Асыл сөз зияткерлік сайысы


Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Майлыбаева Гүлжан Ержігітқызы

Сабақтың тақырыбы: «Асыл сөз» зияткерлік сайысы.

Мақсаты:бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу,

Оқушылардың шапшаң ойлау,ой қиялының,танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Оқушылардың мемлекеттік тілге қазақ халқының

әдебиетіне,мәдениетін,өнеріне,ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Асыл сөз зияткерлік байқауының жоспары.

Бүгінгі «Асыл сөз»зияткерлік сайысы төмендегідей бөлімдерден тұрады.

1 «Ана тілім –асылым, бай қазынам»

(қатысушы топтар өздеріне берілген сұраққа тез арада жауап беруі керек)

2.Поэзия әлеміне саяхат.

Өлеңнің бір қатары оқылады,авторын айтып,бір шумағын аяқтау керек.

3..Көркем тіл- көрікті жарнама.

(Халқымыздың бай тілін оқушыларға меңгерту,қастерлеу, өз ұрпағын өз тілінде сөйлету мақсатында Ана тіліміз қазақ тілін жарнамалау)

4.Тапқыр болсаң,тауып көр.

Өлең түрінде берілген жұмбақ шешуіне мақал-мәтел құрайды.

5.Тапқырлық.

Бұл кезеңде қазақтың би-шешендерінің жауаптарын өздеріңіз ойланып,тауып айтасыздар..

6.«Сиқырлы әріптер»

Әріптер берілді.Сайысқа қатысушылардың міндеті осы әріптерге сәйкес келетін алдымен мемлекет,одан кейін қала,батыр,жазушы, кейіпкерді атау керек. (1минут)

7. Жорға. Ойлы сұрақ- жедел жауап.(1минут)

1-кезең. «Ана тілім асылым бай қазынам» .(Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі)

1.Аяз би ертегісіндегі Жаманның қалыңдығының аты қалай аталады?(Қарашаш)

2.Табу дегеніміз не?

3.Үш бәйтеректі ата?(Ілияс,Бейімбет,Сәкен)

4.Дүние жүзінде неше тіл бар?(Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар)

5.Қарасазда дүниеге келген ақын?(Мұқағали)

6.Үш арсызды ата?(тамақ,ұйқы, күлкі)

7.Фонетика нені зерттейді?Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала)

8.Үндестік заңы дегеніміз не?(Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы дейміз)

9.Ықпал нешеге бөлінеді?(3)

10.Термин сөздер деген не?(Ғылым,техника,өндіріс және т.б.саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер)

11.Тұрақты тіркес дегеніміз не?(Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен,бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты тіркестер деп аталады)

12.Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім?(Абай)

13.Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңі кімге арналған?(Исатай)

14.Синоним дегеніміз не?(Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын синонимдер деп аталады)

15. «Ою»деген сөзде неше әріп,неше дыбыс бар? (2-әріп,3-дыбыс бар)

16.Дауысты дыбыс дегеніміз не?(Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз)

17.Тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?(жуан және жіңішке)

18.Көнерген сөздер дегеніміз не?(Қоғам дамына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер)

19.Екпін дегеніміз не?(Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге,бір буын басқа буындарға,бір дыбыс басқа)

20.Кәсіби сөздер.(

2-кезең «Поэзия әлеміне саяхат»

Өлеңнің екі тармағы оқылады, өлеңнің авторын айтып,бір шумағын аяқтау.

1.Ала-алмаған жау бізден мекендей бір,

Мекендей берік болсақ екен деймін.

Жақсының бәрін өзім мақтан етіп,

Жаманыңды көрмесем екен деймін.

(Ж.Нәжімеденов «Жаманыңды көрмесем»)

2.Ышқына соққан дауылға,

Құмартушы ем жасылға.

Нөсерлеп құйған жауында,

Қызығушы ем жасылға.

(Қ.Аманжолов «Дауыл»)

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспанкөрсеңайменкүнгежолашқан. Менің байтақ Ремпубликам таулары,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

(С.Мәуленов «Менің Республикам»)

4.Арқанның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл, ойлы қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар.

(С.Сейфуллин «Ақсақ киік»)

5.Жатқан үйім -қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле,жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс,ылғи қара көлеңке,

Ерте кеш те, күндіз-түні арылмас.

(М.Жұмабаев «Сағындым»)

3-кезең.Тапқыр болсаң,тауып көр.

Өлең түрінде берілген жұмбақ шешуіне мақал-мәтел құрау..

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға білім береді.

(Ұстаз)

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

2.Сансыз ойлар бетінде.

Сайрап жатыр бар тілде.

Керекпін мен әр күнде.

Өшпейді бір әрпім де.

(кітап)

3.Терісі бар,жүні жоқ.

Жүрісі бар, ізі жоқ.

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.(балық)

Балық басынан шіриді.

4.Садақша мойнын иілтіп ,

Көрген жанды сүйсінтіп.

Жүзгенде көлдің сәні өзі,

Судағы құстың серкесі,

Көктегі құстың серкесі.

(аққу)

Аққуды атпа,

Досыңды сатпа.

5.Тал басында түнексіз. (ұя)

Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің.

6.Екі жеңдей құлағы ,

Елең етіп тұрады.

(қоян)

Жігітті намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

7.Қарап тұрсаң өзіңе,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды ,

Дәл қазіргі өзіңе.

(айна)

Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.

8.Өзі жуас,өзі момын,

Бір шешпейді тонын.

(қой)

9.Су астында ірімейді,

Жер астында шірімейді.

(алтын)

Алтын көрсе, періште жолдан таяды.

