Орыс классикалық музыкасы – Балет өнері


Атырау қаласы, М.Өтемісов орта мектебінің музыка пәні мұғалімі

Куляй Избаганбетова

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Орыс классикалық музыкасы – Балет өнері

Мақсаты:

1.Білімділігі: Орыс классикалық музыкасы, соның ішінде балет өнері туралы түсінік беру. Музыкалық сауатын ашу.
2.Тәрбиелілігі: Ізденімпаздыққа тәрбиелеу, танымын кеңейту,өнерге қызығушылықтарын арттыру.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Орыс классик композиторы П.И.Чайковский суреті, балет өнерінен көріністер, музыкалық унтаспа, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас. Әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Қызығушылықты ояту.
Өткен сабақ бойынша сұрақтар беру.
Тақтадан слайд көрсету(операданкөрініс)

– Балалар,бұл өнердің қай жанрына жатады?
— Опера дегеніміз не?
— Опера алғаш қай елде пайда болған?
— Ария дегеніміз не?

3. Ой қозғау.
Тақтадан слайд көрсету( Балет өнерінен көріністер )
Сұрақтар беру:
— Балалар, бұл қандай өнер екенін білесіңдер ме ?
— Дұрыс айтасындар, балет өнері.
— Балет өнері туралы білетіндерің бар ма?( Слайд көрсету « балет өнері»)

4.Мағынаны тану

Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі — бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық окиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде, музыкалық театр — опера, әсіресе балет — ең шарттысы. Неліктен? Өйткені, тіпті операда кейіпкерлер жай сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса — бәрі де басқаша. Ол — сөзсіз өнер. Оның негізі — би. Хореография — ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі — халық билерінде. Адамның қарапайым пластикалық қимыл-козғалысынан өнердің қиын түрінің бірі — балет спектаклінің шығуына дейін қаншама жылдар, қаншама тарихи дәуірлер өтті! Қазіргі біз білетіндей балет спектаклі Еуропада XVII ғасырда қалыптаса бастады. Одан бері балет өнері қалыптасу мен дамудың ұзак та қиын жолын басынан өткізді.

Әдебиетте сөздерден әңгіме мен поэмалар, романдар мен өлеңдер жазылатындай, балетте де қимыл-қозғалыстардан әр түрлі оқиғалар мен кейіпкерлердің жан сезімін әңгімелейтін балет-спектакльдер дүниеге келеді. Балет сөзсіз, тек артистің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін артистің ерекше табиғи қабілеті, дарындылығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оку орындарында оқуы керек. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ — классикалық би. Латын тілінен аударғанда классикалық — үлгілі деген сөзді білдіреді ( лат.classicus — үлгілі ). Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің үлгілі, атақты, танымал шығармаларын жатқызамыз. Классикалық деп біз ең керемет, бірінші дәрежелі балет спектакльдерін де айтамыз. Ал оларды жасаушы балетмейстерлерді хореография классиктерінің қатарына енгіземіз.

Итальян тілінен аударғанда балет деген сөз (balleto) «билеймін» деген мағынаны білдіреді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы сазгер,билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнада қосылады. Музыка билерді сүйемелдеумен бірге, балет шығармасының драмалық ой-мазмұнын тереңірек ашуға кызмет етеді. Балетмейстер — балет, би, хореографиялық көріністердің авторы және қоюшысы. Балетмейстер спектакльдің идеясы мен сахналық көркем тұлғаларды неғүрлым бейнелі түрде ашып көрсететін билер жүйесін құрастырады және жеке хореографиялық сахналар мен би нөмірлерін қояды. Балет классикалық және характерлі (халықтық билерге жақын) би үлгілерінен тұрады. Сюжетті балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, д’аксъон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыкалық-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран-па). Соңғысын кордебалет орындайды. Қаһармандық, драмалық, комедиялық сюжеттер балет жанрын айқындайды. Сондай-ақ шағын балет, балет-пантомима, балет-феериялар болып бөлінеді. Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореография образдар арқылы ашылатын спектакль.

Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушысценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры.

Орыстың Балет өнері 18 ғасырдың 2-жартысынан қалыптасты. Халықтыңби қазынасы бірте-бірте игеріліп, өнегелі Балет мектептерінің ыңғайымен жүйеге түсті.Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. (Слайд )

Чайковский Петр Ильич — дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Музыка әлемінде өз орны бар дара дарын иесі, ұлы орыс композиторы. Ресейдің Воткинск қаласында 1840 жылы дүниеге келді. Музыкалық қабілеті ерте байқалып: 5жасында фортепиано аспабында ойнап, ал 3жылдан кейін нота оқып, шағын өз шығармаларын жазып бастаған. Мәскеу қаласының ең жоғары музыкалық білім беретін оқу орны — консерваторияға түсіп, үздік бітіріп шығады. Петр Чайковский музыкасында ерекше әсемдік, сұлулық, қайталанбас мәні бар. Ол көптеген симфониялар, опералар, фортепианоға арналған шығармалар жазды. Мысалы: «Ұста Вакула», «Евгений Онегин», «Пиковая дама» операларын; «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» балеттерін; Кішкене балаларға арналған арнайы «Балалар альбомы», «Жыл мезгілдері» атты музыкалық жинақтарын жазған. Оның музыкалық туындылары дүниежүзі елдеріне кеңінен тарап, халықтың рухани игілігіне айналды. П. Чайковскийді дүниежүзі халқы балет музыкасына ең үздік шығармалар жазған дарынды композитор ретінде біледі.

5. Ой толғаныс бөлімі (Музыка тыңдау) П.И.Чайковский «Аққу көлі» балеті.(видео көрсету)

6. Ән айту бөлімі.

Жаттығу орындау. До мажор гаммасы. Наурыз мерекесі туралы слайд көрсету,әңгімелеу. Ән үйрену.
«Наурыз –көктем» Б.Бейсенованың әні.
Өткен сабақта үйренген әндерін орындау «Ай дидарлы анашым».

7.Музыкалық ойындар,сөзжұмбақтар шешу,өнер туралы мақал-мәтел жарысы (екі топ жарысы)

8. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: Әнді жаттау,балет туралы оқу.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s