Жаңа сабақтар

Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандары


ШҚО Ұлан ауданы. Манат ауылы.

Ақжолов атындағы негізгі мектептің

математика пәні мұғалімі

Нурханова Зульфия Турусбековна

Ашық сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылар үшбұрыштардың және төртбұрыштардың аудандары формулаларын қорытып шығара білу және алған білімдерін іс жүзінде, есептер шығаруда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өз бетімен танып білуін жетілдіру ойлау әрекетін, дамыту.
Тәрбиелік: Дәлдікке, жауапкершілікке, шыдамдылыққа, сынып намысын қорғауға, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау. Жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Көрнекіліктері: Түсті маркерлерлер, бағалау парағы, үлестірме материалдар, карточкалар.
Сабақтың барысы: 1 Психологиялық ұйымдастыру кезеңі:
• Алдымен бүкіл сынып, содан кейін әр топ қол ұстасып, бір – біріне іштей тілек тілейді.
• Сабақтың мақсаты, міндетін баяндау.
• Әр топтың бағалаушысын сайлау.

I Қызығушылығын ояту кезеңі:

1.Топтастыру стратегиясы. Төртбұрыштың түрлері.

2. Топпен жұмыс. Сыныпты топқа бөлу. 1-топ «Төртбұрыш» тобы, 2-топ «Үшбұрыш» тобы.

• Блум таксаномиясы бойынша сұрақтар

2 топ бір-біріне кезек сұрақтар қояды.

1-топтың сұрақтары:

1) Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш.

2) Барлық қабырғалары тең параллелограмм.

3) Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш.

4) Барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш.

5) Тек қана екі қабырғасы паралель болатын төртбұрыш.

2-топтың сұрақтары:

1) Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш.

2) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш.

3) Үш қабырғасы тең болатын үшбұрыш.

4) Үшбұрыштың екі қабырғасынның ортасын қосатын кесінді.

5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табу формулаларын қайталау.

1-топ: 1) Параллелограмның ауданы қандай формуламен анықталады? Оның суретін салып, формуладағы элементтерін көрсетіңіздер.

2)Трапецияның ауданы қандай формуламен анықталады? Оның суретін салып, формуладағы элементтерін көрсетіңіздер.

2-топ: 1) Үшбұрыштың ауданы қандай формуламен анықталады? Оның суретін салып, формуладағы элементтерін көрсетіңіздер.

2) Герон формуласы бойынша қандай фигураның ауданы анықталады? Суретін салып, формуладағы элементтерін көрсетіңіздер.

ІІI. Ой толғаныс. 1) Карточкамен жұмыс.Екі топ кезек-кезек карточка алып, карточкадағы есепті топпен бірігіп орындарында шығарады да, сосын тақтаға бір оқушы шығып түсіндіреді.

2) Тестік жұмыс. Әр оқушыға есептер беріледі (деңгейлік тапсырма)

Қорытындылау.

Қорытындылауда оқушыларға төртбұрыштардың қасиеттері бойынша семантикалық карта толтыру беріледі.

қасиеті

Төртбұрыш

Қарама-қарсы қабырғалары

тең және параллель

Қарама-қарсы бұрыштары тең Диагонльдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді Диагональдары тең болады Диагональдары өзара перпендикуляр және оның бұрыштарын қақ бөледі Диагональдары тең екі үшбұрышқа бөледі Барлық бұрыштары тік
1 параллелограмм
2 Тік төртбұрыш
3 ромб
4 квадрат
5 трапеция

1-топ параллелограмм мен тіктөртбұрышты, 2-топ ромб пен квадратты Венн диаграммасында көрсетеді.

Сабақты бағалауда әр топ қарсы топты бағалайды.

Үйге тапсырма беріледі.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s