Тақырыбы: Қызықты математика.


Қабақова Қарлыға Аманжолқызы

Мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі.

«Ботақан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Таным Шығармашылық

Бағдарлама тарауы: ҚМҰҚ, Сурет.

Тақырыбы: Қызықты математика.

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы білім беруді жалғастыру.

БМ : сандарды тура және кері санауға үирету.

ДМ : ойлау қабілеттерін дамыту.

ТМ : тианақтылыққа тәрбиелеу.

Билингвалдық компонент: Шаршы-квадрат ; үшбұрыш-триугольник.
Құрал-жабдық : геометриялық пішіндер, қорапша, ұзын — қысқа жіптер,

жуан- жіңішке ленталар, әдемі гүлдер, құрылыс материалдары.

Сөздік жұмыс: жіңішке — жіңішкелеу, жуан -жуандау, ұзын — ұзынрақ.

Балаларды оқу іс әрекетіне ұйымдастыру.

«Жылулық шеңбер».Балалар бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келіпті.

Біз қоршаған ортаға, келген қонақтарға жылы лебізімізді білдірейік.

Балалар жарты шеңбер болып тұрады.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық

Таза ауадан салайық

Мейірімділік шоғын салайық

Жүрек жылуын салайық

Жиналған жылу шуақты

Қонақтарға шашайық.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.

Тәрбиеші: Балалар, үйлеріңде ұйқыдан оянған кезде аналарың : «Таң атты тұру керек?»

дегенде — сендер не істейсіңдер?

Балнұр: Мен киінемін, жуынамын. Анам менің шашымды тарайды, содан кейін шағын орталыққа келемін.

Тәрбиеші: Қай уақытта шағын орталыққа келесіңдер?

Таңертең шағын орталықта не істейсіңдер?

Азамат: Таңертең анамыз, әкеміз жұмысқа баратын кезде біз шағын орталыққа келеміз. Балалар: Жаттығу жасаймыз, сабақ оқимыз.

Тәрбиеші: Сендер күнде шағын орталықта жаттығу жасайсыңдар, сосын ұйымдстырылған оқу іс- әрекетін оқып, жұмыс жасаймыз. Мұның бәрі таңертеңгі уақыт.

-Тамақ ішіп, серуенге шығатын қай уақыт. Түскі уақыт.

-Ата-аналарың жұмыстан келіп, барлығының бастары қосылатын уақытты қалай атауға болады? Кешкі уақыт.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі.

- Балалар сендер қандай көктем гүлдерін атай аласыңдар және не айтасыңдар?.

Балалардың жауаптары:

Әсем: Бәйшешек-ол ерте көктемде қар еріп жатқан кезде гүлдейді, түсі ақ.

Аяжан: Қызғалдақ-ол қырда өседі, түсі қызыл.

Асылмұрат: Бақбақ гүлі-егісте өседі,түсі сары.

-Енді біз балалар, өнер, құрылыс, математика орталықтарында жұмыс

жасаймыз.

Математика орталығында-қызықты тапсырмалар орындаймыз.

Содан кейін екі орталыққа бөлініп жұмыс жасаймыз.

Өнер орталығында- сурет саламыз, пішіндердің ішіне әдемі гүлді саламыз. Әжемізге арналған орамалды сұқ саусақпен өрнектейміз.

Құрылыс орталығында-көлеміне қарай биік және аласа үй тұрғызамыз.

Топ ережесін қабылдау:

1.Жұмыс барысында тыныштықты сақтаймыз.

2.Жұмыс аяқталған соң жұмыс орынын жинастырамыз.

3.Достық қарым- қатынасты сақтап, бір-бірімізге көмектесеміз.

1.Матиматика орталығы

2-тапсырма:

Магниттік тақтада орналасқан көлемі әр түрлі геометриялық пішіндерді табу.

Арман: Көк –түсті төртбұрыш көлемі үлкен.

Сабина: Қызыл-шеңбер көлемі орташа.

Арыстан: Жасыл түсті тік төртбұрыш, көлемі өте кішкентай.

1-ші тапсырма: «Бұл әдемі гүлдердің үйі». Үй бес қабатты.Әр қабатта төрт пәтер бар. Гүлдерді анықтайды. Мысалы: Бәйшешек бірінші қабатта тұрады. Раушан гүлі үшінші қабатта.

Гүл-тазартқан тіршіліктің тынысын,

Гүлдей болмас алтының мен күмісің.

Осы әдемі гүлдерді мен сендерге тарту етемін.

Тыныс алу жаттығуын жасау. Балалар көздерін жұмып гүлді искейді. Дем алып, дем шығарады.

3-ші тапсырма: «Қандай сандар жетіспейді?»

Кіші көршім оң жақта, Үлкен көршім сол жақта.Тұрушы еді қасымда, Қайда кеткен жан жаққа.

* , 2 , * , 4 , * , . Тура және кері санау керек.

4-ші тапсырма.

Қораптағы жіптердің ұзындықтарын анықтау. Менің жібім ұзын,түсі көк. Менің жібім қысқа, түсі ашық қызыл. Жіптерден үшбұрыш, төртбұрыш құрайды. Балалар салыстырады

Сиқырлы сандықша, ішінде жасырылған түрлі-түсті ленталардың енін салыстыру.

1.Жіңішке

2.Жіңішкелеу

3.Жалпақ

4.Жалпақтау.

*Өнер орталығында сурет «Әжемнің орамалы» сұқ саусақпен гүлдің бейнесін,

Үлгі суреттегі ою өрнектерді ауада және құрғақ салу әдісін көрсету.

Сұқ саусақпен гүлді бейнелейді. Балалар өз беттерінше жұмысқа кіріседі.

*Құрылыс орталығы «Үй орнату» Құрлылыс материалының бөлшектерін атау.

Үйдің алдымен несін қалаймыз? Ірге тасын қалаймыз. Одан кейін

несін қалаймыз? Содан кейін несін жабамыз? Ірге тасын қалаймыз. Қабырғасын қалаймыз шатырын жабамыз. Өз қалаулары бойынша берілген тапсырманы орындайды.

Деміңді ішке тез алда,

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста

Емін еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға .

Қол ұшына, қарада

Үшбұрыш сыз ауа да.

«Тосын сый»

Балалар менің қолымда қандай затты көріп тұрсыңдар?

Бұл жай доп емес, бұл сиқырлы доп.

Осы сиқырлы допты алақанымызда айналдырып бір-бірімізге бере отырып

бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде қандай орталықтарда болдық қандай қызықты тапсырмалар орындадық, әжеміздің орамалына қандай сурет салдық немен салдық.

Құрылыс орталығында қандай үйлер тұрғыздық.

Міне біз көптеген жұмыс жасадық. Сендер жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет енді сиқырлы допты осы «Ботақан» тобына естелікке қалдырмын.

Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Болжамды нәтиже:

Білу керек:геометриялық пішіндерді ажырату, ұзын -қысқа деген мағаналарын білу керек.

Қалыптасқан әдет: теңестіру, салыстыру.

Істей біледі: топтастыру, «үлкен, орташа, кішкентай» мағаналарын айыра біледі

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s