Болашаққа нық сеніммен


Маңғыстау облысы , Ақтау қаласы

№20 М.Әуезов атындағы орта мектеп

Экономика және құқық негіздері пәні

мұғалімі Бекназарова Р.А

Болашаққа нық сеніммен

Мақсаты:

Оқушылардың болашақта кім болғысы келетінін анықтап, оларға дұрыс бағыт беру.

Өмірде әрбір жеке адам өзін-өзі шынайы бақытты, тәуелсіз екенін сезінуіне көмектесетін факторлар қандай деген сұрақтар, әсіресе, мектеп жасындағы балаларда пайда болады.

Қазіргі заманда кейбір ғалымдар адам баласының бақытты болуы үшін негізгі бес нәрсе болуы керек дейді:

1. Жақсы ата-ананың болуы;

2. Білімді ұстаз ;

3. Мамандықты нақты таңдау;

4. Отбасындағы одақтың беріктігі;

5. Өз балаларының болуы;

Осы факторлар бүкіл адамзаттың өмірін жақсартуға арналған факторлар. Көбінесе орта, жоғарғы буын оқушыларында «Бақытты болуы үшін не керек деген сұрақ туады?». Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: әр дені сау адам «мен» деген атқа ие болғанда, алдында қандай мақсат қоя және оны орындау керек екенін, сол алға қойған мақсат арқылы өмір сүру керек екенін білу. Баламен жұмыс жасағанда, балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін, түрлі қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін екенін түсіндіру. Қиыншылықтар туындаған жағдайда жеңілмеу керектігін айтып, «ұстаз» деген атақты ұмытпай өмірдің күшті жағын көрсету, айту біздің міндет, парызымыз. Балаларға аңыздар оқып бере отырып, өмірден түңілмеуін, жеңілмеуін айта отырып, талдата отырып, образдық жағдаяттар арқылы өзіне деген сенімін арттыру.

“Екі бақа” туралы аңыз

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. (Аңыз талданады). Балаларға осындай аңыздарды оқып талдатқан соң, мынандай «менін» оятатын әдістемелер немесе тренингтер қолдануға болады.

1) Мен кіммін, қандаймын?! тренингі.

Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.

10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі.

Мен Данамын.

Мен әдемі, сұлу қызбын.

Мен қазақпын…

Мен ……..т.с.с.

2) Менің жан-жақты ерекшеліктерім тренингі.

Мақсаты: Іштегі негативті шығару.

Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу.

5-минут беріледі.

10 аса сөз жазуға болады.

Дәптердің қақ ортасынан сызып:

Жағымды ерекшеліктер: -Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б….

Жағымсыз ерекшеліктер: -Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.

3) Сезім тренингі.(Менің эмоциям)

Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл — күйінің көрініс табуы.

Көңіл-күй түрлерін жазасыз.

Сол көңіл -күйді мимикамен көрсетесіз.

2-минут беріледі.

Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с. Осындай әдістемелер немесе тренинг, профилактика, кеңес, мақал-мәтел немесе аңыз айта отырып, баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бақылауға үйрету.

Адамның жеке тұлға ретінде өз бетінше зерттенуі — қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты т.б. адами мүмкіншілікке қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, өмір сүріп жатқан ортада тұлға ретінде танылып, «АДАМ» деген атқа ие бола білу.

Атақты болу да әр адамның қолынан келе бермейді, әрине ол жақсы. Бірақ біз бен сіздің тілімізде, тұлға ол-адамгершілігі жоғары, сезімдері дамыған, талғамы биік, алдына мақсат қоя білетін, оны орындай алатын, жауапкершілігі мол, бір қоғам мүшесі.

Отбасы адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Олай болса бала өмірінің қайнар көзі- ата-ана.

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса да бала-солардан.

Баласағұн

«Кемеңгерге де кеңес керек»,- деген аталарымыздың ұлағатты сөзі бар. Баламен психологиялық — педагогикалық жұмыстар жүргізу үшін біз ата-анамен бірігіп жұмыс жүргізуіміз керек. Ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі, баласы үшін, дұрыс тәрбие беруде кеңес алудан қашпайды. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық — психологиялық тұрғыда ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу, моральдық көмек беру, бұл біздің басты міндетіміз.

Болашак сеним.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s