Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру


Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы Мұхит атындағы ОЖББМ – нің
бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова Ляззат Кенжегалиевна

Пәні: Дүниетану.

Тақырыбы: Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру.

Мақсаты: Білімділігі: Ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. ҚР ғарышкерлермен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту.

Дамытушылығы: танымдылық ойлауларын, шығармашылықпен

ойлауды, қызығушылықтарын дамыту. Бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: денсаулығы мықты, ақылды, білімді балаларды тәрбиелеу.

Міндеті: тұңғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстырып , олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар ҚР ғарышкерлері, Байқоңыр айлағы туралы мәлімет алады .

2. Ғаламшарлар туралы түсінік кеңейе түседі.

3. Жердің алғашқы серігі жасанды ұшырылғанын меңгереді.

4. Танымдық ойлаулары дамиды.

Түрі: Жаңа білімді игеру. Ізденіс сабағы.

Әдісі: Сұрақ –жауап, тест, әңгімелеу, топтық жұмыс, іздену.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика.

Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топтастыру, топпен жұмыс, әңгіме кестесі, ой қозғау.

Көрнекілігі: Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаевтың портреттері.Интерактивті тақта. Бағалауға арналған көрнекіліктер.

І. Қызығушылықты ояту. 5 минут. «Ой қозғау » стратегиясы .

Ерте, ерте, ертеде аспан мен жер әлі бөлінбей тұрған кезде, күллі ғалам жұмыртқа қабығының ішіндей ғана қап-қараңғы кеуек екен. Адамзаттың атасы Пан гу сол қуыста өмірге келіпті. Он сегіз мың жылдан кейін бір күні кенет оянып, көзін ашқан Пан гу ештеңені көре алмапты. Көз алдын бір қабат қара перде торлап жүрегі қысылыпты.

Бұл жағдай оған онша ұнамапты. Сонымен қолындағы қайдан түскені белгісіз үлкен балтамен қарсы алдындағы тас түнекті періп кетіпті. Сол сәт тау құлап, жер жарылғандай сұмдық дыбыс шығып, жұмыртқадай кеуек қақ айырылыпты.

Слайд-1 Жер – ғарыштық дене.

Слайд-2 Аспан әлемі.

Слайд-3 Күн жүйесі.

Слайд-4 Ғарыш әлемін игеру.

Слайд-5 Оқшылардың ізденіс жұмыстары. Білгіштер клубы.

Слайд-6 Адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер.

Слайд-7 Ғарышкер ит – Лайка.

Слайд-8 Тұңғыш қазақ ғарышкері.

Слайд-9 Ғарышкер Талғат Мұсабаев.

Слайд-10 Ғарышкерлер марапаттары.

ІІ. Мағынаны тану . 25 минут.

Астрономдар жұлдыздарды бақылаудың қолайлы жағдайларын жылдар бойы армандап келді. Аспан әлемін зерттеуге ең дұрыс жер-ғарыш. Ғарышты зерттеуді қолға алу 1957 жылдың 4 қазан күнінен басталды. Сол күні ғарышқа алғаш рет жердің жасанды серігі ұшырылды. Қазіргі заманда жасанды серіктер ауа райы туралы нақты мәліметтер алуға көмектеседі, радио және теле-байланыстарды қамтамасыз ету , теңіздегі кемелердің орнын анықтау, т.б мүмкіндік береді.

1958 жылы Айға луноход ұшырылды. Ол – адамның қатысуынсыз, жерден радио арқылы басқарылатын автоматты барлаушы. Осындай құралдардың көмегімен Айдың беті суретке түсірілді, топырағының үлгілері алынып, Айдың химиялық құрамы зерттелді.

Жұлдыздар мен планеталарды зерттеу үшін,сондай-ақ жерді ғарыштан бақылау үшін адамдар ғарышқа ұшылатын кемелерді ойлап тапты. Оларды әр түрлі ғылыми мақсатпен ұшырады. 1961 жылдың 12 сәуір күні әлемде тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин Байқоңырдан ғарышқа аттанып «Восток » ғарыш кемесімен жерді айналып шықты.

Оқулықпен жұмыс.

Сөздік жұмыс

Топпен жұмыс.

«Ғарышкерлер тобы» Ғарышкерлер туралы әңгіме.

« Ғаламшарлар тобы ». Ғарыш кемелері туралы әңгімелеу.

«Жұлдыздар» тобы. Жұлдыздар туралы әңгімелеу.

Слайд. Демалыс сәті.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-тапсырма. Жерге ұқсас ғаламшарлар Үлкен ғаламшарлар

М Ю

Ш С

Ж У

М Н

2-тапсырма. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың аттарын сызбаға жаз.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерге анықтама бер.

