Тақырыбы: Отбасы. Отбасы берекесі


БҚО Ақжайық ауданы Лбішін ауылы
Қаршы ОЖББМ Бисалиева Кунсулу Изтелеуовна

Дүниетану.

Тақырыбы: Отбасы. Отбасы берекесі.

Мақсаты: 1. «Отбасы» құндылығының мәнін ашу. Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру.

2. Отбасындағы жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

3. Отбасы мүшелерін құрметтеуге ,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы туралы суреттер, слайд, мақал-мәтелдер, киіз үй, үйдің суреттері.

Типі: аралас сабақ.

Әдісі: «Ойланайық, пікірлесейік» әңгімелелеу әдісі, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1. Психологиялық дайындық.

М.Қуанышбаев. Сен бақытты ұлансың.

Сен бақытты ұлансың!

Анаң- күнің, жүрегің.

Әкең- өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең- асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Суретке назар аударту.

Мына сурет бойынша кімдерді көріп тұрсыңдар?

Сурет бойынша әңгімелеу.

«Ойланайық, пікірлесейік» әңгімелеу әдісі бойынша сұрақтарға жауап алу.

1. Отбасы дегеніміз не?

2. Отбасы дегенді қалай түсінесің?

3. Отбасы сыйластығы деген не?

4. Отбасының татулығы қандай табыстарға жетелейді?

5. Отбасында қандай жағымды сөздер айтылады?

Отбасы

Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бірін—бірі аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Бір—біріне қамқор болу үлкендерге де, кішілерге де байланысты.

3. «Бейбітшілік» ойынын ойнату.

4. Мақал—мәтелдердің жалғасын табу. Слайд

Ана—көрген тон пішер,

Ата—көрген оқ жанар.

Әке—асқар тау,

Ана—ағып жатқан бұлақ,

Бала—жағасындағы бұлақ.

Ағасы—бардың жағасы бар,

Інісі—бардың тынысы бар.

5. Жұмбақ жасыру.

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған. Ол кім? «Атаң»

Айтады ертек жан атам.

Ақ сақалын салалап,

Құмарымды тарқатам

Жер мен көкті аралап.

Ертегілер еліне

Бір шегетін сапары

Ардақтаймын өмірде

Асқар таудай атамды.

Әлпештеп өзіңдей өсірген,

Нағашы әжеңнің баласы.

Төріңде жалпиып көсілген,

Бұл күнде жиеннің анасы. Ол кім? «Анаң»

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан.

Атаңның баласы

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге?

Ол кім? «Әкең»

Қамқорсың әке өмірде,

Қуатым—сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

Аймалайды күнім деп

Мейірімдей жүзі күлімдеп.

Тәтті—ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп

Ол кім? «Әжең»

Әжем—Ақыл бесігі

Мейірімімен тербеткен.

Мен де ақылды боламын

Аман—есен ержетсем.

Маған ақыл беретін

Әжем менің асыл жан

Сипап жақсы көретін.

6. Дәптермен жұмыс.

«Менің отбасым» тақырыбына эссе жазу

7. Ойын. « Менің отбасым»

8. Қорытынды.

1. Сен өз ата—анаң үшін кім боласың?

2. Ал атаң мен әжеңнің кімі боласың?

3. Отбасының тірегі кім?

9. Үйге тапсырма.

Отбасының берекесі. 104—105 бет.

10.Бағалау.

Тақырыбы: ХХIғасыр көшбасшысы

Мақсаты: 1.Оқушыларды өз бетімен ізденуге тәрбиелеу. Сынып көшбасшысын анықтау

. 2. Ой — өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

3. Ақыл-ой тәрбиесін беру.

Көрнекілігі: Ақылыңмен алға бас,

Біліміңмен биікте.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — шыңға шығу.

Шыңға шығу арқылы,

Білімге қол жеткізу.

2.Кіріспе сөз.

Әділ- қазылар алқасын сайлау.

Ойынның бағдарламасы:

1-бөлім. «Бәйге. » Мен сұрақ беремін, кім бұрын қолын көтерсе, сол жауап береді.

