«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері »


Атырау облысы, Индер ауданы,
Индер аудандық білім бөлімінің
Оқушылар шығармашылық орталығы

Авто ісі пәні мұғалімі: Өтепқали Нәсіпқали

Сабақ тақырыбы: Жол қозғалысы белгілері және қолдану

Сабақтың мақсаты:Реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету, жол белгілерінің мәнін ашу жол сызықтарының түрін оқып үйрену оларға қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің әрекетін,ойлау

қабілетін жетілдіру,қорытынды жасай білу, проблемалық жағдайдан шығу жолдарын анықтау.Жүргізуші ретінде айналасындағы жүргізушілермен сыйластық қатынасқа баулу.

Сабақтың түрі: Ойын түрінде.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс:Автокөлік құрылысы,сызу,физика.

Қолданылатын жабдықтар:плакаттар, тапсырма қағаздар,жол қиылысының суреттері,оқулықтар .

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:1-2 мин.

а) оқушылармен сәлемдесу

б) оқушылады журнал бойынша немесе топ басшысы арқылы түгелдеу

в) оқушыларды 3 топқа бөлу,ойын барысымен таныстыру және оқушыларды өтілетін тақырыпқа байланысты ынталандыру.

Бірінші бөлім:

«Сұрақ жауап».1.Жүргізуші реттеуші мен бағдаршам бірдей белгі беріп тұр

Жауап:Жол реттеушіге

2.Жол белгісі мен жол сызықтарының көрсетуі бір- біріне қарама-қайшы болса, жүргізуші қайсысына бағынады.

Жауап:Жол белгісіне.

3.Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?

Жауап:5 минут.

4.Бағдаршам жұмыс жасап тұрғанда жол қиылысындағы басымдылық белгісінің күші жойылады ма?

Жауап:Жойылады.

5. «Сегіз қырлы»жол белгісі қалай аталады және қай топқа жатады?

Жауап:Аялдамасыз қозғалысқа тиым салынады,басымдылық белгісі.

6.Қарама-қарсы қозғалыстағы көлікке арналған жол жол жолағы жоқ болса, жол қалай аталады?

Жауап:Бір бағытқа арналған жол.

7.Қауіпті жерден қанша метр қашықтықта ескерту белгісі қойылады?

Жауап:Елді мекенде 50-100м,елді мекеннен тыс жерде 150-300м.

8.Жол белгілеріндегі жасыл түс нені білдіреді?

Жауап:Белгінің автоарнаға қатысты екендігін білдіреді.

9.Автоарнада оқып жаттығуға рұқсат етіле ме?

Жауап:Тыйым салынады.

10.Елді мекеннің аты көк түсті фонда болса қандай түсінік береді?

Жауап:Елді мекеннің негізгі жолдан белгілі бір қашықтықа

орналасқанын білдіреді.

Екінші бөлім: «Жолдағы кездесетін проблемалық жағыдайлар»

деп аталады.

1 топқа.Қыс кезінде жол жолағы қармен жабылып,бір бағыттағы

жолақ санын анықтау мүмкін болмаса,жүргізуші жолақ санын қалай

анықтайды?

Жауап:Басымдылық белгісіне «қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы»

немесе «қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық» белгілеріне қарап.

2 топқа.Жолдың тар бөлігінде сіз жеңіл машинаны жүргізіп келесіз.

Сізге қарсы жанында тіркемесі жоқ мотоцикл қозғалып келеді.Қандай

жол белгілеріне бағынасыз?

Жауап: «Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы» немесе

«қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық»белгілеріне қарап.

3 топқа.Сіз өз үйіңізге жақындаған кезде аулаға кіре берісте орнатылған

«кіруге тыйым салынады»белгісін көрдіңіз.Не істер едіңіз?

Жауап:Бұл жол белгісіне тек маршруттық көлік

құралдары бағынбайтындықтан басқа жол жолағына бұрыламын немесе

жол сызықтары мен белгілерге қайшы болмаса кері бұрыламын.

Үшінші бөлім: «Жол қиылысында қозғалып үйренейік»деп аталады.

Макеттегі жол қиылысын пайдалана отырып сұрақтарға жауап беру қажет.

Әр топқа сұрақ тапсырма беріледі.

1 топқа.1.Жарқылдауық маягін іске қосқан жүргізуші жол қиылысында

қандай көлікке жол береді?

Жауап: Екі көлік құралына да жол береді.

2. Жеңіл машина жол қиылысынан нешінші болып өтеді

Жауап: Екінші болып өтеді.

2 топқа.1.Жүк машинасы қандай бағытта қозғалуға тиіс?

Жауап:Реттілігі бойынша соңынан,солға қозғалу тиіс.

2.Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?

Жауап:Жолдың бес жүріс бөлігі бар.

3 топқа.1.Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?

Жауап: Солға бұрылатындығын ескертіп тұр.

2.Жеңіл автомобильдің трамвай жолымен қозғалуына рұсат етіледі ме?

Жауап:Рұқсат етілмейді.

Үшінші бөлімнің қорытындысы және жалпы жиналған ұпай саны

есептеліп,жеңімпаз топ анықталады.

Оқушылар білімін бағалау: 1-2 мин.

оқушылардың алған бағасын ескерту;

сабақ барысындағы кеткен қателіктеріне түсінік беру.

Үй тапсырмасы:1-2 мин.

Берілген сұрақтарға дайындалып келу.Өтілген тақырыптарды қайталап

оқып келу

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s