Етістіктен өткенді қайталау


Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қараходжаева Роза Рейымқызы

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушылардың етістіктен алған білімдерін бекіту, пысықтау.

2) Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін, өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру, дамыту.

3) Тәрбиелілік: Мақсат қоя білуге, өз пікірін қалыптастыруға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, тірек сызба

Пәнаралық байланыс : Әдебиет

Сабақтың барысы:1) Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару

б) Сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттерімен таныстыру,

в) топқа бөлу.

Сабақ жоспары:

1) Сабақ құпиясын ашу.

2) Талдау кезеңі

3) «Баскетбол» ойыны

4) Мәнерлеп оқу кезеңі

5) Топбасшылар сайысы

6) Мықты болсаң, тауып көр

7) Ойлы болсаң озып көр

8) Бағалау

1-кезең. «Сабақ құпиясын ашу» деп аталады.

«Білім» деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

«Білім» деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.

Оқушылар кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар тізбегі.

1) Етістік дегеніміз не?

2) Етістіктің құрамына қарай түрлері

3) Етістіктің тұлғалық түрлері

4) Болымды және болымсыз етістіктер

5) Салт және сабақты етістіктер

6) Етіс дегеніміз не?

7) Өздік етіс, өзгелік етіс

8) Ырықсыз етіс, ортақ етіс

9) Есімше

10) Көсемше

11) Көмекші етістіктер

12) Тұйық етістік

2-кезең Талдау кезеңі.

Сайыс толқып жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл сайыста басқалар ғұлама ойлар

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,

Талдау кезеңінде оқушылар берілген сөйлемдерге сөз таптарына талдау жасайды.

1. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

2. Өзін-өзі білген ер бақытты.

Өзін-өзі билеген ел бақытты

3-кезең. «Баскетбол» ойыны.

Екі топқа есімше мен көсемше жұрнақтары жалғанған сөздер беріледі. Бір топ есімшені, екінші топ көсемшені жинау керек. Соңынан баскетбол қоржынындағы сөздер тексеріледі, ұпай беріледі.

Есімше: сыйласқан, сөйлемес, қазбас, күткен, күткізген, көрмейтін, айтатын, өтер, бағар, ойнар

Көсемше: бара, жүре, сөйлей, жүргелі, қуанып, шығып, біліп, үйретіп, барғалы, сатқалы.

4-кезең «Мәнерлеп оқу» кезеңі

Осы тілде Абай атам жырлаған,

Мұқағали шаққандай ма мұң маған?

Осы тілде «Отан» деген сөз жазып,

Осы тілде бесік жырын тыңдағам

Келесі кезекті мәнерлеп оқуға береміз.

2-топтан 4-оқушы шығады

Шерімбай Ғажайып

Керімбек Ұлбосын

Сайлаубай Айжан

5-кезең

Топбасшылар сайысы.

Әр топтағы топбасшыларға перфокарта беріледі. Сол перфокартадағы жұрнақ түрлерін ажыратады.

6-кезең . Мықты болсаң тауып көр.

Бұл кезеңде оқушылар адасқан әріптерді тауып, мақал мәтел құрайды.

1-топ. Адасқан әріптер

1) д, м, а, а

2) ы, с, ы, р, ы

3) ң, т, ұ, т, р, ж, ы

4) қ, с, а, ж, ы

2-топ. Адасқан әріптер

1) л, с, ы, ғ, а

2) к, н, е, е, к

3) қ, л, а, ж, ы, қ, с, ы

4) р, о, а, р

7-кезең. Ойлы болсаң озып көр.

Көп тыңдай біл, сөздерді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл

Оқушылар «Мен Қазақпын» және «Менің Қазақстаным» тақырыптарында ойтолғау жазады.

8-кезең .Бағалау.

Жеңімпаз топты анықтау.

Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,

Жарқын өмір тұтқасы болыңыздар.

Осыменен анықтайық біз сайысты,

Көріскенше аман сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s