Молдабаева Ақмарал Рашидовна


Семей қаласы, №38жалпы орта білім беретін мектеп-лицей.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Молдабаева Ақмарал Рашидовна.

Ашық сабақ.Бауырсақтың саяхаты.

Ашық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Таным, қатынас, әлеуметтік орта, шығармашылық, денсаулық.

Бағдарлама тараулары: кіріктірілген қорытынды сабақ (көркем әдебиет, тіл дамыту, мүсіндеу, құрастыру, қарапайым математикалық ұғым, сауат ашу)

Тақырыбы: Бауырсақтың саяхаты.

Мақсаты: Балалардың рөлдік ойын арқылы тілдерін, сөйлеу қабілеттерін,ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: Б.М: Сөздің дыбыстық мәдениетін сақтай отырып,анық таза сөйлеуге дағдыландыру.Үлестірмелі материалдарды пайдаланып, әуен тындата отырып ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.

Д.М: Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға, жауапты болуға.

Т.М: міндетті түрде қиын жағдайда дос болуға, көмек беруге тәрбиелеу. Ұғымталдыққа, еңбекті сүюге, әсемдікке, әртүрлі тапсырмалар арқылы қимылдауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: Суреттер, үн таспа, кейіпкерлердің атрибуттары, киімдері, күннің, теректердің, көбелектердің макеті, қамыр, үлестірмелі материалдар, себет.

Әдіс-тәсілі: талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту, ойын технологиясы, базарлы әдіс.

Сөздік жұмыс: қамыр-тесто.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушы:

1. Балаларды оқу іс-әрекетке ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін біздің сабағымыз ерекше өтпек.Себебі біз жыл көлемінде өткен білімімізді еске түсіріп,саяхатқа барамыз.

Үлкенге сіз,

Кішіге сіз,

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Балалар шаттық шеңбер неге ұқсайды?

2.Шаттық шеңбер:

Аудан қуат аламыз

Алақанға саламыз

Жерден нәр аламыз

Алақанға саламыз

Күннен шуақ аламыз

Алақанға саламыз

Жақсылықтың барлығын

Достарымызға шашамыз.

Балалар оқу-іс әрекетке жинақталуы.

Сәлеметсіз бе?

Балалар орындарынан тұрып апайлармен амандасады. Қолдарын шеңбер бағытында қозғайды

Шеңберге, күнге.

Аудан қуат аламыз

Алақанға саламыз

Жерден нәр аламыз

Алақанға саламыз

Күннен шуақ аламыз

Алақанға саламыз

Жақсылықтың барлығын

Достарымызға шашамыз. Қолдарын көтереді, аудан қуат алып алақпанға салады, жерден нәр алып, алақанға салады, күннен шуақ алады алақанға салады.

Іздену-ұйымдастырушылық: Міне, балалар сендер тату-тәтті дос екендерінді, бір- біріне жылу шашып дәлелдедіңдер.

3.Психологиялық дайындық.

Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларын келе ме?

Ендеше көзімізді жұмып ойша саяхатқа барайық.

Балалар,қане бәріміз көзімізді жұмайық. (Әуен ойналады) Орман. Айналамызда жап жасыл ағаштар, жайқалған әдемі гүлдер. Құстардың сайраған үні естіледі. Әдемі көбелектер ұшып жүр.көктемнің келбеті, қандай тамаша. Мөп- мөлдір таза бұлақ ағып жатыр. Мұнда ғажап ертегі кейіпкерлері бір -бірімен дос болып, тату тәтті өмір сүруде. Жақсы енді асықпай көзімізді ашайық. Балалар көздеріңді аша қойындар. Ертегілер еліне, орманға саяхат ұнады ма? Ұнаса мен сендерді орманға саяхатқа апарамын .

Жақсы ендеше жол жүру үшін бізге көлік керек. Ең қолайлы көлік ол арба. Мен сендерге арба дайындап қойдым.

Арба дегеніміз не?

Ал ат дегеніміз не?

Жақсы балалар ендеше жол жүрейік. Диас атқосшы болады.

Балалар шабарман ат қандай дыбыс шығарады?

\Құстың сайрағаның қосу……….

-Балалар міне орманға келіп қалдық. Ой қандай тамаша.

Қарандаршы балалар орманда не байқадыңдар?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ал көктемде неше ай бар?

Жақсы.

-Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады?

1.

(Осы сәтте бауырсақ кіреді)

Бауырсақ:

Апамнан қаштым, атамнан қаштым ля-ля-ля. Ой, мен қайда домалап келдім?

Сен бауырсақ мектепалды даярлық тобында тұрсын.

Ой, ой не дейсіз, мен адасып кеттім ғой.

Жылама бауырсақ.

Маған көмек көрсетіңдер

Көмектесейік пе, балалар?

2.

(Осы сәтте қоян келеді)

О, бауырсақ, иісі қандай, танауды жарады,дәмді шығар. Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Қоян сәлеметсің бе? Бауырсақ адасып қалыпты үйін тауып берші, сен бізден қарағанда орман жолдарын жақсы білесің ғой.

Жақсы, бірақ менің бір шартым бар, сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма?

Ендеше тыңдаңдар:

1.Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады

2.Тырс-тырс тамады

Сайға қарай ағады

Балалар, біз қоянның тапсырмасын орындадық, жол жүрейік, қоян кел біздің арбамызға отыр, жол көрсет.

