Молдабаева Ақмарал Рашидовна


Семей қаласы, №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Молдабаева Ақмарал Рашидовна.

Ашық сабақ. О дыбысы мен әрпі.

Ашық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бағдарлама тараулары: Сауат ашу.

Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: О дыбысымен, әрпімен таныстыру.

Міндеттері: Б.М: О әрпімен таныстыру: айтылу ерекшелігіне қарай о дыбысының дауысты дыбыс екенін, жуан естілетінін өздеріне анықтату: Д.М: түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; өтілген әріптерді қосып оқуға үйрету.

Т.М: Ой өрістерін дамыта отырып байқағыштыққа тәрбиелеу. Ұғымталдыққа, еңбекті сүюге, әсемдікке, әртүрлі тапсырмалар арқылы қимылдауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: Суреттер, үн таспа, әріптер, тапсырма карточкалары, қобдиша, от шашуы, доп, күріш, сиқырлы дорба, айна.

Әдіс-тәсілі: талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту, ойын технологиясы.

Сөздік жұмыс: тон-шуба.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушы:

1. Балаларды оқу іс-әрекетке ұйымдастыру. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін бізге ұйымдастырылған оқу іс әрекеткетке қонақ апайлар келіп отыр. Бір бірімізге қарайықшы, қандай әдемі болып отырсыңдар. Жақсы, қонақ апайларға бір тоқсанда қандай білім алғанымызды көрсетейік.

Аяжан: Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел, бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.

2.Шаттық шеңбер:

Сиқырлы айнадан

Өзімді көрейін.

Бақыттан жайнаған

Көзімді көремін.

Балалар оқу-іс әрекетке жинақталуы.

Сәлеметсіз бе?

Балалар орындарынан тұрып апайлармен амандасады. Қолдарын шеңбер бағытында қозғайды

Балалар айналарын алып айнаға қарайды, күлімсірейді.

Балалар осы көңілмен оқу әс ірекетімізді жалғастырайық.

3.Күтпеген жағдай.

/Ғарыш әуені ойналады/

Балалар ненің дыбысы? Мынау не?

Дұрыс айтасыңдар, ғарыш кемесі/. Осы сәтте макеттің аузы ашылып прожектор жанады да, ғарыш дыбысы естіледі. Кемеден ғарыш ханшайымы шығады.

Ғарыш ханшайымы: Сәлем балалар!

Здраствуйте!

Hello!

Керемет, балақайлар үш тілде сәлемдесу біледі екенсіңдер.

Жақсы балалар.

Мен ғарыш ханшайымымын, сендердің оқу іс әрекеттерінді жүргізбей тастаймын.

Ғарыш ханшайымы біздің топқа келіп қоқанлоққы көрсетесіз. Қараңыз мына балапандар қандай әдемі болып отыр. Бізге кедергі болмаңыз.

Жарайды, мен келісем егерде бір шартымды орындасаңдар. Сендерге арнайы ғаламшардан тапсырмалар дайындап алып келдім.

Келісесіңдер ме, балалар?

1.Планета: Сөйлем дегеніміз не?

Мына сызба бойынша сөйлем құрайық.

. .

Өте жақсы балалар.

2. Планета: Сөз дегеніміз не?

Дид. ойын: «Сөз ойла» /тәрбиеші допты кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала сөз айтады/.

Аяжан

Буынға бөлейік

Тимур

3.Планета: Әріп дегеніміз не?

Өте жақсы.

4.Планета: Дыбыс дегеніміз не?

Дауысты,дауыссыз дыбыстардың қандай айырмашылығы бар?

Керемет, балалар.

Жұлдызша: Дид.ойын «Мынау ненің дыбысы?»

ЗЗЗ

ССС

РРР

Жақсы, керемет жауап.

Сергіту сәті: Ызыңдаған масалар

Кешке бізді мазалар, з з з

Масаға қақпаң құрайық

Қансорғышты қуайық.

Ханшайым барлық тапсырмаларынды орындадық енді бізге кедергі бол ма.

Жақсы, жауаптарын ұнады өте білімді балақайларсыңдар, сау болыңдар. Ал мынау қобдиша сендерге сыйлық, бірақ мен кеткен соң ашасыңдар.

Сауболыңдар балалар.

Балалар мына қобдишаны ашайық.

/Жаңа тақырып/ Балалар қараңдаршы мынау ненің суреті?

Тон сөзінің орышасы шуба. Қайталайық шубу. Балалар тон сөзін буынға бөлейік. Тон сөзі неше буынға бөлінеді. Қандай даусты дыбыс естіледі? Дұрыс О дыбысы.

Неге дауысты дыбыс?

Дид.ойын: «Орныныды тап»

Үш балаға үш дыбысты таратып беремін. Азиза Т әрпі,Алтынай О әрпі, Абылай Н әрпі.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: Азиза сен қандай дыбыссың?

Абылай сен ше?

Біздің алдымызда бей таныс, біз көрмеген әріп қалды? Ол балалар О әрпі.

О дыбысы қалай айтылады?