4-кезең.Тапқырлық.

Бұл кезеңде қазақтың би шешендерінің жауаптарын өздеріңіз ойланып, тауып айтасыздар.

1.Бірде Жиренше шешен жолда келе жатып, алдынан қарсы кездескен бір баладан :

-Дүниеде не тәтті,не жұмсақ, не қатты, балам?- деп сұрапты. Сонда бала : «Бал тәтті,мамық жұмсақ,тас қатты»,-деп жауап береді.

Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:

-Осы сұраққа мен жауап беріп көрейінші,-деп өтінді.

Жауап: Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ,

Атаның жүрегі қатты, -деген екен.

2.Бірде екі адам дауласып Сырым батырға келеді.

Олардың «Су атасы не? Сөз атасы не? Жол атасы не?» деген сұрағына Сырым батыр не деп жауап берген екен?

Су атасы –бұлақ,

Сөз атасы-құлақ,

Жол атасы-тұяқ,-деп жауап берген екен

3.Қазыбек биге бір адам: «Не қымбат?» деген сұраққа жауап беруін өтінеді.

Сонда Қазыбек не деп жауап қайтарған екен?

Жауап: Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құс берекең –атаң қымбат.

Мейірімді –анаң қымбат,

Асқар тауың-әкең қымбат.

Туып өскен –ел қымбат,-деген екен.\

4.Дүниеде не ауыр?

Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып : «Жерден ауыр не,судан терең не,оттан ыстық не, көктен биік не?»-деп сұраған екен.

Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты.

Сонда Бала бидің өзі былай шешіп берген екен дейді:

-Жерден ауыр дегенім-ақыл-білім.

Судан терең дегенім-оқу-ғылым.

Оттан ыстық дегенім –адамның өмірі.

Көктен биік дегенім –тәкаппардың көңілі.

5.Не қиын?

Жауап: Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаса дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,Өзің түскен өрт қиын.

6.Не жетім?.

Жаңбыр жаумаса ,жер жетім.

Басшысы болмаса, ел жетім.

Ұқпасқа айтылған сөз-жетім.

Қазыбек би мен Бұқар жырау.

7.Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.

Төсекте жатқан Бұқар жырау:

-Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек сен айтып берші ,-деген екен.

Сонда Қазыбектің берген жауабы:

-Бір дегеніңіз –бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз –білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған хан жаман.

Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз-толғаныңыз.

Он дегеніңіз-өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз.

8.Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен.Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?»-деп сұрақ қойғанда,алпыс биі бірауыздан былай депті:

-Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда тыңдап отырған Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты:

-Ағын судың өлгені-

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені-

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннніңөлгені-

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені-

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ-

Бір Алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

5-кезең. «Көп сөз –бір мағына». Бұл кезеңде оқушылар берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашуы керек.

1.Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)

2.Жүрегінің түгі бар.(батыр)

3.Зығырданы қайнау.(ашулану)

4.Бармағын тістеді.(өкінеді)

5.Көзге түртсе көргісіз.

6.Дәм –тұзы жараспады.(тәтту-тәтті тұра алмады)

7. Жұлдызы оңынан туу.( жолы болу)

8.Қой аузынан шөп алмас.(момын,жуас)

9.Тамырына балта шабу.

10.Қас пен көздің арасында.(тез,жылдам)

6-кезең. «Сиқырлы әріптер»

Бір әріптен жасырылған.

Сайысқа қатысушылар міндетті түрде осы әріптерге сәйкес келетін алдымен мемлекет, одан соң қала,батыр, жазушы,кейіпкерді рет-ретімен кезек бойынша атау керек.

«Б», «Қ», «М»әріптері жасырылған.

Мемлекет:Бразилия.

Қала:Байқоңыр.

Батыр:Бауыржан Момышұлы.

Жазушы:Баубек Бұлқышев

Кейіпкер:Баян сұлу.

2. «Қ»

Мемлекет:Қазақстан.

Қала:Қарағанды.

Батыр:Қайрат Рысқұлбеков.

Жазушы:Қабдеш Жұмаділов.

Кейіпкер:Құрмаш.

3.»М»

Мемлекет:Мексика

Қала:

Батыр:Мәншүк

Жазушы:Мұхтар Әуезов.

Кейіпкер:Мысық.

7-кезең.Ойлы сұрақ-жедел жауап.

1. «Күй»поэмасының авторы? (І.Жансүгіров)

2.Малайсары биден бата алған Дат баласы? (Сырым)

3.Құлагерде шапқан бала? (Мөңке)

4.Адам мен Хауа ананы кім жолдан тайдырды?(Ібіліс)

5. «Аңсау» әңгімесіндегі атасын сағынған бала? (Ермек)

7.Ақан серінің тұлпары? (Құлагер)

8.Ақын қонақтар» шығармасындағы Абай үйіне келген қонақтар? (Барлас, Байкөкше)

9.Жансыз табиғат құбылысын жандандыра суреттеу не деп аталады? (кейіптеу)

10.Уәзір ,сұлтан,кебеже»сөздері қандай сөздер?(тарихи сөздер)

1.Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан Тәңірі шыңы)

2.Қоршаған орта туралы ғылым қалай аталады?(экология)

3.Ұлттық аспап- домбыра.

4.Тамаша сөзінің синонимі-керемет.

5.Қазақстанда неше облыс бар?(14)

6.Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (шаңырақ )

7.Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)

8.Республикасының рәміздері? (Елтаңба,Ту,Ән ұран)

9. «Құдағай»қандай сөз? (диалект)

10.Ауыл әкімі?

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s