – жарқын мінезімен, ізденімпаздығымен, талантты тани және әрі қарай баули білетін қабілетімен адамгершілігінің арқасыда беделге ие. Ұстаз еңбегінің айнасы шәкірттері де көп жылдар бойы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып жүлдегер атануда.

Read more

Арманы асқақ оқушының бірі — СЫМБАТ Ерменбетова Ораловна


Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қошқар орта білім беретін мектеп» КММ 8-сынып оқушысы Ерменбетова Сымбат Ораловна

 

ТУҒАН ЖЕР-АЛТЫН БЕСІГІМ

Менің кіндік қаным тамған жер Шұбартау ауылы.Ауылда 100шақты отбасы тұрады.Кішкентай болғанымен халқы тату-тәтті,бауырмал,қазақы әдет ғұрыпты дәріптейді.Біздің ауылда көк аспанға төбесі тиіп тұрған Бесшоқы,Қарашоқы атты заңғар биік таулар бар.

Read more

Сымбаттың шығармалары


Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қошқар орта білім беретін мектеп» КММ 8-сынып оқушысы

Ерменбетова Сымбат Ораловна

 

 

АНА ТІЛІМ

Ана тілім, аяулы тілім-ардақтым,

Ана тілім құдіретті қуатым.

Ана тілім өзіңменен ержетем,

Қасиетті туған тілім қымбатсың.

Read more

« Арманы асқақ оқушы» конкурсына қатысушы Асқар Ерасыл Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы, Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Кожахметова Алмагуль Ныгымановна


 

ЖЕТЕКШІ ҰСТАЗЫ: ҚОЖАХМЕТОВА АЛМАГУЛ НЫҒЫМАНОВНА

 

Мектебімізде үздік оқуымен, тәрбиелі тәртібімен, әрқашан жан- жақты қызығушылықтарымен ерекшеленетін Ерасыл — жарқын тұлға.

Ол- еңбекке бейім, шығармашылықпен еңбектенетін дарынды оқушы.Оқушы бойындағы ерекше қабілеттілік тәрбие мен біліміне байланысты қалыптасқан.

Жаңаны білуге талпынысы, , мақсатына жетуге ұмтылысы Ерасылдың оқушылар арасындағы интеллектуалдық жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алуына мүмкіндік берді. Ол гуманитарлық бағыттағы ғылымдарды, нақты ғылымдарды оқығанда жан-жақты қабілет танытады.

Ұқыпты, өз ойын ашық та нақты жеткізе білетін, барлық іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мектеп өміріне қатысты қызықты тақырыптарға диспут, пікірталасқа қатысқанды ұнатады.

Сынып ұжымында беделді. Музыканы жақсы көреді, домбыра шерткенді жаны сүйеді.

 

2009 жылы республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында «Дос өмірдің тірегі» атты шығармашылық сайысына қатысып дипломмен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды.

2010 жылы ӨҒП «Дарын » орталығы ұйымдастырған облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсында ІІІ орын, 2011 жылы республикалық интеллектуалдық «Ақбота» марафонында сертификат, «Айналайын» конкурсында ІІІ орын иегері.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілген «Елім-ай» аймақтық интеллектуалдық конкурсында құқық негіздері пәні бойынша ІІІ орын алған жүлдегер. Сондай-ақ қазақ тілі, тарих, география пәндері бойынша он-лайн жүйесіндегі интернет олимпиадаларға қатысып жүр.

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазіргі Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы жаңару мен даму» атты жоғары оқу орны аралық студенттердің ғылыми- тәжірибелік конференциясында ІІІ орын алғаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.

 

Бүгінгі жас шәкірт, ертеңгі азамат, яғни Асқар Ерасыл болашағынан зор үміт күттіретін Қазақстанымыздың бір тамаша тұлғасы боларына ұстаздарының сенімі мол.

 

 

 

«Арманы асқақ оқушы» конкурсына қатысушы Айбарқызы Несібелі


Мектебіміздің қоғамдық істерінде, іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген Айбарқызы Несібелі  Маңғыстау  облысы, Маңғыстау  ауданы, Шетпе кентіндегі Б. Жұмалиев  орта мектебінің  7-в сынып оқушысы,  озат оқушы.
Айбарқызы Несібелі  – сыныптың ұйымдастырушысы, мектептің мақтанышы,  шығармашылықпен жұмыс жасай білетін шәкіртіміз. Ақпараттық жаңа технологиямен жұмыс жасай білетін жан-жақты ізденімпаз оқушы. Мектептің қоғамдық жұмыстарына және оларды ұйымдастыруға үлкен белсенділікпен қатысады. Ұстаздармен тез тіл табысып, олармен бірігіп жұмыс жасап келеді. Несібелінің  өлең айтатын ерекше өнері де бар, мектеп абыройын республика көлемінде қорғады. Сонымен қатар мектептегі барлық шараларда өз өнерін паш етіп  келеді.

« Older Entries