Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан о йлауын дамыту. (Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы » өлеңі)


СҚО Тайынша ауданы Чкалов селосы
№2 Чкалов орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Шауенова Алтын Балгановна

Тақырыбы:

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Мақсаты:Әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, … жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу.

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында топтық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлау модулін басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.

Реурстар (көрнекілік):слайд, постер,маркер,жұмыс жасауға қажетті тапсырмалар, тәжірибе алмасу мақсатында үлестірмелі материалдар т.б.

Барысы: Кріспе.

Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,

Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.

Қытай даналығы.

Ал, Сократ:

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — десе

Абай атамыз

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп айтқан екен. Сондықтан да озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз.

XXIғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сол себепті де біз баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырамыз.қазір сіздермен бөліскім келіп тұрғаным өз сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерімнің бірі:топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

1. Мен бүгінгі жұмысымызды алдымен біз бір-бірімізге жақсы тілектермен, шынайы ниеттермен бастағым келеді. (Бәрі қол ұстасып тұрып,бір-біріне тілек білдіреді.)

2.Топқа бөліп алу.

(Ауызша топқа бөлудің түрлерін айтып өту.)

Туған күн арқылы, түрлі түсті қағаздар арқылы, кесілгеноткрытка немес суреттер арқылы т.б.

Топпен жұмыстың артықшылықтары:

Ø Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады

Ø Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады

Ø Жұмысатмосферасынқалыптастыру

Ø Оқушылардыңтанымдықбелсенділігі мен шығармашылықпенжұмысістеуіартады

Ø Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады

Ø Өзіне сын көзбен қараушылықартады,құрбыларменжұмысістепүйренгеноқушыөзінің қабілетін дұрыс бағалай жәнежақсыбақылайалады

Ø Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді

Негізгі кезеңдері:

Топқа бөлу, Тапсырманы орындау ,Іс-әрекетінің нәтижесін көрсету .

3.Топ ережесін құрдыру. (Мұғалімдер шығарады.)

Өзара сыйластық.

Белсенділік.

Бір-бірін тыңдай білу.

Әр пікір құнды

Бірін-бірі қолдау т.б. «Ең бастысы есту және тыңдау.»

4.Критерий: Сыни тұрғыдан ойлауға арналған жұмыс түрі.

5.Әдіс-тәсілдері (дискриптрлері): Топтық жұмыс әдісін терең білу;

Тәжірибені шыңдау.

6.Миға шабуыл.

Сұрақ. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

Топтардың жауаптарын тыңдау.

Толықтыру:

«Сыни» сөзі гректің екі сөзінен:

«kritike» — талдау (талқылау) өнері және

«kriterion» — пайымдаудың құралы.

Сонымен, «сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз

«критерийлерге негізделген талдау өнері».

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.

Сыни тұрғыдан ойлаудын 5 сипаттамасы (Д. Клустер)

Біріншіден — бұл өзіндік және жеке ойлау

Екіншіден — бұл талдау, қорыту

Үшіншіден — бұл проблемалық және бағалаушы ойлау

Төртіншіден — бұл дәлелді ойлау.

Бесіншіден — бұл әлеуметтік ойлау

СЫНИ ТҰРЫДАН ОЙЛАУ

- жаңа, толық мағыналы сұрақтар қою қабілеттілігі;

- түрлідәлелдеріздестіріп, ұсынуы;

- еркінойластырылғаншешімдерқабылдайалуы.

Әрине бәрін бір сабақта қамтып, қарастырып өті мүмкін емес.Сонда мен сіздермен бірге осы 3 бағытты қамтып өткізген бір сабақ үлгісін сіздермен қарастырмақпын.(бөліспекпін)

Мұғалімдермен жұмыс жоспар бойынша.Ж.Молдағалиев. «Ар-ұят туралы.» өлеңі.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s