2сынып Өзін-өзі тану. Көңіл күйімізді басқара біл ейік
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті,Мектеп 87 Мерзiм 26.09.2014ж.
№ 3-сабақ Сынып 2
Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ұстамдылық,сабырлылық,ризашылық
Мұғалiм: Досаманова С. Оқушылар саны
Сабақ мақсаты: Жақсы іс,жағымды әрекет,ізгі ниет,жылы сөз,жақсылық хабар қуаныштың адам өміріндегі маңызын түсінуге дұрыс әрекет құндылығы ретінде түсінік беру.
Міндеттері: - ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ; - ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАЙ БІЛУ ІСКЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ; - ҰСТАМДЫЛЫҚҚА,САБЫРЛЫЛЫҚҚА,РИЗАШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ. |
Ресурстар: үнтаспа,әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер. |
Сабақ барысы:
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» - Қандай сезімде болдыңдар?
«Қуаныш» өлеңді оқып келу. - Өлеңде адамның қандай көңіл-күйі сөз болды? - Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер? |
Сабақ барысын талқылау: |
Ш.Смаханұлының «Өмір деген жарыста, Шаттанғын,дос,қалыспа!»деген нақыл сөзін жазу,мағынасын ашу.Дәйексөзді дәптерге жазу. |
|
Жас Фараби Аңыз Қ.Сапарбаев Әбунасыр әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым болған. Ол ежелгі Фараб қаласын- да туып өскен. Әбунасыр араб, түрік, еврей, грек, т.б. тілдерді жетік білген. Бірде оқытушы оған: -Шәкіртім, қашан көрсем де ақ жарқын жүресің, — деді. -Мен көңілді жүруге әдейі дағдыланамын. Өйткені «Көңіл күйдің жақсылығы – жақсы денсаулық пен жемісті еңбектің кепілі» деген ұстазым – Қорқыт бабам, — деді Әбунасыр. Сұрақтар қойылады. - Оқушылардың жағымды көңіл –күй, ұстамды болу және әр-түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі туралы ойларын тыңдау, өміріндегі мәнін түсіну туралы сұрақтар қойылады. |
|
|
|
«Кел,балалар күлейік» атты Ө.Тұрманжановтың өлең шумақтарын әуенге қосып айту. Күлкіменен түлейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Күлкімізді күн қылып, Көңілдібоп жүрейік. Гүл өссін деп тілейік. Күлкіменен түлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік. |
|
«Тиін мен қасқыр» Л.Н:Толстой |
|
Жақсы көңіл-күй адамдарды достыққа,сыйластыққа,жақсылыққа жетелейтінін ұғынып,сабақта үйренгенімізді жүрегімізге түйіп алайық. |