Тақырыбы: Екі аяқпен секіру


Семей қаласы мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі.

Қабақова Қарлыға Аманжолқызы

«Ботақан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бағдарлама тарауы: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Екі аяқпен секіру.

Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру.

БМ: Берілген белгі бойынша жүру, жүгіру, қос аяқпен секіруге, тепе- теңдікті сақтауға, гимнастикалық орындық үстінен жүруге, қос аяқтап секіруге үйрету.

ТМ: Батылдық пен, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

ДМ: Спорт ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту.

Билингвалдық компонент: Доп- мяч, лягушка-бақа, өзен-река.

Құрал- жабдықтар: бала санына сәйкес ленталар, гимнастикалық орындық, доп,үлкен доп.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастырушылық Балаларды оқу іс- әрекетіне ұйымдастыру.

Жылулық шеңбері.

Күніміз ашық болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Деніміз сау болсын.

Іздену — ұйымдастырушылық Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің соңынан жүру, жүгіру

Әр бағытта жүгіру қайта орындарына тұру.

Екінші бөлім

Жалпы шынықтыруға арналған жаттығулар.

1.Қ.ж. аяқ алшақ, қол белде басты алдыға, артқа, еңкейту оңға, солға қисайту.

2.Қ.ж. тік тұру аяқтың бір-біріне алшақтығы иықпен деңгейлес, қолды алдыға созып тәрбиешіге көрсетіп,

артына жасыру.

3.Қ.ж.қол екі жаққа жайылған шынтақты бүкпей екі қолдағы қолдарын бір-біріне соғу.

4.Қ.ж. екі қолда жоғары көтеріп оңға,

солға қисаю.

5.Қ.ж. екі қолды алдыға созып, аяқты аяқтың ұшын тигізу.

6.Қ.ж. аяқты алдыға қарай көтеріп, қолды,төмен түсіріп,сәл еңкею.

7.Қ.ж.түзу тұрып,аяқтың ұшымен көтеріліп,мұрынмен демалып алға жай еңкейіп,ауызбен дем шығару.

8.Қатармен жүру, ленталарды орындарына қою.

Қимылдың негізгі түріне арналған жттығулар.

Тәрбиеші балалар! Мен бүгін хат алдым олхатта спортшылар елінде қызықты ойындар ойындар ойнатылады деп жазыпты, Спортшылар еліне барғыларың келе ме?

Сендер спортты жақсы көресіңдерме?

Егер мына тапсырмаларды орындасаңдар спортшылар еліне тез жетесіңдер.

Тосын сый:

Бақа келеді, балалармен амандасады спортшылар еліне баратынын айтады.

Бақа балалар мен сендермен бірге барайыншы.

Ендеше бақаны өзімізбен бірге ертіп алайық қалай қарайсыңдар.

1.Көпірдің үстімен жүреміз

бір бірінің соңынан гинастикалық орындықтың үстімен жүріп келіп шетіне жеткен кезде секіріп түсу .

2.Судың арғы бетіне өту.

Ағып жатқан бұлақтың жіңішке жерінен аттап өту.

3.Бақа қалай секіреді.

Мұнараны қос аяқтап секіріп

айналу.

Біз спортшылар еліне келдік бұл жерде қызықты ойындар ойнаймыз, екі топқа бөлініп жарысу.

1. Ойын: « Кім жылдам »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Ойын мазмұны;

балалар екі топқа бөлініп доптарды белгіленген жерге айналып екледі қай топ бірінші бола сол жеңіске жетеді.

2.Үлкен доп шарларға отырып екі топ секіріп жарысады. Орыс тілінде мяч- доп, лягушка- бақа, река- өзен.

Балалар жүреді, жүгіреді.

Балалар ойынға қызыға қатысады.

Балалар қайталайды.

Жетекші- жөндеуші Жақсы қатысқан балаларды мақтау мадақтау, Бақа балаларға сау болыңдар деп кетеді. Сұрақтар арқылы балалардың көрген білгендерін сұрау. Балалардың жауаптары.

Болжамды нәтиже:

Білу керек: Жүру, жүгіру, жаттығулары арқылы қимылдың негізгі түрлерін орындай алу

керек.

Қалыптасқан әдет: ойын ережесін сақтайды, дене шынықтыру жаттығуларын қызығушылықпен жасайды.

Істей біледі: ойын кезінде бір-біріне достық сезіммен қарай алады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s