Галактика-

Әлем-

Ғарыш-

Шоқ жұлдыз-

Күн жүйесі-

4-тапсырма

Есепте және сұрақтарға жауап бер.

Экипаж Ғарыш кемесінің атауы Ұшу ұзақтығы Айналым саны Арақашықтық
1-ғарышкер-Гагарин Юрий Алексеевич Восток 1 сағ 48 мин 1 41000 км
2-ғарышкер- Титов Герман Степанович Восток-2 1 тәул. 1 сағ 11 мин 17 ?
3-ғарышкер- Николаев Андриян Григорьевич Восток-3 3 тәул. 22 сағ 22 мин 64 ?

- Әр ғарышкердің минуттық ұшу ұзақтығы қандай?

- Әр ұшқан сайын ұшу ұзақтығы неше минутқа артып отырған?

- Г.Титовтың , А. Николаевтың ұшып өткен ара қашықтықтары қандай?

- Әр ұшу кезінде арақашықтық неше километрге артып отырған?

5-тапсырма

Есепте және сұрақтарға жауап бер.

Экипаж Ғарыш кемесінің атауы Ұшу күндері Ұшу ұзақтығы
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Союз ТМ-13 1991 жылдың 2 қазанынан 1991 жылдың 10 қазанына дейін 7 тәул.

22 сағ

13 мин

Мұсабаев Талгат Амангелдіұлы 1-ұшу

Союз ТМ-19

1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасына дейін 125 тәул.

22 сағ

53 мин

2-ұшу

Союз ТМ-27

1998 жылдың 29 қаңтарынан 25 тамызына дейін 207 тәул.

12 сағ

51 мин

3-ұшу Союз

ТМ-32 (старт) және Союз ТМ-31 (қону)

2001 жылдың 28 сәуірінен 6 мамырына дейін 7 тәул.

22 сағ

4 мин

- Әр ғарышкер қанша күн ғарышта болғанын есепте.

- Әр ғарышкердің минутпен алғандағы ұшу ұзақтығы қандай ?

- Т.Мұсабаевтың әр ұщу аралығында неше ай өтіп отырған ?

- Минутпен алғанда Т.Мұсабаевтың жалпы ұшу ұзақтығы қандай ?

- Сағатпен алғанда ше ? Тәулікпен алғанда ше ?

Слайд-11

Сен білесің бе?

«Ғарыш әлемінде»

1. Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды?

2. Таңғынемесекешкіжарықжұлдызқандайпланетаныңаты?

3. Музыкалы сұрақ: «Жұлдыз» дегенсөзібарқандайөлеңжолынбілесіз?

4. Ғарышқаадамзатұшқанғадейіннежіберді, аттарынбілесіңдерме?

5. Ғарышқаұшатын ракеталарқайғарыш айлағынанұшырылады?

6. Әйелдерарасынан 1963 жылыалғашқыретғарышқакімұшты?

7. Космос корабльдерінде тамақтар қайда сақталады?

8. Ғарышкергедене жаттығулары үшін кір тастары керек пе?

9. Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім қалай аталады?

ІІІ. Ой толғаныс 10 минут.

Слайд-12

Тест.

1. Күн жүйесіндегі өмір бар жалғыз ғаламшар.

А) Жер Ә) Шолпан Б)Марс.

2. «Планета»сөзі грек тілінен аударғанда … дегенді білдіреді?

А) қыдырма шырақ Ә)) Ұшатын шар Б) Адасқан жұлдыз

3. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар саны

А). 9 ғаламшар ә.) 8 ғаламшар б.) 10 ғаламшар

4. Барлық ғаламшарлар … айналады.

А). Күнді. Ә.) Айды Б)Жұлдыздарды.

5. Жер шарын айналып ұшқан алғашқы ғарышкер

А.) Т.Әубәкіров Ә). Ю.Гагарин Б.) Нил Армстронг

6. 1957 жылы 4 қазанда болған оқиға

А) Ғарышқа алғашқы жердің жасанды серігі ұшырылды

Ә) Алғашқы рет ғарышқа адам ұшты.

Б.) Американдық астронавттар Айға қонды.

Слайд-13.Жауаптары: 1-а, 2-а, 3-ә, 4-а, 5-ә , 6-а.

Слайд-14. Үй тапсырмасы. 3 минут

Ғарышқа ұшу . Ғарышты игеру. Оқу мазмұнын айту.

Слайд-15 Бағалау

Сабақ. Слайд. А.Л.К.ppt

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s