2- бөлім. «Тіл— өнер сайысы. Жұмбақты шешіп, орысша, қазақша айту.

3- бөлім. «Қызықты жетілік » 20, 30, 40 сандарының сұрақтарына жауап беру.

4 — бөлім. » Жорға. » 1 минутта 15 сұрақты тыңдап үлгеріп, қанша сұраққа жауап берсе, сол есептеледі.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәрінің де ең бастысы— барлығының

Қатты істейтін миы бар,- дей келе, енді сайыскерлерімізді таныстырайын.

Жарысқа қатысатын 4 оқушыға арнап жеке өлеңдер оқи отырып, сыныпқа құрметпен кіргізу. ( музыка ойнау)

Шадияр біздің ақылды,

Болған бізге шамшырақ.

Әлемге сен атыңды,

Жарқырат, балам, жарқырат.

Адамдық борыш ар үшін

Елдің мынау қамы үшін.

Айкөркем үлес қосқайсың,

Болашақ елдің таңы үшін.

Әрбір тілде адамдарды таң қылып,

Сөйлей білу ақылдығы заңдылық.

Болсаңдағы Ержан біздің еркеміз,

Жұлдызы бол өз халқыңның мәңгілік.

Лаула, балам, Жандос сен де жарқыра,

Пайдаң тисін қазақ деген халқыңа.

Сегіз қырлы жігіт болып өскесін,

Дәріптейтін ата- баба салтында.

Сайыскерлерге тілек:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді

Білімдінің сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт- сапар енді тілейік!

2. Негізгі бөлім. «Бәйге » Сұрақ- жауап.

1.1м-де неше см бар ?

2. Кез келген санды 0-ге көбейтсек, не шығады ?

3. Алфавитте қанша дыбыс, қанша әріп бар ?

4. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма ?

5. Ләззат Асанова кім ?

6. Атақты қазақ күйшісі кім ?

7. 8 х 8 көбейтіндісі ?

8. 9х 7 көбейтіндісі ?

9. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар ?

10. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 3 см. Периметрін тап.

11. 1 сағатта қанша минут бар ?

12. Тоқтар Әубакиров кім ?

13. Бір өркешті түйе қалай аталады ?

14. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлар туралы жыр жазған кім ?

15. Жеміс неден пайда болады ?

2. Тіл— өнер сайысы.

1 санға өсірді,

Өзі қалып орнында.

Бізді алға көшірді. ( сынып-класс)

Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. ( қоян- заяц)

Екі аяқпен кезек- кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. ( доп- мяч)

Қос құлақты жүз түсті,

Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара- пила)

Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз. ( тоңазытқыш- холодильник)

Бір қораға қамалғандар,

Жаны үшін жаралғандар. ( сіріңке- спичка)

Кіп- кішкентай екі көзі,

Қалай көреді өзі ?

Қолы екен ұзын мұрын,

Сол мұрнымен

Тамақ тауып жүреді. ( піл- слон)

20 20 20
30 30 30
40 40 40

3. Қызықты жетілік.

1. ( 20) Қазақ билерін ата ?

2. (20) Үшбүрыштың неше қабырғасы бар ?

3. ( 20) Неміс фашистерімен соғысқан қазақтың батыр қыздары

1. Оң жақтағы 30. Құстарға қарап адамдар не ойлап тапты ?

2. Сол жақтағы 30. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды ?

3. Ортадағы 30. Тал басында тізіліп,

Жиырма жапырақ тұр еді,

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті екеуі,

Ізінше оның үзіліп,

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі ілініп,

Жапырақтың нешеуі ?

1. Оң жақтағы 40. Екі қыз екі сағат теннис ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат теннис ойнады ?

2. Сол жақтағы 40. ҚР-сының Елтаңбасының авторлары кімдер ?

3. Ортадағы 40. Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп:

—Мына бөшкенің ішінде не бар ?- деп сұрады.

Немересі үңіліп қарап:- Еш нәрсе жоқ,- деді.

—Жоқ, балам, мұнда бәрімізге керекті зат бар.

Атасы нені жұмбақтап тұр ?

