Менің педагогикалық ұстанымым


Ақтау қаласы, гимназия сыныптары

бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы

жалпы білім беру орта мектебінің

құқық пәні мұғалімі

Бекназарова Р.А.

Эссе

Ұстаздық жолымның бастау алғанына он жылдан аса уақыт болса да, мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақтыдамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

- үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру;

- арнайы әдебиеттерді оқу;

- оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру;

- өзіндік сарап жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінем. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s