Сағындым Алматымды


Атырау қаласы, М.Өтемісов орта мектебінің музыка пәні мұғалімі

Куляй Избаганбетова

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сағындым Алматымды.

Сабақтың мақсаты: А.Қоразбаев шығармашылығы туралы әңгімелеу.

1.Білімділік: А.Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әнімен танысу. 2.Дамытушылық: Оқушылардың ән орындау мүмкіндіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.
Әдісі: Сұрақ- жауап, СТО әдістері

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі –түсті сазгерлер суреттері, слайдтар, музыкалық аспаптар суреттері, ұрмалы аспаптар: астаяқ, сақпан, тұяқтас және баян, домбыра аспаптары, музыкалық үнтаспа.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. Балалардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты еске түсіру.

Қызығушылықты ояту

Сұрақтар беру: Слайд. Алатаудың әсем суреті. Табиғаттың әдемі көрінісі.

1.«Жер жаннаты Жетісу» деп неге айтқан?
2. Қандай композиторлар Алатау туралы ән-күй шығарған? 3.Н.Тілендиевтің қандай күйлері мен әндерін білесің?

3.Мағынаны тану
Интерактивті тақтада слайд көрсету. Алматы қаласының әдемі көрінісі. Алматы қаласының, табиғаттың, Алатаудың әсемдігіне талай ақын,композиторлар қызығып, жақсы көріп, алыс кетсе сағынып әнге,жырға қосқан. Сондай әнші-композиторларлын бірі – А.Қоразбаев.

Қоразбаев Алтынбек 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағыҚызылсай ауылында туған. Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.

Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған. 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды», «Әгугай домбыра», «Үшқоңыр», «Кеш жарық», «Аруана» «Жиырма бес» әндерінің авторы.

Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан Республикасының, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді. Ол ел ішіндегі дарынды балаларды іздеп тауып, олармен жұмыс жасаған композитор.Оның алғашқы шәкірттері М.Бесбаев,Т.Серіков, «Музарт» тобы (слайдтан суреттерін көрсету)танымал болып, халықтың ықыласына бөленіп келеді. Өзінің шәкірттерімен бірге концерттік сапарларға жиі шығып, олардың әншілік шеберлігін шыңдауына ықпал жасап келеді.

3. Ән тыңдау:

«Музарт» тобының орындауында А.Қоразбаевтың әні «Сағындым Алматымды». Ән үш дауыста орындалып, әнді ерекше сұлуландыра түседі. Әсіресе домбыра аспабын пайдалану әннің ұлттық бояуын аша түскендей. Композитордың әндері осы заманға лайық болғанмен ұлттық нақышқа сүйенген.

4. Ән айту:

Әуелі жаттығулар айту. До мажор, до минор гаммаларын орындау. «Сағындам Алматымды» әнін үйрену, қосылып орындау.
Өткен сабақта үйренген жергілікті композитор М.Дауылбаевтың әні «Атырау – Әнім» әнін орындау.

5. Сөзжұмбақтар шешу

Халық композиторлары, ұлттық аспаптар туралы.

6. А.Қоразбаевтың «Үшқоңыр» әнін тыңдай отырып, ұрмалы аспаптар астаяқ, сақпан, тұяқтасты қосып орындау.

7. Сергіту.

«Кел, билейік» әнін орындап билейді.

8. Жаңа сабақты қорыту:
— А.Қоразбаев өнер жолына қалай түседі?

- Композитордың ерекшелігі неде?
— «Сағындым Алматымды» әні қалай дүниеге келді?
— А.Қоразбаевтың тағы қандай әндерін білесің?

Бағалау. Үйге тапсырма: «Сағындым Алматымды» әнін жатап алу, композитор А.Қоразбаев туралы оқып келу.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s