Молдабаева Ақмарал Рашидовна


«№38 жалпы орта білім беретінмектеп-лицей» КММ. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Молдабаева Ақмарал Рашидовна.

Сабақ барысында ойын арқылы балалардың білімін жетілдіру.

Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақша мен мектептің міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асуы-алдымен тәрбие ісіне, оның дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты болса, екінші жағынан, жүргізілетін тәлім тірбие ісінің мазмұнына және оны баланың қабылдап меңгеруі мүмкіндігімен қажетін өтеудегі үйлесімділігі шарттас.

Ойын-бала өміріндегң тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс әрекетке көшіп нақты қарым-қатынас барысында біледі.

Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады.

Баланың таным түсінігі, іс-әрекетке ойыннан басталады, оның негізгі болашақ өмірінде жалғасын табады. Бала өмірі ойынға байланысты. Ойынсыз олар өніп өркендей алмайды. Бұл заманның шындығы, өмірдің заңдылығы.

Ойын-оқу, ойын-еңбек, ойын-іс-әрекеттермен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұны жағынан толынып, дамып, дәстүрлі жалғасып келеді.

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы, сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның өзіне тән мотивтер болады. Мазмұндық, рольдік, баланың зейінін, есі, ойлануын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойындарда белгілі бір ережелері, шарты, мақсаты, әдіс-тәсілі, керекті құрал-жабдықтары болады.

«Ойын ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойыннан озған өмірден де озады» — деген халық даналарының аталы сөздің сырына жүгінсек, кез келген баланың ойындағы деген құлқы, қарым-қатынасы, өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.

Ойын дұрыс ойнау, ол баланың қабілеттілігі, ал оны орындай алмаған балаға мұғалім көрсетіп үйрету және оны бала үйреніп орындауы, ол баланың еңбегі. Аса ойшылдардың айтуы бойынша «Адамды адам еткен-еңбек» дегендей, еңбек үстінде баланың көптеген техникалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді. Ойын балалар үшін өте күрделі әрекет. Ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойын өте тиімді тәсіл екенімізге күмәніміз жоқ.

6-12 жас аралығында оқу әрекетінің жеңілдетудің бір құралы «ойын» делінген. Мектепалды даярлық сыныбына арналған қосымша ойын бөлмесі болу керек. Бұл бөлмеде балаларға арналған ойыншықтардың түрі, ойлау қабілеттерін дамытуға әртүрлі конструкторлар болады. Алты жасар баланың ойынға деген қызығушылығы мол. Сондықтан, сабақ арасындағы үзілістерде, айналамен танысу сабақтары осы бөлмеде өту қажет.

Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденпаздық, тапқарлық әрекеті байқалады, түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндігідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.

Ойын — өте тиімді тәсіл. Ойын оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады және оқуға белсенділігі артады. Мектепалды даярлық сыныбынан бастап оқушылар үшін жаңа әлеуметтік орта ал, оқушы болу үшін жаңа әлеуметтік рөл.

Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алатынына, психологиялық әрекеттері қалыптасатынына, яғни ойын арқылы бала бойына білім нақты ұялайтынына көзіміз жетті.

ШҚО Семей қаласы бойынша ерікті тілші Жакенова Ж.А.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s