Ою-өрнектер кездеседі


Ою-өрнектер кездеседі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
технология пәні мұғалімі
Қосанова Жанар Тілеулесқызы

Ал қолданылуына қарай әр түрлі болады. Мысалы ағаштан ойылған ою, теріден ойылған өрнек және т.б.

Ою-өрнек классификациясын төрт түрге бөлеміз:

Жануар тектес Өсімдік тектес Ғарыштық Геометриялық
«Қошқар мүйіз»

«Қосмүйіз»

«Сынық мүйіз»

«Қаз мойын»

«Табан»

«Өркеш»

«Өрмекші»

«Ағаш»

«Жапырақ»

«Үш жапырақ»

«Өткізбе»

«Шиыршық»

«Гүл»

«Жауқазын»

«Шеңбер»

«Шимай»

«Төртқұлақ»

«Шұғыла»

«Жұлдыз»

«Айшық»

«Бітпес»

«Сүйір»

«Ирек»

«Төртүшкіл»

«Балдақ»

«Қармақ»

«Тұмарша»

«Шынжара»

Ойма ою. Тұтас заттың бетіне қайшымен ойып ою-өрнек жасауды ойма ою деп атайды. Ойма ою сырмақ сыру өнерінде ғана пайдаланылады.

Сызба ою. Сызба ою-өрнегі атынан-ақ көрініп тұрғандай, тұтас қағаз бетіне қаламмен сызылып түсіріледі.Сызылып жасалған ою-өрнек үлгілерін сызба ою деп атайды.

Қима ою. Тұтас қағаздан немесе былғарыдан, матадан, картоннан қиып алынған ою-өрнек қима ою деп аталады.

Біз қима ою тәсілін пайдаланамыз.

3. Сарамандық жұмыс.

1)Екі топқа екі түрлі тәсілмен ою ойғызу.

І топқа: бір бүктеп ою

ІІ топқа: екі бүктеп ою.

2) Дайын болған ою үлгісін матаға түсіріп, қиып алу. Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

3) Матадан дайын болған ою-өрнекті шыт матаға орналастырып, көктеп шығу.

4) Көктелген оюды тігін машинасының ирек тігісті тігісімен тігіп шығу. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

4. Жаңа сабақты бекіту.

1-тапсырма:«Робин-Роунд» әдісі бойынша таяқшаны бір-біріне беру арқылы сабақтан нені меңгергенін айтады.

а) Қандай ою-өрнектерді білесіздер?(1-топ)

б) Ою-өрнектер қай жерде кездеседі?(2-топ)

2-тапсырма: Салыстырмалы тест. Сол бағандағы оюлардың реттік санын жаз.

1 Ботакөз
2 Құсқанаты
3 Қошқармүйіз
4 Сынықмүйіз
5 Төртқұлақ
6 Түйемойын
7 Сыңармүйіз

5. Қорытынды.

— Сонымен, біз, ою-өрнектерді бұйымды әсемдеу, әшекейлеу үшін қолданылатынын көрдік. Біздің ата-бабаларымыз осы ою-өрнектерді басқа да мақсатта пайдаланған. Мысалы, мынау ою түрлері белгілі бір ұғымды білдірген екен.

1. Арқар мүйіз- жағымсыздықтан қорғайды.

2. Ит құйрық- жас сәбиге көз тимес үшін салынады.

3. Қаз мойын- сұлулық пен сәндік белгісі.

4. Түйе табан- махаббат, бақыт белгісі.

5. Бұғы мүйіз- байлық пен күштің белгісі.

6. Құс қанаты – қанатын қаққан құс бейнесі жастарға арналған белгі.

Міне, балалар, біз оюлардың сан алуан түрі мен сыры бар екенін білдік.

6. Оқушылардың білімін бағалау.

7. Үйге тапсырма беру. Өзіндік жұмыс. Кестедегі оюларды талдау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s