12 жылдық білім жүйесіне көшудің тиімділігі


Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттілігі 12 жылдық білім жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс деді.

Біз соңғы 2000 жылға дейін білім беру жүйесін жаңа қоғам талабына сай жүзеге асырдық. Ол 4 бастауыш, 5-9 орталау, 10-11 жалпы кәсіптік білім беретін мектеп. Оның 5-9 сыныптарда еңбекке үйретудің бағдарлы бағыты, оқушылардың жеке қабілетін педагогикалық-психологиялық негізге зерттеу, кәсіпкерлік бағытын анықтау. 10-11 сыныптарда оқушы қабілетіне қарай кәсіпкерлік оқыту, кәсіпті үйрету (қала мектептерінде өндірісті, техникалық, ауыл мектептерінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау). Бұл игілікті істер өз мерзімінде қоғам үшін өте пайдалы істер болды. Қазір ше? Не қалада, не ауылда мұндай кәсіпкерлікке даярланбайды.

Дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болу үшін ғылымға, білімге байланысты екені анық. Бұл жайында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Білім жайында ой түйінімді айтпақпын. Мен Сарқан қаласында орта мектепте технология пәнінен ұстазбын. Оқушыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша еңбектен білім негізін қалауға тырысамын. Бірақ шәкірттердің алған білімдері мектеп бітіргенде кәсіп болуға жеткіліксіз. Сондықтан мені 12 жылдық білім беруге көшу жайы толғандырады. Мына жаһандасу, ғаламдасу жүріп жатқан кезеңде мектеп бағдарламасына өзгеріс, 12 жылдық білім беру жүйесі енгізу керек екендігі анық. Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамыту, тамақ өнеркәсібін дамыту қолайлы. Сарқан қаласында, ауылдарда, егіспен қатар жеміс-жидек, бау-бақша, көкөніс өсіруге өте пайдалы. Ендеше тамақ өнеркәсібіне байланысты, ауыл шаруашылығына қажет мамандарды мектеп қабырғасынан неге тәрбиелеп шықпасқа. Мектеп бітірген соң біліктілігін куәландыратын құжаттардың берілуі қажет. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында оқушылар мектеп қабырғасынан мамандық таңдай білуге дұрыс бағыт алса деймін.

Баймадиева С. К.

Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы

орта мектебінің технология пәні мұғалімі

мақала.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s