Редактормен кездесу


Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебі КММ мекемесінде 2014 жылдың 21 қараша айында 45minut.kz Республикалық Ұстаздар басылымы редакторы Ізгілік Нагиевпен кездесу болды.

Кездесу барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің халқымызға жолдаған» Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты жолдауын талқылады.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтанышта, гулденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.

Отанды сүю, Отанды қадірлеу әр-бір қазақ азаматының борышы. Біз ұстаздардың борышы келешек жастарына Отанды сүюге, бабаларымыздың мирас еткен «Отан» атты ұлы мұраны қәдірлеуге,көз қарашығындай сақтауға тәрбиелеу. Мектепте алған білімдерін келешекте Отанымызды дамыту жолында дұрыс қолдана алуға дағдылау. Егер Мәңгілік Еліміздің дамуына шәкірттеріміз өз үлестерін қосып жатса біз үшін еңбегіміздің жағаны және қадірлегені болып есептеледі. Біздің мектебіміздің ұстаздары Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған құндылықтарымызды дамытып,келешек ұрпаққа аманат етілген күйінде жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің Мәңгілік Ел идеясы Қазақ Елінің Нұрлы келешегіне Нұрлы жол ашты», кездесуде алғашқы сөзге шыққан мектеп директоры Мусаева Г. Б. осындай қанатты сөздермен бастады және Елбасымыз өз жолдауын не себептен 50 кун бұрын оқып есіттіргенін түсіндіріп өтті.

Келесі сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Смагулова Г.Д.

«Тәлім-тәрбие саласында бізді алда үлкен де жауапты жұмыстар күтіп тұр. Бізге сеніп тапсырылған келешек тәрбиесін жаһандық сынынан аман-есен сүрінбей алып өтуіміз қажет. Ол үшін біздің бір-бірімізге сеніміміз мықты болуы керек. Бірлік бар жерде тірлік те болады.» деген сөздермен ұстаздарды өміршең болуға шақырды.

«Елбасымыздың ұстаздар алдына қойған талаптарын мүлтіксіз орындау үшін әрқашан рухани дайын болу керек.» — деп мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джартыбаева Р. Б пікірін білдірді.

Талқылаудан кейін Ізгілік Нагиев сабақтарға қатысып оқушылармен Жолдауды талқылаудың куәсі болды. Сабақ соңында оқушылар бір-бірлеріне және ұстаздарына Нұрлы келешекке деген жылы лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында мектеп ішін аралап, ұстаздармен бірге естелік суреттерге тусті.

20141120_111929

 Мақала авторы: Гурленбаева Жумабике Ражабовна
Республикалық 45minut.kz басылымының Қарағанды облысы бойынша ресми тілшісі.
 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s