Сәндік қолданбалы өнер. Аяққап салу өнері.


Жамбыл облысы Шу қаласы

Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Айдарова Жанат Махамбетовна

3 сынып

Сабақтың тақырыбы:Сәндік қолданбалы өнер.Аяққап салу өнері.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру.

2.Жас жеткіншіктердің ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.

3.Оқушыларды суреткерлікке, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.

Түрі: кіріктірілген сабақ.

Әдісі: зерттеу, баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі: сәндік бұйымдар, аяқ қап.

Пәнаралық байланыс: технология, әдебиет.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын, қажетті құрал-жаблықтарының толықтығын түгендеу;

2.Оқушының ынтасын жаңа сабаққа аудару;

а)Оқушылардың жаңа абақтың материалын игерулеріне дайындығын байқау; (мақал мәтел, жұмбақ, өнер туралы)

Қазіргі заманғы сәндік өнері.

Қазақ халқының аса құнды сәндік, көркемдік мұралары – талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы. Ол халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерлі оқып үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді қазіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады.

Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол – әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер. Оны бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де түсініп, бағалайды. Халық өнерінде графикалық, сәндік өнердің сызықтық, түстік шешімдері және бейнелеудің жазықтықта

орналасудың орынды мысалдары көрініс тапқан.

Қазақтың халықтық қолөнер шеберлері, әрбір қазақ қызы мен әйелі өзінің тұрған үйін, яғни киіз үйді безендіре білген. Олардың шебер қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді.

Әртүрлі стильдегі өрнек түрлері.

Үй жиhаздарына пайдаланылатын өрнек үлгілері, қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника – апликация бүгінде кеңінен пайдаланылады. Қазақ халық өнерінде өрнекті фигураларды (аппликация) киізден, матадан, теріден ойып алатын болған. Ал қазіргі бұл өнер коллаж жұмыстарында пайдаланылады.

III. Жаңа сабақ.

Тақырыпты тірек – сызба көрнекілігі арқылы түсіндіру.

Сәндік қолданбалы өнер түрлері.

Керамика – фарфор, фаянс, майолика.

Әйнек – ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері.

Көркем оймыш – ағаш, тас, сүйек, пластмасса.

Металдан жасалған көркемдік бұйымдар (зергерлік бұйымдар)

Жиhаздар, текстиль (сәндік маталар, кілемдер)

IV.Ағымдағы нұсқаулық.

Сәндік қолданбалы өнер түрлері аяқ қап түрлерімен таныстыру. Басты түрлері: киіз басу, кілем тоқу, зергерлік өнері, былғары өңдеу өнері.

V.Сарамандық жұмыс.

Аяқ қапты бейнелеу

VI.Сабақты бекіту.

Жаңа сабақ бойынша өте жақсы орындаған жұмыстарды бағалау.

Үйге тапсырма :

«Менің ауылым», «Наурыз» тақырыбына материалдан коллаж түрінде жұмыс жасап келу.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s