Бақытымның бастауысың-Жезқазған


Мысты шахардың 60 жылдық мерейтойына орай қаламыздағы №10 орта мектебінде «Бақытымның бастауысың Жезқазған» атты мерекелік ашық есік күніөтті. Бұл мерекелік іс-шара тарих беттерінен сыр шерткен, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ағамыздың келбетін бейнелеген тарихи қойылыммен басталды.

Осы қойылымнан кейін, әр сынып оқушылары өздерінің білімдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Соның ішінде 2 «А», 3 «Б» сыныптар арасында «Әнімнің арқауы — Жезқазған» атты «Екі жұлдыз» жобасы негізінде ән байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты- өнер көгінде жарқырай жанып, аққан жұлдыздай із тастап өткен дара тұлға Жақсыкелді Сейловтың әсем әндерін орындау болды.

Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді. Ендеше біздіңмектебімізде осындай ата-аналар мен оқушылар жетерлік.

Жақсыкелді Сейловтың «Ұлытау » әнімен көзге түскен қаламыздың көрме залында 25 жыл еңбек етіп, қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосқан жандардыңбірі Ашкенова Дина Қамалқызы және 2 «А» сынып оқушысы, сүйкімді немересі Балымбет Нұрайлым Ануарқызы көрермендер ықыласына бөленіп, «Әнші бұлбұл» номинациясына ие болды.

Осы іс-шардан кейін мектебіміздегі мәжіліс залында «Жезқазған шоу» бағдарламасымен салтанатты кешіміз жалғасын тапты. Бұл бағдарлама барысындаоқушылар туған қаласына арнаған өлең жолдарын, әндерін сыйға тартты. Мерекелік кешке келген қонақтар, білім дене шынықтыру және спорт бөлімініңтәрбие секторының меңгерушісі Ақыл Бекетова және №7 лицей мектебінің директоры Жұмажанова Нүрия апай өздірінің жылы лебіздерін мектеп ұжымына және оқушылар мен ата-аналарға білдірді. Осындай ата-аналармен бірігіп өткізетін іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

№10 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі:
Карина Қымбат

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s