Молдабаева Ақмарал Рашидовна


«№ 38 жалпы орта білім беретін-мектеп лицей» КММ. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Молдабаева Ақмарал Рашидовна.

Ертеңгілік «Жолың болсын, балдырған!»

Жолың болсын,балдырған!

Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бір жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер

Жеті жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне, бойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Түлектерді қарсы алыңыздар

Мирас

Даярлық топ бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық

Дильназ

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше

Даярлықпен коштасатын

Бүгінгі той ерекші.

Диас:

Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз

Құантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз

Дильнара

Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз

Би.Полька

Жандос

Бүгін қызық, бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Әнге салып би билеп

Жалғастырсын ойды-ой

(Ойыншық болып киінген балалар ортаға шығады.)

Мысық: Мен-ойыншық мысықпын, Аяжан

Мейірлімін,пысықпын,

Мектепте мені ойлаңдар

Мысық,тышқан ойнаңдар.

Күшік: Көзі шамдай күшікпін, Дидар

Көп ойынға түсіппін,

Сендермен енді қоштасам,

Бөбектермен достасам

Ат: Аттарыңмын сәйгүлік, Диас

Көрген жоқпын жай жүріп,

Сендерге жігер қосқанмын,

Сау болыңдар,достарым.

Машина: Машинамын-көлікпін, Әли

Мамандарға көнікпін,

Үренген сон білімді,

Білесіңдер «тілімді».

Зымыран: Ракетамын – самғаймын, Бекнұр

Мен сендерден қалмаймын,

Менімен кім достасса,

Сол ұшады космосқа.

Дильнара:

Ойнағамбыз сендермен,

Ой алғанбыз сендерден,

Ризамыз сол үшін,

Сыйлаймыз сендерді бөбекке.

(Әуенмен ортаға әліппе шығады.)

Сәлем гүлдей балғындар,

Бақшадан тәлім алдыңдар,

Ер жеткен достар ақылды,

Енді мектеп шақырды,

Үлгеріңдер әр іске,

Үйретемін әріпке,

Үйретемін білімге,

Қәне, қалмай біріңде,

Мектеп жаққа жүріңдер.

(Барлық бала орындарынан тұрып)

Әліппені сүйеміз,

Әдеппен бас иеміз.

Тәрбиеші:Оқуға ,ойға жан құмар,

Оқысын сені балғындар,

Қанықсын әрбір сөзіне,

Қамқоршы болғың өзіңде.

Әліппе:Әріптен ғылым басталған,

Оқуды менмін бастаған,

Ұстазың кімдер тыңдаса,

Ұқыппен,оқып,тыңбаса

Класта қалмай өтеді,-

Мақсатына жетеді.

Барлық балалар:

Мектепті жақсы оқимыз,

Ойға білім тоқимыз.

Тәрбиеші: Балалар әліппе сендер мектепке дайын ба екенін тексеру үшін, ойын дайындап алып келді. Ойынның аты «Мектепке кім тез жиналады?»

Би.Балдаурен

Аяжан

Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Даярлықпен қоштасып

Біз мектепке барамыз

Ән Біз мектепке барамыз

Азамат

Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана

Наргиз:

Даярлық, қош енді

Әр кез аман бол деймін

Әкем менен шешемді

Ертіп енді келмеймін

Ерасыл Қ:

Тәрбие берген ұяыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлықпен

Біріншіге барамыз

Гүлзейнеп

Мектепке ертең барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз

Қашық та болмас арамыз

Сіздерге келіп тұрамыз

Ерназар:

Қош, балалар, сәт сапар,

Бақытты бәрің болыңдар

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алыңдар

Аянат:

Бірге ойнап, бірге жүрген

Күндерімізді қимаймыз

Естелік болсын біздерден

Кітап сыйлаймыз

Ән: «Туған ел»

Қызметкерлерге арналған тақпақтар

Ерболат:

Баулып, баптап өсірдіңіз

Бұзықтық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ұмытпаймыз өзіңізді

Бекнұр:

Орын берген бақшадан

Меңгеруші апай жақсы адам

Соңдықтан да біз үшін

Артықсыз өзіңіз басқадан

Ерасыл:

Витамин жеп қолынан

Өскен сәби баламыз

Дәрігер апай сізге де

Алғыс айтып барамыз

Диляра:

Тамылжыта ән салдырып үйреткен

Мың бұралта белімізді билеткен

Тәрбиеші сіздерге де алғыз айтамыз

Мын қайтара сәби бала жүреткен

Адияр

Даярлық топ, бесігім

Қайсысын айта берейін

Қабыл алшы гүлімді

Сіздерге сыйлап кетейін

Әбілмансұр:

Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы ағылшын сабақты

Кілең бестік аламыз

Әли:

Армандарды аңсаған,

Оқығанда тамсанам,

Тексеру үшін білімді,

Олимпиада дайындап

Біздер үшін жан салған

Әдіскер біздің жақсы адам .

Тәрбиеші: Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекще қызық тілдерің

Естен кетпес үндерін

2-ші Жүр: Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқындар

Ойға білім тоқындар

Ән: Ұстазым

Сәт сапар

Меңгеруші сөзі

ШҚО Семей қаласы бойынша ерікті тілші Жакенова Ж.А.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s