Ою-өрнектер әлемі


Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

технология пәні мұғалімі

Қосанова Жанар Тілеулесқызы

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектер әлемі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ою-өрнектер, олардың шығу тарихы, түрлері жайында жалпы мәлімет беру, оның қию әдісін үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қолөнер туындысын көру арқылы оқушылардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілетін, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, халқымыздың асыл мұрасын бағалай білуге, топпен жақсы жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сарамандық жұмыс, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, тарих, әдебиет

Көрнекілігі: ою-өрнек түрлері, көрме бұйымдары, буклет, үлестірмелі қағаздар, слайд

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу.

2. Жаңа сабақ.

Қазақ халқының асыл қазыналарының бір саласы және ұлттық келешегін айқындап бейнелейтін өнер түрі – ою-өрнек. Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегінің ондаған ғасырлық тарихы бар. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірігіп латынша – орнамент деген ұғымды білдіреді. Ою-өрнектің шарықтап дамуы халықтың күнделікті өнерімен, әдет-ғұрпымен терең байланысты.

Ою-өрнек түрлерінің бес жүзге жуық аты белгілі.

Оқушылардың ою-өрнек туралы не білетіндерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Сұрақтар Жауабы
1 Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзінен келеді? Латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамент- әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасына келеді.
2 Компазиция дегеніміз не? Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру.
3 Симметрия дегеніміз не? Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы- симметрия заңы
4 Колорит дегеніміз не? Ою-өрнектерді бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы
5 Ритм дегеніміз не? Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы
6 Ою-өрнектің пайдасы бар ма? Жүйке қызметін жақсартып, ойды бір жүйеге келтіреді. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.

Топтастыру әдісі.

Ою-өрнек көптеген жерде кездеседі. Мысалы: киімде, сандық беттерінде, тұскиізде, музыкалық аспаптарда, киіз үйде, әшекей бұйымдарда, ас үй жабдықтарында және т.б.

Документ Microsoft Word.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s