Тілім менің- тірлігімнің айғағы


Абдрахманова Ляззат Кенжегалиевна

БҚО . Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы: « Тілім менің- тірлігімнің айғағы»

Мақсаты:

Оқушылардың Ана тілге деген қызығушылығын арттыру,дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың логикалық ойлау, тиянақты жауап беруді талап ету.

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арт тыра отырып,ұқыптылық қа,тиянақтылық пен адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Әр топтың әзірлеп келген жар газеттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер. Слайдтар.

Сайыстың барысы:

4- сыныптардың арасында өткізілетін сайыс.

Жан-жақты білімдерімен, шеберлігі, сөз саптауларымен, сөз өнерін сарапқа салатын, сайысқа қатынасатын топтар өздерін, ұрандарымен таныстырып өтеді.

Сайыстың шарттары:

1- бөлім: Топтардың таныстырылуы.

2- бөлім:”Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің”.

3- бөлім: « Шығармашылық айналым.»

4- бөлім: Поэзия минуты

5- бөлім: Қорытынды түйін.

1- бөлім: Топтардың таныстырылуы.

І топ «Тіл маржандары » тобы:

ІІ топ “Сөзмергендер” тобы:

ІІІ топ “Білгірлер” тобы:

І. «Тіл маржандары » тобы:

Ұраны: Тілім менің мақтаным!

Мақтанышпен жар салатын шақтамын.

Тілім менің ғасырлардын аманат!

Аманатқа адал болсын қанағат,

Ар-намысқа келтірмейтік жаманат!

ІІ. “Сөзмергендер” тобы:

Ұраны:

Тілден асқанбайлық жоқ

Өсірген ой – білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

ІІІ. “Білгірлер” тобы:

Ұраны:

Қымбат маған ана тілім – бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Әні:

Ана тілі бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы.

Алақаны мейірімді ананың,

Ұстазымның жарқын жүзі жайдары.

Ана тілім – тасталмайтын әліппем,

Болғаным жоқ ана тілді танып мен

Өз тілімді жақсы көру арқылы

Достасамын басқа барлық халықпен.

2- бөлім:”Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің”.

1-топқа:

1. Тіл туралы заң неше баптан тұрады?

2. Қазақ тіліне тән дыбыстар неше топқа бөлінеді?

3. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қашан қабылданды?

4. Берілген үзінді қай өлеңнен алынған? Авторы кім?

Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

5. Біздің елде қолданылатын қазақ тілімен қатар жүретін қандай тіл?

6. « Тілім», «тілді», « тілдің», «тілге» осы сөздерден тәуелденіп тұрған сөзді тап.

2- топқа:

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Қай жыл қазақ тілін қолдау жылы болды?

3.Қазақ тілінде неше септік бар?

4.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

5.Қазақ мектебін алғаш ашқан кім?

6. Әр адамның шағын Отаны?

3 – топқа:

1.Қазақ тілінде неше септік бар?

2. “Үш бақытым ” кімнің өлеңі?

3.Сабақ барысында өтілген тіл туралы өлеңнен үзінді оқы.

4.Қазақстанның мемлекеттік тілін ата.

5.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды?.

6. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін

пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. Кай заңнан алынған, нешінші бап?

3-бөлім:« Шығармашылық айналым.»

І. «Тіл маржандары » тобы:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

ІІ топ “Сөзмергендер” тобы:

Сүйемін туған тілім – ана тілін,

Бесігімде жатқанда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

ІІІ топ “Білгірлер” тобы:

Ана тілім – анам сынды аяулым,

Сенсіз жерде көш соңында қалармын.

Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы,

Сенсіз қалсам құруға да таяумын.

« Бір сөзден бірнеше сөздер»

І топ «Тіл маржандары » тобы: Қуырмаш

ІІ топ “Сөзмергендер” тобы: Жапырақ

ІІІ топ “Білгірлер” тобы: Құлпынай

4- бөлім: Поэзия минуты

Топ жетекшілері тіл туралы өлең жатқа оқиды

Топ мүшелері тіл туралы өлеңдерден бір шумақ үзінді оқиды.

5- бөлім: Қорытынды түйін.

Топ мүшелері бір минутта бірнеше мақал – мәтел оқиды.

« Мектеп- кеме, білім –теңіз» , деп сайысымызды аяқтаймыз.

ашық сабақ.ppt

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s