Абай Құнанбаев. Абайдың әдеби мұралары
Батыс Қазақстан облысы
Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
Амангалиева Жеміс Ғалымжановна
Қазақ әдебиеті 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Абайдың әдеби мұралары.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары жөніндегі оқушылардың білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру;
2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша және
ауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойын
түсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;
мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:
3.Тәрбиелік: Абай шығармаларын түсіну арқылы оқушылардың бойына адами
құндылықтары сіңіру,жаман мен жақсыны айыра білуге үйрету .
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,кесте құрастыру, мәнерлеп оқу,
шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, Абай туралы папка, ақынның шығармаларынан
тұратын кітап көрмесі.