Ендеше қандай дыбыс?

Қандай текшемен белгіленеді?

Бүгін біз О дыбысымен, әрпімен танысамыз.

Тақта алдына шығып, әр дыбыс өз орындарына тұра қалады. Енді әріптерді жоғары көтеріңдер, қандай сөз шығады. Бәріміз бірге оқиық.

Жаңа тақырып:

Айнамызды қолға алып О дыбысын айтайық. Балалар О дыбсын айтқанда ерніміз дөңгеленіп кетеді. О әрпі дөңгелекке ұқсайды. Тағы неге ұқсайды?

Сергіту сәті;

Қол ұстасып, дөңгелеп

Тура қалдық екеуміз.

Өзімізде дөңгелек

Күнге ұқсайды екенбіз.

Кел оқиық:

Балалар, о әрпін өзіміз бұрыннан білетін әріптермен таныстырайық.

О әрпі Т әрпімен дос болғысы келеді. ПО, РО, ЛО, ШО т.б

Ал балалар О дыбысын қандай үйге орналастырамыз. Неге ?

Дәптермен жұмыс. Дәптерге қарайық қандай суреттер берілген. Торғай сөзінде О әрпі сөздің басында жазылады екен, ал ою деген сөзде сөздің басында, ожау десек те сөздің басында кездеседі екен. Ожау сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

О қандай дыбыс?

Неге?

Қандай текшемен белгілейміз?

Ж жыбысы біз өткен жоқпыз, бірақ қалай айтылады?

А дыбысы ше?

У дыбысы ше?

Неге?

Жазуды жазбас бұрын барлықтарын маған қараңдар О әрпін қалай жазамыз.

Саусақ жаттығуы.

Күрішпен О әрпін жаздырту.

Балалар енді дәптерге жазайық, ол үшін мені мұқият тыңдап алыңдар. Бас әріпті жазамыз. Тұра ортасына нүкте қойып солдан оңға қарай дөңгелетіп жоғары қарай, одан төмен түсіреміз. Кіші әріпті де дәл осы бағытта орындаймыз.

Жақсы балалар.

Ғарыш кемесі.

Балалар таңғалып қаайды.

Сәлеметсіз бе.

Здраствуйте.

Hi.

Сіз кім боласыз? /Диас/

Келісеміз

Ойымызды тиянақтап айтсақ ол сөйлем. Сөйлем бас әріптен басталып, соңында нүкте қойылады.

Менің атым Арайлым.

Сөз әріптерден тұрады. Сөз буынға бөлінеді.

Тақта

Алма

Ал/ма

сабын

са/бын

Әріп дегеніміз дыбыстың таңбалануы.

Әріпті жазамыз.оқимыз.

Дыбысты айтамыз, естиміз. Дыбыстар екіге бөлінеді дауысты, дауыссыз болып.

Дауысты дыбыстарды еш кедергісіз, созып, әндетіп айтамыз. Қызыл текшемен белгілейміз.

Дауыссыз дыбыстар кедергімен айтылады. Көк текшемен белгілейміз.

Масаның

Жыланның

Иттің

Қимылмен көрсетеді.

Сау болыңыз.

тонның

Бір буын,бір дауысты дыбыс

Оо

Өйткені, ол дыбыс созылып айтылады

Мен Т дыбысымын

Мен Н дыбысымын

О

Созылып,әндетіп.

Дауысты.

Қызылмен.

Тон.

Айнаға қарап айтады

Күнге, шеңберге, допқа, бауырсаққа ұқсайды.

Қимылмен көрсетеді

От тб

Қызыл үйге орналастырамыз.Өйткені ол әнші дыбыс.

Дауысы

Өйткені созылып айтылады

Қызыл.

Күрішпен о әрпін жазады.

Созылмайды.

Дауысты

Дауыссыз

Өйткені алдында тұрған дыбыс дауысты болса у дыбысы дауыссыз болады.

Мұқият тыңдайды.

Рефлексивті-корригиялық: Балалар жаңа сабақ сендерге ұнады ма? Қандай дыбыс пен әріп өттік? Қандай дыбыс? Қандай сөздермен таныстық. Бір сөйлем құрайықшы .Балалар харыш ханшайымы электрондық поштадан сендерге не жібергенің көрейік.

Видеоны қосу.

Отшашуын шашамыз.

Балалар сендерге көп рахмет Барлықтарын сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Балаларды мадақтау

Жаңа сабақ ұнады,О дыбысымен таныстық, ол дауысты дыбыс.

Апам әдемі ою ойды.

Торғай,ожау,ою,тон.

Балалар қуанады.

Болжамды нәтиже:

Білу керек: Сөйлем, сөз, әріп, дыбыс дегеніміз не? Сөздерді буынға бөлу Қалыптасқан әдет: Сөйлеу, берілген тапсырмаларды тиянақты орындау, сұрақтарға жауап беру. Істей біледі: О дыбысы мен әрпін, қандай сөздерде кездеседі. Жаза алады.

ШҚО Семей қаласы бойынша ерікті тілші Жакенова Ж.А.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s