«Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбенов мырзамен Интернет-конференция


Мұрат Әбенов, Мурат абенов15.09.2021 жылдан бастап SZH.KZ- Сұрақ-Жауап сайтында елімізге танымал тұлғалармен интернет-конференциялар сериясын ұйымдастыруды бастады. Көкейіңіздегі сұрақтарды қойып, оған ресми тұлғалардан жауап алуыңызға болады. Интернет-конференцияның алғашқы қонағы – Мұрат Әбенов мырза.

Мұрат Әбенов мырзаға білім саласы мен қазақ тілінің мемлекеттік құрылымдардағы дамуына, оның интернеттегі рөліне қатысты сұрақтарыңыз болса, қойыңыздар.

Сұрақты сайттағы арнайы Интернет-конференция үшін ашылған Мұрат Әбенов санатын таңдап қоюларыңызды сұраймыз.  Ескерте кетейік, сұрақтар 19.09.2021 ж дейін ғана қабылданады және олар жоғарыдағы тақырыптарға ғана қатысты болуы керек.

Интернет-конференция «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Арнайы 45minut.kz қолданушылары үшін хабарландыру: 45minut.kz Республикалық ұстаздар сайтының қолданушылары Редакция атынан сұрақтарын қоюға болады. Редакция атынан сұрақ қойылған кезде сұрақ қоюшының аты-жөні көрсетілмейді және құпиялылық сақталады. Редакция атынан сұрақ қою үшін [email protected] почтасына хат жолдаңыз…

Мұрат Әбенов мырза. Қысқаша өмірдерек:

1992 жылдан — Қызылорда қалалық әкімшілігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы;

1993 жылдан — «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы);

1999 жылдан — Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңес берушісі;

2000 жылдан — Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы;

2002 жылдан — Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің директоры;

2005 жылдан — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

2007 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі;

2007 жылдың қыркүйек айынан бері — ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты;

2012 жылдың 12 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі;

2014 жылдың маусым айынан бастап «Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы.

 

 

 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s