5 санының құрамы


Абдрахманова Ляззат Кенжеғалиқызы

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

БҚО . Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.

Пәні: Математика Тақырыбы: 5 санының құрамы

Мақсаты:

а) білімділік: 5 санының құрамымен таныстыру, соған сай есептеулер жүргізу. Тірек білімдерін жетілдіру.

ә) дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, Отанын, елін, ауылын сүюге тәрбиелеу.

Міндеті: Сандар құрамы туралы білімге сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара байланысын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Пәнге қызығушылығы арта түсті.

2. Тақырып бойынша білімдерін жаттықтырды.

3. Есте сақтау, ойлау қабілеттері арта түсті.

4. 5 санының құрамын толық меңгерді.

Түрі: Саяхат сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру.

Қолданылатын стратегиялар: ДБІ

Көрнекілігі:Сан сәулесі,магнитті ойыншықтар,алмалар.

Интерактивті тақта.Флепчарт.

Психологиялық дайындық

Оқып, білім аламыз

Біздер зерек баламыз

Математика пәнінде

Тапқыр, алғыр боламыз.

Бүгінгі сабақта табиғатқа саяхатқа шығамыз.

Қазір жылдың қай мезгілі

-Ендеше берген дәл жауаптарымызға қарай қағаздан жасалған қаршықтар аламыз.Сабақ соңында қаршықтар есептеледі.

Сан сәулесіне назар аударайық.

0-10 – сандар қатары

0-9 – бір таңбалы сандар

10 – екі таңбалы сан

2. Гүлзарларды тамашалайық!

Әдемі гүлдерге назар аударайық.

Сандар құрамын есімізге түсірейік

Жаңа сабақты меңгерту.

5 саны туралы не білеміз?

- бұл бес сәулесі бар жұлдызша, әрбір сәуле әлемнің бір бұрышын білдіреді, осы сәулелер бір нүктеге біріктірілген

- бұл сан қатардағы 4 санынан кейін келеді

- тақ сан

- бес бірліктен тұрады

Оқушылар фигураларға қарайық. Бес бұрышы бар фигураны табайық.

5 санының құрамы. Ауызша есептеу.Алмалармен көрсету.

Кел, ойнайық! Құлпынай теріп алайық.

4+3-2 7-4+6 10-4+1 9-8+6 2+4+3 8+2-1 7+3-5

Көршілерін ата

О О 5 О 5О 5 О О

5 айырмашылығын тап.

Қысы-жазы бір түсте болатын шыршаларға назар аударайық. Шыршаларға мәндері бірдей ойыншықтарды іліңдер. Тапсырманы орындау барысында нені байқадыңдар? Қандай ережені есіңе түсіреді?

4+1 5+0 3+2 1+4 0+5 2+3

Сергіту сәті «Қар лақтыру» (шапшаңдыққа)

1 парақ қағаз беріледі, әр оқушы сан жазып, умаждап өзі ұнатқан досына лақтырады. Қағазды алған оқушы сол санға байланысты өрнек айтады.

Ойлан, тап!

Жұма аптаның нешінші күні?

Оң қолымда 5 алма,

Сол қолымда 5 алма,

Бесті беске қосқанда

Болады екен неше алма

Жануарлар әлеміне кезіктік. Жемістерді үлестіріп берейік.

7-6 6-4 7-2 3+3 1+2 3+4

7-қоян 1-тышқан 5-қасқыр 3-кірпі 2-түлкі 6-аю

Балалар саяхаттан жануарларды алып қайту үшін, оларды пойызға отырғызамыз.

5+2-4 5+4-2 3+3-5 3+1+1 2+2+4 8+1-5 1+3-2 2+2+2 3+3+3

1-бақа 2-піл 3—керік 4-көбелек 5қоңыз 6сұр мысық 7 ара 8 қоңыр мысық 9 маймыл

Оқулықпен жұмыс

Деформацияланған жаттығулар

4+1 3+2 0+5 5+0 5-0

Балаларға тиісті атауларын берейік.

7-2 3+2 3 5 5+3-9-1

Қосынды Айырма Теңдік Теңсіздік

Азайту амалдарын орында.

8 3 6 1 7 2

Азайту амалдарының атауларын ата.

Логикалық тапсырма.

1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?

Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Оларға қарама-қарсы үш мысық отыр.Бөлмеде неше мысық отыр?.

Үстелдің төрт бұрышы бар. Үстелдің бір бұрышын кессе, неше бұрыш болады?

Ауызша есептеулер

Ауладағы гүлдерде 7 көбелек, 2 көбелек далаға ұшып кетті. Аулада неше көбелек қалды?

Қонақ бөлмеде 2 орындық болды, ас бөлмеден 2 орындық және оқу бөлмесінен 1 орындық әкелінді. Қонақ бөлмеде барлығы неше орындық болды?

Арсенде 8 фото болды, ол 4 фотоны әпкесіне, 2 фотоны досына берді.Арсенде неше фото қалды?

Шығармақ боп кеше есеп,

Бір бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қоян, бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді?

Жиналғанды бес есек.

3-еуі ұйықтап қалды

Нешеуі сабақ оқыды?

Табақта бес алма.

Қолыңда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі?

Бағалау. Мадақтау.

Оқушылардың жауап берулеріне қарай жинаған қаршықтарын санау сол арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: № 4 51-бет

ашык сабак матем..ppt

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s