Дк дгдк, дк дгдк

3.Осы кезде қасқыр шығады.

О,бауырсақ мен сені жеймін. Иісі қандай керемет.

Жемеші мен адасып жүрмін.

Қасқыр көмек бер, дос болайық.

Жарайды, бірақ біз жүретін жолымызда гүлдердің күлтелері шашылып жатыр. Оларды біз басып жүре алмаймыз. Сондықтан да, гүлдердің күлтелерін жинап орнына тағайық. Біз бауырсақ екеуіміз жинайық. Ал сенедер ше жинай аласыңдар ма? Қане көрейік.

Алдымыздағы бетті көлденең жатқызамыз.

Балалар ең бірінші солдан оңға қарай қызыл, жасыл, сары, тоқсары, көк түстерді қояйық

Жақсы, енді ары қарай жолға шығайық.

Қасқыр отыр жолды көрсет.

Дк дгдк, дк дгдк

4.Алдымыздан аю шығады.

О мынау кімдер, орманда не істеп жүрсіңдер? Массаған, бауырсақ қайдан жүрсін? Иісін, керемет, мен сені жеймін.

Жемеші мені. Мен адасып қалдым.

Ия, аю бауырсақ адасып біз оған көмектесіп жүрміз. Сенде бізбен дос бол, көмектес.

Жақсы, ендеше маған бәліш пісіріп беріңдер менің қарным ашты.

Жақсы, біз саған бәліш жасап береміз.

Балалар орнымыздан тұрып үстелге келіп,қолымызға бәліштің қамырын алайық. Қамыр неден жасалады, кім біледі?

Қамырды орыс тіліне аударсақ тесто.

Жақсы, ендеше алақанымыз бен таратылған беттін үстіне қамырды қоямыз. Асықпай алақанның ортасымен солдан онға қарай домалатамыз,енді жоғары төмен қозғалыспен қамырды сопақша қыламыз. Жақсы енді қамырымыз созылып таяқшаға ұқсады. Бір шетімен екінші шетін қосамыз. Міне, бәліш те шықты. Өте жақсы, Аюға ыдысына салып берейік, үйшігіне барған соң пісіріп алады. Жол жүрейік. Аю біздің арбамызға отыр.

5.Алдымыздан түлкі кезігеді. О, мынау кімдер? Бауырсақ қайда жол жүрдің? Мен сені жегім келіп тұр.

Жемеші, мен адасып қалыппын.

Ия бауырсақ адасып бізден көмек сұрап тұр. Біз барлығымыз қол ұшымызды берейік деп отырмыз. Сен де бізбен дос бол. Бізге

Бауырсақтың атасы мен апасының үйін көрсетіп жібер.

Жақсы, ендеше мен сендердің білімдерінді тексеріп көрейін. Мына менің қолымдағы сандарды ретімен салып жіберіңдер.

Ал, кім айтады 5 көршісі қандай сан? 3көршісі

Енді сандарды аударсаңдар қандай сөз шықты ?

Жақсы, балалар. Жол жүрейік.

Бауырсақтың үйі міне.

Апа мен ата алдымыздан шығады

Қайда болдың бауырсақ?

Мен адасып қалдым, маған мына балалар мен аңдар көмектесті, біз енді доспыз.

Сендерге көп көп рахмет.

Жақсы балалар біз оралайық.

Сау болыңдар.

Сау болыңдар.

Саяхатқа барғыларымыз келеді.

Көздерін жұмады

Қиялдау арқылы орманға саяхатқа барған ұнады.

-Ол көлік.

-Оның дөңгелектері болады.

-Ол ағаштан жасалады.

-Оны атқа жегеміз.

-Ат дегеніміз үй жануары,төрт түлік малға жатады.

Дк дгдк, дк дгдк,дк дгдк

құстар сайрап,гүлдер жайнап,көбелектер ұшып жүр.

Көктем

Үш

Наурыз, сәуір, мамыр

Қар ериді. Күн жылынады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Сай саладан су ағады.

Бауырсаққа көмектесейік

Жұмбақ шеше аламыз

Күн.

Жаңбыр

(Балалар өз орындықтарына барып орындайды)

Балалар күлтелерді орналастырады

Қамыр су,ұн,тұз

Балалар қайталайды

Тесто

Тәрбиешінің айтқаның орындайды

Балалар ретімен қойып шығады және тура кері санап береді

Математика

Арбаға отырады

Рефлексивті-корригиялық: Балалар біздің бүгінгі оқиғамыз бауырсақ ертегісімен қалай ерекшелінді? Сендерге сабақ ұнады ма? Ендеше сабағымызды «Дос болайық бәріміз» әнімен сомдайық.

Сабағымыз аяқталды.

Ертегіде бауырсақты жеп қояды

Болжамды нәтиже:

Білу керек: Жыл мезгілдерін,көктем айларын,бауырсақ ертегісін біледі, жұмбақты шеше алады, буындап оқи алады, тура, кері санай біледі. Қалыптасқан әдет: Сөйлеу,берілген тапсырмаларды тиянақты орындау, сұрақтарға жауап беру. Істей біледі: Ролдерде ойнап, тапсырманы орындауды біледі.

ШҚО Семей қаласы бойынша ерікті тілші Жакенова Ж.А.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s