Блоггер Ө.Кенжебек Талғат Бигельдинов туралы 17 факті жариялады


Блоггер Ө.Кенжебек Талғат Бигельдинов туралы 17 факті жариялады

Танымал блогер Өркен Кенжебек өзінің facebook парақшасында күні кеше өмірден өткен ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған қазақтың даңқты перзенті Талғат Бигельдинов туралы көпшілік біле бермейтін фактілер жариялады. «Қаншама жыл оқулықтан оқып, санамда батыр кейпімен қалған атам туралы естелікті құр туитпен тастағым келмейді. Бигелдиновтай батырлар енді болмайды. Себебі, соғыстың тәсілі басқа, заман басқа» деп жазады Ө.Кенжебек.

Назарларыңызға осы аталған фактілерді ұсынуды жөн көрдік…

1. Талғат Бигелдинов көш кезінде түйеге тіркелген үлкен екі доңғалақты арбада дүниеге келген.
2. Бішкекте жүргенде өгей шешесі дұрыс қарамай, ашқұрсақ қалып, амал жоқ таудан кесіртке, жылан аулап жүрек жалғаған кезі болған.
3. Бала күнінде үйде бие мен сиырды бағып, оны кейін сауатын Талғат болған…
4. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған жалғыз қазақ.
5. Авиация генерал-майоры
6. Екінші дүниежүзілік соғыста ИЛ-2 ұшағымен 305 рет әскери шабуылға шыққан. Егер 330 рет шабуылға шыққанда, үшінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілер еді..
7. Фашистер Бигелдиновтың ұшағына «Қара өлім» деген лақап ат берген. Ал әріптестері оны «Қазақтың қыраны» деп еркелеткен. Айтпақшы, оның ұшағының нөмірі 13 болған.
8. Майдан командирі Иван Конев оны «Бақырауық» (Крикун) деп еркелеткен. Себебі, Бигелдиновтың негізгі міндеті барлаушылық еді. Содан оның радиостансасы қуатты. Ол сөйлегенде басқа радиостанса тоқтап қалады екен.
9. Ұшақпен аспанға көтерілген сайын әжесі үйреткен «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләәһил ъалийл ъазиим. Машаа алллаһу кәәна уә мәә ләм яша’ ләм укян. Әл-имәәну иқрарун бил-лисаани уә тасдииқун бил қалби, би мәә жәә-а биһи мин ъиндилләәһи. Мухаммадун расулуллаһ саллаллааһу әлайһи уә салам» дұғасын оқыған.

10. Соғыс кезінде барлығы 500 сағаттай аспанда ұшып, жеке өзі жаудың 7 ұшағын атып түсірген.
11. Бір өзі алғашқы 10 ұшу жорығында-ақ, дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды
12. Соғыс кезінде Харковьтің түбінде оның ұшағы отқа оранады, парашютпен жау территорисына секіреді. Үш сағаттай алқымына дейін батпақта тығылып тұруына тура келеді. Ақыры ұрыс даласын кесіп өтіп, Донның суық суына қойып кетіп, жараланған сол қолына қарамастан жүзіп өтіп, майдандастарына қосылады. Бұдан бөлек соғыста ұшағы тағы екі рет жанып, онда да аман қалады.
13. Соғыстан кейін реактивті ұшақтарды сынаумен айналысты. Бір жолы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, 6 ай бойы ауруханада жатты. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, қайтадан өмірге араласып кетті.

14. Соғыстан кейін азаматтық авиацияның дамуына үлесін қосты. Мысалы, Алматы әуежайын қайта салдырды. Оған дейін Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке, сосын бірнеше сағат күтіп барып ИЛ-18 ұшағына мінетін. Қайтарда тағы солай.
15. Бигелдиновтың басшылығымен Балқаш, Ақмола, Павлодар, Атырау, Орал, Арқалық, Қызылорда, Тараз, Қарағанды және т.б. қалалардың аэродромдары салынған.
16. Бигелдиновтың басшылығымен Лисаков кен байыту комбинаты, Жамбыл суперфосфат комбинаты, Алматыдағы Республика сарайы, республикалық кітапхана ғимараты, цирк ғимараты салынған. Бұдан бөлек өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер салғызды
17. Жасы ұлғайған шағында омарташылықпен айналысты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s