Сыныптағы диалогтың маңызы


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
М.Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектеп
Экономика және құқық негіздері пәні мұғалімі
Бекназарова Рима Аяшовна

Сыныптағы диалогтың маңызы

Біз оқып жатқан бағдарламаның негізгі түсінігі біздер мұғалімдерге педагогикалық тәжірибені жетілдіруімізге тигізетін көмегі зор. Сонымен қатар оқушыларды алған білімдерін жүйелі бағалау тәсілдерін қарастырамыз. Бағдарламада 7 модул қарастырылған. Осы тәсілдерді біздер өз сабағымызда пайдалануымыз керек. Негізінен топтық әдіс сабақ барсында өте қолайлы екенін байқадым. Мектептегі сабаққа оқып келген бағдарлама бойынша жеті модульде қарастырылған идеяларды жекелеген стратегияларды тәжірибиемде пайдаландым. Бұл тапсырманы орындау барысында әр бір топ берілген ат бойынша алмасып отырады. Оқытудың бұндай түрі оқушыларға бұрынғы дәстүрлі сабақтан гөрі өзгеше әсер етті.

Мысалға: Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?-деген сұраққа Асхат тақтаға бірден зауыттың суретін салып жіберіп, оны неше түрлі штрихтарға бөліп көрсетіп өзінің құрылыс схемасын сызу шебері «проектировщик» болғысы келетінін айтып, азғана уақыт ішінде жылдам дәлелдеп, тапсырманы қорғап шықты.

Оқушыларда керемет бір ұмтылыс, әр бір кезенге өткен кезде қызығушылық, екпін оянғанын байқадым. Бірінші сабақ кезінде оқушылар өздерін бір ыңғайсыз жағдайда ұстап отырғандай болды, себебі отырудың стилі оларға басқаша әсер етті. Тапсырманың қызықты болуына байланысты, сабақ орта шенінен асқасын олар бір -бірімен жарысып, әсіресе ой қозғау тапсырмасында, постер мен сурет салып, оны қорғаған кезде белсеніп алға шығып, өз ойын дәлелдеп жүйелі жеткізуге әр бір топта бір құлшыныс пайда болғанын байқадым. Бірінші сабақтың сонында балалар жарысып,

-апай, алдағы уақытта да осындай сабақ өтеміз бе?, —тағы да топқа бөлінеміз бе?- деген сұрақтар қойды.

Келесі болған сабақтарды асыға да, қуана күтіп қарсы алды.

Мерсер мен Литлтон «2007» Өз еңбектерінде диалог сабақты оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Осы топтық тапсырма сабақ барысында топтық қарым- қатынастың және достарымен бірігіп жүргізген жұмыстың балаларға айрықша әсер еткенін постермен жұмыс жасаған кезде олардың сөйлеу мәдениетінің шама шарқынша жоғарлағанын, өз ойларындағы барлық қабілеттерін оятып әдемі жеткізуге тырысқанын байқадым. Сонымен қатар олар бір- біріне сұрақ қойып өткен тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып білгендерін толықтырып отырды. Суретпен жұмыс кезінде бірнеше оқушының суретті өте әдемі салатының байқадым сонын ішінде Әйгерім мен Асқат атты оқушылар ерекше көзге түсті. Тапсырмалар кезеңінде логикалық есептер карточкамен жұмыстарды балалар орындады.

Карточкамен жұмыс

Сөздерді ретімен қойып ереже шығару, экономикалық терминдерді табу тапсырмаларында: сынып старостасы Бақтыгүл жылдам ретімен орналастыра білді.

Бұл мынадай тапсырма:

Бағытталған, пайда, экономикалық, алуға, қызмет, кәсіпкерлік.

дұрысы

Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет; кәсіпкерлік –бұл Бизнес

Әр бір баланы балмен бағалап отырдым. Олар өздерінің топтарының бағалары жоғары көрсеткіштерге ие болу ушін тапсырмаларды жарысып шапшаң шешуге тырысты. Тапсырманы тез әрі дұрыс орындаған оқушыны марапаттап отырдық. Талантты балалар бар екенін байқадым. Асқат атты оқушы суретті өте әдемі салғанымен қатар өз ойын дәлелдеп, орындаған тапсырмасын тыңдаушыға жеткізе білді. Осы тапсырмада талантты баланың дарынын ашуға мүмкіндіктер туындайды. Барлық мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу ушін қолайлы орта жасауға тырысады. Мен алдағы уақытта бұл балаға күрделірек тапсырма беруді жоспарладым, осылай оқушылардың дарынын оятуға мүмкіндік ашылды.

— Туған өлкеміз қандай қазбалы байлықтарға ие?

-Ішуге ауыз суды қайдан аламыз? -деген сұрақтар арқылы, өлкемізге қатысты ой толғап, олардың шығармашылық қабілетін оятып, сөйлеу мәдениетін дамытуда нәтижеге қол жеткіздік.

Түйіндеме: Диалогтық оқытуда оқушылардың қызығушылығын оятады, белсенділігін арттырады. Сындарлы оқытудың жүзеге асуына мүмкіндік ашылды.

Диалогтық оқытудың тиімділігі: бірлесіп жұмыс жасау үстінде олар сөйлеу мәдениетін дамытады, сұрақ- жауаппен пікір алмасады, талқылайды. Түсінік білімдерін жетілдіре алады.

диалогтың маңызы.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s