Сан есімнің сұрақтары


Пәні:Қазақ тілі Сынып: 2 « а»
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сұрақтары.
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3. Адамгершілік қасиеттерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тірек — сызба, сюжетті суреттер, кеспе қағаз, интерактивті тақта, слайд,электронды оқулық.
Әдіс — тәсілдер: сұрақ — жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, бірін — бірі бағалау, көрнекі, талдау, салыстыру.
Түрі: аралас
Психологиялық дайындық..
І. Қызығушылықты ояту.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақпен төгіп нұр,

Сен, мен үшін -

Мен сен үшін,

Қуанышты болайық!

ІІ. Мағынаны тану.
Дәптермен жұмыс.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар.
Бұғы, ғарышкер, тоғыз, екінші, кітаптар, он бес, таяқ, елу бесінші, үйшік, төртеу.
— Неліктен олай топтадыңдар?
— Әр сөзге сұрақ қоямыз.
— Екінші бағандағы сөздерге қандай сұрақтар қойылды? ( Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?)
Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сан есімнің сұрақтары». Сан есім дегеніміз не?
Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады.
Екі, үшінші сөздеріне ауызша сөйлемдер құрау, сұрақтар қою.

Оқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.
467 — жаттығу .

Жұмбақесепті оқып,шешуін табу.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр,бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,.

Таба алмасаң, бол күлкі. (28)

Сан есімдерді тауып, сұрақ қою. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
468-жаттығу.

Жаңылтпашты оқып,жатқа жазу.

Қырық құлып,

Қырық құрық.

Құлып та- қырық,

Құрық та-қырық.

Сан есім мен зат есімнің байланысын сызбамен көрсету.

Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға бірікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.

469-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу.

1. Қай көшеде тұрасың?

2.Үйіңнің нөмірі нешінші?

3. Пәтеріңнің нөмірі нешінші?

4.Отбасыңда қанша адам бар?

470-жаттығу.

Жұмбақесепті оқып,шешуін табу. Бала санын дәлелдеу.

Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар.

Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?

ІІІ. Ой толғаныс.

Тест арқылы бірін — бірі бағалау.
1. Заттың санын білдіретін сөз табы –
А) зат есім
Ә) сын есім
Б) сан есім
2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
А) Қандай? Қай?
Ә) Қанша? Неше? Нешінші?
Б) Не істеді? Қайтті?
3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) бесінші
Ә) бес
Б) бесеу
4. Сан есімді тап.
А) сана, оқы
Ә) жиырма, үш жүз
Б) биыл, былтыр
5. Сөйлемнен сан есімді тап. Олжас бірінші орын алды.
А) Олжас
Ә) бірінші
Б) орын
В) алды.
Жауабы: 1.б

2.ә

3.а

4.ә

5.ә
Үйге тапсырма. 471-жаттығу.
Бағалау

Сын есімм .ppt

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s