Молдабаева Ақмарал Рашидовна.


«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Молдабаева Ақмарал Рашидовна.

Ашық тәрбие сағаты: «Бірлігіміз жарасқан»

Құрметті ұстазда, ата аналар, оқушылар, сіздерді 1 мамыр дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін тау күнімен құтықтаймын. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз.

Отан мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан,

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ!

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» демекші, Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік, армян, әзірбайжан, украйын, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде.

Хормен:Біз олармен татумыз, доспыз.

1.Күй нөсерін төгейік

Жырдан монщақ өрейік

Уа, жамағат, ал енді

Әнге кезек берейік.

Ән: Әрқашан күн сөнбесін.

2.Біз тілейміз бар бөбекке,

Бақытты өмір сүргенің

Туған еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін,

Сусынымыз қанады,

Өнер білім нәрімен

Әлемдегі баланың

Дос боламыз бәрімен.

3.Көк майсасы үлпілдеп,

Бұлқтары бүлкілдеп,

Мамыр келді тұр «әже»

Мен сияқты күн «күл» деп.

4.Нұрға бөлеп даланы,

Жырға бөлеп қаланы,

Мамыр келіп сипады,

Кекілімнен самалы.

5.Көгі бітік егінің,

Көркі, сәні жерімнің,

Мамыр-ырыс береке,

Мерекесі күлкінің.

Би: Цыған(қыздардың орындауында)

6.Ажарланды бар аймақ ,

Тасығандай береке,

Мамыр келді арайлап,

Құтты болсын мереке!

7.Сәулесі мен жарқынын,

Төксін ләйім күн нұры,

Қазақстан халқының

Арта берсін бірлігі.

8.Білгің келсе біздің жайды,содан ғана тек сұра,

Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана,

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.

Би «Қара жорға»(ұлдардың орындауында)

9.Ақ, қара деп бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз, татумыз,

Биіктерге өрлейміз.

10. Сары, ақпыз, қарамыз.

Бәрімізде баламыз,

Бір қалада тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз».

11.Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан,

Тілейміз бейбіт күн,

Ашық болсын кеңаспан.

12.Алып аспан күркіреп,

Ақ жауыннан сіркіреп

Мамыр келді алдымнан

Гүлдер келді дүркіреп.

Би: Моряктар(ұлдардың орындауында)

13.Дос,бауыр көп.

Тосқауыл жоқ,

Айқара ашық есігің.

14.Тілегі бір, жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз,

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз.

15.Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр, сарымыз,

Қара жермен, көк аспан,

Ортақ дала, тауымыз,

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз,

Достық туған анамыз,

Жердің ұлы,қызымыз.

16.Жүз жеті ұлттың өкілі,

Жүзгеде бөлмей бауыр қып,

Қазақстан халқының

Арта берсін бірлігі.

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп, көп рахмет.

«Ән ұран» айтылады.

ШҚО Семей қаласы бойынша ерікті тілші Жакенова Ж.А.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s