4. Жорға.

1. Роза Рымбаева кім ?

2. Ең үлкен үш таңбалы сан ?

3. Ұя салмайтын құс ?

4. 56-ның 8-ге бөліндісі ?

5. Бұлттың қандай түрлері бар ?

6. 9- дың 5-ке көбейтіндісі ?

7. Құстар қалай көбейеді ?

8. Халықаралық ғарыш айлағы ?

9. Абай қай жерде туып өсті ?

10. Қазақстан Әнұранының авторларын ата ?

11. Күріш қай қалада өндіріледі ?

12. 12-нің 4-ке бөліндісі ?

13. 6-ның 8-ге көбейтіндісі ?

14. Абу-Насыр әл Фараби қай қалада туды ?

15. Дене неден тұрады ?

7. Қорытынды.

Сынып көшбасшысын анықтап, марапаттау.

Ән: « Мектебім». Гүлсезім.

Әрбір адам-туыс, бауыр, жұрағат,

Әрбір сабақ – өнер, білім, ұлағат деп осымен сабағымыз аяқталды.

Қазақ тілі.

Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.

Мақсаты: 1. Тұрлаусыз мүшелермен таныстыру. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя білу.Олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйрету.Сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтау.

2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету және сауатты жазуға дамыту

3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулып,жаман қасиеттерден аулақ болуға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Қолданылатын стратегиясы: ой қозғау, сөздік қорын молайту, сұрақ қоя білу.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойды тұжырымдау, негізгі идеяны суреттеу, тірек- сызба.

Көрнекілігі: гүлдің күлтелері, тірек-сызба, кестелер, үлестірмелі карточка, вени диограммасы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеті:

Мақсатымыз—білім алу

Міндетіміз—еңбек ету

Еңбектену арқылы

«5- «ке қолды жеткізу.

2.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

Бес гүлдің күлтелеріндегі тапсырманы орындау.

1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не ?

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.

2.Бастауыш дегеніміз не?

Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз.

3.Мына сөйлемнен баяндауышты тап?

Асқар оқыды

4.Мына сөйлемнен бастауышты тап?

Маржан жазды.

5.Бастауыш пен баяндауыштың арасына неге сызықша қойылған?

Әсел—биші.

Бастауыш пен баяндауыш зат есімнен жасалса сызықша қойылады.

6. Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірек—сызба арқылы түсіндіріледі.

Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы Тұрлаусыз

1. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

2. Тұрлаулы мүше дегеніміз не? Мысал келтір.

Күн жады, тақырып жазылып, сөйлемдер ілінеді.

Айдос ауылдан келді.

Малшылар жайлауға көшті.

Сәния ерте тұрды.

Бастауыш пен баяндауышты тапқызу.

Сұрақ қоя отырып, басқа мүшелерді тапқызу.

Ереже. Тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем жасай алмайды. Тек көмекші қызмет атқарады.

Ережені хормен 2-3 рет айтқызып, 4-5 оқушыдан сұрау.

4. Кітап бойынша жаттығулар жазу.

Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу тақтаға орындалады. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Дәурен ауылдан келді. Мұғалім сабақты түсіндірді.Талғат ұзақ сөйледі. Айнұр гүлді суарды.

2-жаттығуды ауызша орындау.

1.Азат (нені?) қораны тазалады.

2.Оқушылар (неге?) концертке қатысты.

3.Қайсар (қандай?) велосипед сатып алды.

4.Әлия (немен?) қарындашпен сурет салды.

3-жаттығуда кімнің? Ненің? Деген сұрақтарға жауап беретін тұрлаусыз мүшелерді теріп жазу.

Қайланың, қаламның, дананың, бабаның.

4-жаттығуда қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

Жарыс, жарысқа, жарыста, жарыстың жарыстан.

5. Бұрын болған .оқушыларға үлестірмелі карточка беру. Қосымша тапсырма.

6. Сабақты қорытындылау

Вени диограммасы..

тұрлаулы тұрлаусыз

7. Оқушыларды бағалау.

8. Үйге тапсырма.

Үйден 5-жаттығу, ереже. 79-бет.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s