Сабақтың тақырыбы: Денің сау болсын десең


Семей қаласы мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі.

Қабақова Қарлыға Аманжолқызы

«Ботақан» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Денің сау болсын десең…

Сабақтың тақырыбы: Денің сау болсын десең.

Сабақтың мақсаты: Балалардың «денсаулық» ұғымының құңдылығы туралы түсініктерін кеңейту.

1. Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру.

2. Денсаулығын күту, денсаулыққа кері әсер ететін есірткі заттарды болдырмауға және оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

3. Денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, тақырыпқа байланысты суреттер.

Шаттық шеңбері:

Балалардың барлығы шеңберге тұрып «Ақ көгершін » әнін шырқайды.

Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын, егерде сол жұмбақтың шешуін тапсандар, бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы шығады.

Оны күткен адамдар.

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар:

Байлық – осы деседі:

Шешуі: денсаулық.

Салауаттылық – сергек те,

Таза жүру өмірде.

Адамзаттық келбетке.

Дақ түсірмеу тегінде.

Ойын:

Сиқырлы қорап деп аталады. Бұл ойында кубизм әдісін қолданамыз.

Қораптың ішінде қандай зат бар? Жіңішкеме? жуанба ?қаттыма? жұмсақпа?

Балалар ұстап, қозғап көреді. Әрбір бала өз ойларын және қораптың ішінде не бар екенің айтады. Ұстап көргеннен кейін қораптың ішін ашамыз. Қораптың ішінде шприц бар. Оның пайдасы , және қандай зиянды әрекеттері бар? Балалардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, оның пайдалы жағы дәрі егуге, аурудың алдын алуға, емделуге арналған. Ал зиянды әрекеттері: есірткі заттарды адам денесіне жіберу.

Денсаулық жөнінде балалардың білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу үшін арнайы берілген. Бірінші байлық-денсаулық деп неліктен айтылған? «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар? Деген сұрақтарды қойып әңгімелесеміз.

Мәтінмен жұмыс.

«Денсаулықтың – он құпиясы» атты мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызығушылықтарын арттырады.

Шарға сұрақтар ілінеді.

- денсаулықтың құпиясын іздеудің маңыздылығы неде?

- Денсаулықты ақыл-оймен байланыстырудың маңызы неде?

- Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіндер?

- Денсаулықты сақтаудағы сенім күшінің қажеттілігі неде?

- Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қандай?

Сергіту сәті.

Шаршадым «Уһ» дедім,

Ренжідім «Туһ» дедім,

Қорықтым «Ой» дедім,

Өкіндім « Аһ » дедім,

Шарасыз « Еһ » дедім,

Таңырқап «О» дедім,

Кейідім «И» дедім,

Біліп ап «Е» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха» дедім.

Жаңа тақырып.

Денсаулық – адам баласыныңең құңды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетін таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.

Адам табиғаттың өзіңе сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті сақтап, денсаулыққа зиян келтірмей жүрсе, ұзақ та бақытты өмір сүреді. Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында.

Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығын жақсы болса, көңіл күйде көтеріңкі болады.

Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл-ой салауаттылықтың негізі.

Жүректен жүрекке.

Балалар шеңберге тұрады,барлығы бірге қосылып , «Денсаулық-зор байлық. Жаны саудың-тәні сау» деп айтады.

Қорытынды

-Балалар денсаулық жайлы біраз мағлұмат біледі екенсіңдер және жаңа сабақты да жақсы меңгергендеріңді тапсырмаларды орындау барысында көрсеттіңдер. Бүгін, біз денсаулық жайлы көп мәселелерді анықтадық. Енді екі топ бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты ақ тілектерін білдірсін.

Тәрбиеші: Қабақова. Қ.А

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s