Өзін өзі тану пәнінен ашық сабақ «Қуаныш-жан шуағ ы»


Ақтау қаласы,Гимназия сыныптары бар № 20
Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Тұрсын Аманханқызы

Сабақ тақырыбы: Қуаныш -жан шуағы.

Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі қуанышты жағдайлар

туралытүсініктерін кеңейту.

Міндеттері: — Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

- Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- Мейірімділікке,ізгілікке,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Оқулық,үнтаспа,слайдтар,интерактивті тақта,

смайлик салынған бетшелер,шардың көмегімен

жасалған күн бейнесі.

Балалар сыныпқа «Айгөлек» әнімен кіреді.

Мұғалім:

- Балалар,мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Ой, тамаша!

Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл-күйін көтереді.Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі,оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесеміз.

Оқушылар 3 топқа бөлініп орындарына жайғасады.

1- Топ: «Күн» тобы.

2- Топ: «Гүл» тобы.

3- Топ: «Жүрек» тобы.

4-

Тыныштық сәті(Әуен ойнап тұрады):

Балалар бір сәт емін-еркін отырып нұр сәулесін бойымызға таратайық. Нұр көзіңіге келді.Көзіңіз тек қана жақсылық пен ашық аспанды көрсін. Нұр тіліңізге келді.Тіліңізден жақсы лебіздер мен тілектер ағылсын.Нұр сәулесі енді қолыңызға келді.Қолыңыз тек жақсы істер жасауға,кішіні сипауға жұмсалсын.Нұр сәулесі сіздің аяғыңызға келді.Аяғыңыз тек қана жақсылықтарға бастасын.

Сабақтың тақырыбының ашу мақсатында «Күн көзін бұлттан ашайық» ойыны ойналады.

Тақырыбымыз: «Қ у а н ы ш – ж а н ш у а ғ ы »

Мәтінмен жұмыс.

«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский.

Мәтін үнтаспадан тыңдалады.Балалардың пікірін білу үшін әр топқа сұрақтар қойылады.

Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

Сенің ойынша қарт балаға не айтуы мүмкін?

Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді.

-Балалар,дұрыс айтасыңдар! Бала жылап тұрғандықтан айналадағы табиғат сұлулығына да көңіл аударған жоқ.Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы,айналасының бәрі әсем де әдемі боп көрінді.Барлық адамдар,табиғат,айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді.Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты!Біз де көңілді,қуанышты,күлімдеп жүру үшін өзгелерге,айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Сергіту сәті.

Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Досыңа гүл сыйла» атты ойын ұйымдастырылады. Оқушылар досына гүл сыйлағаннан кейін «Қуаныш-өмір шаттығы» деген дәйек сөзбен танысады.

Мәтіннің дәйек сөзі «Қуаныш-өмір шаттығы».

Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» деген өлең шумақтарын балалар топқа бөлініп оқып, өз пікірлерін білдіреді.

Дәптермен жұмыс

(Дәйексөз дәптерге жазылады.)

«Қ у а н ы ш – ө м і р ш а т т ы ғ ы»

Топпен жұмыс

І «Есіңде қалған ең қуанышты сәтің…»

ІІ «Өзгелерді қуанту үшін не істер едің?»

ІІІ «Қуанышты хабар жолда!»

(Топпен жұмыс қорытындыланады.)

Сабақты қорыту

-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де,олардың да өмір жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.

Балаларға смайлик таратылып,әр топ өздерінің сабақ кезіндегі көңіл күйін осы смайлик арқылы білдіреді.

- Сабақ аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

Ашық сабақ.pptx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s