Жаңа сабақтар

Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдаст ыру негізгі формасы


Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

Т. Шанов атындағы ОМ биология пәні мұғалімі

Тілеубай Жадыра Балмұханбетқызы

Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы

Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен

сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық

дидактикалық элементтері қарастырылады.

Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық

жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен

көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын,

мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды

басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық

құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру – тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.

Сабақты дамытудың басқа тендеңциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелейформаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.

Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар

1.Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.

Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).

2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.

3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.

4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.

5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.

6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.

7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.

8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.

9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.

10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.

11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшіру оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігінше уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелесуге болады.

Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.

12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының орнықты болуына негіз салады.

Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский “ынта объектіге көзін тігу ғана емес” деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.

13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.

14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушыларды4 арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.

Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ оларды білу міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.

Сабақты құруға қойылатын талаптар:

1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың

уақытқа байланысты арақатынасы.

3. Идеялылығы мен ғылымилығы.

4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.

5. Жаңа материалдар беру.

6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7. Өмірмен байланыс.

8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын пайдалану.

9. Кітаппен жұмыс істеу. :

10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.

12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік.

13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.

14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.

16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі

19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.

20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21. Сабақ өткізу қарқыны.

22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі.

23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25. Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.

27. Грамматиканы, лексиканы оқу.

28. Оқу техникасы.

29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30. Көркем шығармаларды оқу.

31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, оқушылардың білімімен қатар біліктілігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді: Оның бастылары:

1. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі-(кез-келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек. Сондықтан сабаққа дайындалар кезде мүғалім оқушыларды таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, окушыларға сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, сол әдістерді, тәсілдерді, құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек.

2. Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы - бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу. Дұрысында, мұғалім сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға бейімделеді. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың оқушыларына әр түрлі уақыт қажет, сондықтан жақсы оқушылар жұмысты орындап, қалған уақытты босқа кетіреді. Әр оқушының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін, едәуір жақсы үлгірімді оқушыларға (оларға тапсырманың көпшілігін) жұмыстың барысы мен обьктісін ғана емес, олармен жұмыстың қандай да бір басқа амалдарын ойластыру қажет.

3. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы-бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.

Сабақтын құрылымы - бұл сабақтың элементтер жүйесін ұйымдастыру, мұғалімнің және оқушылардың тиімді еңбек етулеріне әсер етеді.

4. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы-бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру. Бұл жағдай сабақтың тиімділігін көтеруде алдыңғы жолдың жалғасы болып саналады.

Нашар ұйымдастырылған сабақтардың басты қайшылығы: мұнда мұғалімнің көп уақыты сабақты ықыласпен тындап отырған кейіп көрсетіп, өздері енжарлық танытқан оқушыларға кетеді.

5. Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау. Пәнішілік байланыс-бұл өткен материалды үнемі қайталау. Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана байланыстырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру ойлаудың жүйелілігіне мүмкіндік береді. Пәнішілік байланысты үнемі жүзеге асыру оқушыларға қандай да бір ұғымдарды тікелей оқып білу процесіндегі ғана емес, басқа тақырыпты оқып білу кезіндегі де заңдарды, яғни үнемі оқып білетін пәннің маңызды жағдайларын есте сақтау керектігіне мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру басқа оқу пәндерінің (гуманитарлық, жаратылыс - математикалық) ерекшеліктеріне байланысты. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек. Ол үшін мұғалімдер өздерінің оқушылары берілген уақытта не өтіп жатқаны туралы ақпаратпен үнемі алмасуы керек.

6.Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен білімін бақылауға,әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, әрине, уақытты механикалық қысқарту туралы емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздену туралы болып отыр.

Бұл мақсатпен техникалық құралдарды (ақпараттық-коммуникациялық), әр түрлі карточкаларды-тапсырмаларды, сауалнамаларды, тестілерді (оқушылар дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқ деген сөзбен жауап беруі керек) пайдалану, өзара тексеруді қолдану қажет. Яғни әр мұғалім өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.

7. Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктілігінің (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.

Ақпараттандырудың дамуымен білім процесінде кітаптың салыстырмалы салмағы тез түсе бастады, сондықтан, оқушылардың ойлау тиімділігі төмендей бастады. Сондықтан сабақтың өзінде кітаппен (оқулықпен) жұмыс істеуге үйрету керек, оқушылар оқулықта керектіматериалды табуға, оқылғанның бастысын бөліп көрсетуге, окығанға жоспар құруға, тезистер, конспект жасай білуге және т. б. үйренуі керек.

Қазіргі мектептегі шығармашылық сабақ

Білім жүйесінде мектеп негізгі саты болып табылады, онда шы-ғармашылық ой-өрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге тиісті.

XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: “Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді”. Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.

Адамды өнертапқыштыққа үйретудің басты жолы бар, ол шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметің мәнін құратын құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары (жинақылық, ұқыптылық, қажырлылық, мінез-құлық және т.с.с.) көмекші қызметті орындайды. Шығармашылық қызметтің құрылымы:

1. Бұрын меңгерілген білімін және біліктілігін жаңа жағдайға дербес көшіру.

2. Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.

3. Объектінің жаңа қызметін көре білу.

4. Объектінің құрылымын анықтау.

5. Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.

6. Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.

Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметке енгізетін көп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Атап айтқанда: жоба, үлгіні қорғау, дөңгелек үстел, пікір-сайыс, «ХХІ ғасыр – көшбасшы» интеллектуалдық марафон және т.с.с. Шығармашылықтың осы түрлерімен қатар, жоспар құру мен кіріктіру және атақты адамдардан сұхбат алуды қолдануға болады. Шығармашылықтың келесі бір түрі жоғары сыныптардағы ойын. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы саясаткерлер, ғалымдар, әлеуметтік, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары ролінде және облыс (қала) бойынша проблемалар туралы әр түрлі пікірлердің айтылуы жөнінде.

Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, интеллектілік біліктілікті меңгеруге негіз болып табылатын сабақ.

Шығармашылық сабақты әзірлеу

Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады.

Білім беру жүйесін құруда, оқушыларды қисыңды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі “түрлі” тапсырмамен анықталады.

Оқушылардың шығармашылық деңгейі тапсырманың мазмұнына тәуелді екені тәжірибеде дәлелденген. Егер тапсырма нашар берілсе немесе тапсырма оның өзінің тәжірибесі мен негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.

Тапсырмаларға қойылатын талаптар:

- тапсырмалар оқу бағдарламасында көрсетілгендей нақты базалық сұрақтарға, оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;

- тапсырмалардың алдымен белгілі шешімі болмауы керек;

- тапсырманың тұжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.

Шығармашылық сабақтарды анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтежесін құру болып табылады.

Шығармашылық сабақтар, әсіресе, бастауыш және орта буын сыныптарында аралас, яғни оқушылардың қызметінің 3-4 түрі бірін-бір ауыстырады. Жоғары сыныптарда сабақтың әрекеттік қызметі болады.

Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген. Олардың негізінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, айтылған шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық нұсқаларын өзіне қамтиды (А. В. Хуторской).

Когнитивті үлгідегі сабақтар:

— тәжірибе сабақ;

— бақылау сабақ;

— объектіні зерттеу сабағы;

— ізденіс сабағы;

— зертханалық — практикалық сабақ:

— проблема қою және оны шешу сабағы;

— түсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, гипотезаны);

— теорияны құрастыру сабағы;

— концерт сабақ, әлем суреттемесін немесе оның бөлігін жасау сабағы;

— бірінші басылымдармен жұмыс сабағы;

— кіріктірілген сабағы;

— метапәндік сабақ;

— пәнаралык сабақ;

— философиялық талдау қорыту сабағы;

Креативті үлгідегі сабақтар;

— міндеттерді құру және шешу сабағы;

— диалог сабақ (талқылау, пікір-талас, эвристикалық әңгіме);

— қайшылықты сабақ;

— қиял сабақ;

— өнертапқыштық сабақ;

— техникалық (ғылыми, қолдаңбалы, көркем, әлеуметтік, мәдени, педагогакалық) шығармашылық сабақ;

— жобалау, модельдеу сабағы;

— рәмізді — шығармашылық сабағы;

— тарихты “өзгерту” сабағы (тарихи оқигаларды өз бетінше шешу);

— эвристикалық жағдай сабағы;

— жаңалық ашу сабағы;

— шығармалар сабағы;

— іскерлік ойын;

— рөлдік ойын;

— саяхат сабақ (нақты, виртуальды);

— керісінше сабақ (оқушы мұғалім ретінде);

— болашақ мектептегі сабақ;

— болжамдық сабақ;

— шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы;

— олимпиада сабағы;

— шығармашылық талдау қорыту сабағы;

Ұйымдастыру қызметтік үлгідегі сабақтар:

— мақсатты есептеу сабағы;

— нормативті-шығармашылық сабақ;

— жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабағы;

— жеке білімдік бағдарламаны қорғау сабағы;

— топтық жұмыс сабағы;

— кеңес сабақ ( бір-біріне кеңсс беру);

— жоба сабақ;

— өзіне-өзі баға беру сабағы (бір-біріне баға беру);

— рефлексия сабағы;

Коммуникативтік үлгідегі сабақтар:

— бинарлы сабақ (екі мұғалім өткізеді);

— рецензиялау сабағы;

— өзара бақылау сабағы;

— вернисаж сабағы;

— көрме сабағы;

— аукцион сабағы;

— конференция сабағы;

— жарыс сабағы;

— КВН сабағы;

— сот жүргізу сабағы;

— спектакль сабағы;

— “дөңгелек үстел” сабағы;

— панорамалық сабақ;

— шығармашылық есеп.

Айтылған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл технологиялардың негізінде мұғалім нақты сабақтарды өткізеді және әзірлейді.

Оқушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру ерекшеліктері және кезеңі:

1. Шығармашылық сабақтың жоспары - бұл мұгалімнің білім бағдарламасынжүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау бір тақырыпта (тарауда) тапсырмаларды жоспарлаудан басталады. Мұғалім бір-бірімен байланысқан бірнеше сабақтарды ойластырады, олардың мақсаты, тақырыбы бойынша шамалап бөлінуін, қызметтің басым болған түрлерін күтілетін нәтижелер бойынша жүзеге асырады. Сонда пән бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгендей оқушылардың басты білімділік нәтижелері қалыптасады және оқылып жатқан тарауда жетістікке жету жүзеге асады.

2.Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың шығармашылық шамасын өзектендіру. Сабақ өткізілетін сыныптағы оқушыларының ерекшеліктері ескеріледі. Өткен сабақтың едәуір сәтті элементтерін еске түсіреді. Оқушылардың жағдайына ене отырып мұғалім оймен тақырыпқа байланысты олардың іс-әрекеттерін сезеді және болатын сабақ процесінде, қажет кезінде жоспарланған мазмұнның және оқытудың құралдарын түзетеді.

3.Мұғалім тақырыптың проблематикасынан өзіндік қарым-қатынас қалыптастырады. Бұл мақсатта оқулықпен, әдістемелік құралмен, кітаппен және сабақтың тақырыбы бойынша басқа материалдармен танысады. Мұғалім өзіне қызықты (онда бұл проблемалар оқушыларға да қызықты болады) проблемаларды іздестіреді. Осы проблемаларға мамандардың (ғалымдардың) қарама-қарсы көзқарасын немесе алуан түрлілігін белгілейді және табады. Проблеманы әр түрлі түсіну туралы мұғалімдердің алдын-ала білімі сабақта баланың пайымдауына оларға авторлардың жеке ықпалын көруге, оқушылар ойларының өзіндік бағыттарын ескермей кетпеуге көмектеседі.

4.Сабақтың мәнін анықтау, оқылатын курс бойынша басты мақсатты оның мәнімен арақатыстығын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылып жатқан тақырып, әр оқушының санасында әр түрлі болуы мүмкін екенін есепке алу маңызды. Оқушылардың жеке білімділік бағдарламасының бағыттары, игеру саласындағы олардың ынтасы жөнінде мәлімет болуы пайдалы.

5.Сабақтың идеясы әзірленеді, яғни сабақтың таңдап алынған үлгілерімен оның нәтижесі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оның барысында бір немесе бірнеше тапсырмалар ұйымдастырылып, әр оқушыға өзінің даралығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

6. Оқушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің білім стандарттарына сәйкес келуі. Оқушылардың жоспарлайтын шығармашылық туындысына күні бұрын баламалар таңдап алынады. Мысалы, сабаққа оқушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін дайындайды.

7. Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі дәрежедегі мақсатын нақтыландыру, оқушыға қатысты мақсаттың деңгейлеріне мысал келтіру.

8. Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқаларын әзірлеу. Сабақтың талаптарының бірі-«сабақтың тынысы», яғни оқушылардың іс-әрекетінің қарама-қарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының сабағында мұндай алмасу 10-15 минут сайын болады (ұжымдық «дауысты жұмыс), одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр оқушы аталған проблеманы шешеді (даралық, «ақырын» жұмыс), әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады (жеке-топтық «дауысты» іс-әрекет), аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді. Әр оқушы дәптеріне жазады, ол не түсінеді және нені үйренеді (даралық «ақырын» іс-әрекет).

9.Сабақтың конспектісін жазу. Оның үлгісі:

-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;

- сабақтың түрі;

- сабақтың мақсаты;

- сабаққа қажетті материалдар және жабдықтар;

- білім, білімділік бағытына қарай оқушылардың қызметі жоспарланады;

- сабақтың басты проблемасы;

- шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің кезеңдері мен түрлері;

- сабақтың әр кезеңінде оқушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары бойынша тапсырмалар беріледі, мысалы: «Өз әлеміңнің суретін сал»;

- оқушылардың тапсырмаларды орындауы бойынша күтілетін нәтижелері (нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);

- қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықтар;

- суреттер, тапсырмалар (шешуімен), кестелер, схемалар, мектеп тақтасының түрі;

- оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;

- сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау-бағалау түрі;

- үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқаулар немесе жеке);

- оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық, оқу құралы, интернет жүйесіндегі және т.б.);

- мұғалімнің сабаққа дайындалуында қолданылған әдебиеттер және басқа материалдардың тізімі;

-өткен сабақтың талдау түрі, оған қатысқан оқушылар және әріптестермен оны қарастыру қортындысы.

Праздник Наурыз в доме-интернате для пристарелых
Начало формы

Конец формы

Автор: Баймаганбетова З.К.

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Сабақ –оқу процессінің басты бөлімі. Қазіргі таңдағы мектептерде қойылатын талаптардың күрделенуімен бірге сабақтар талаптары да нақтылана, айқындала түсуде. Бұл талаптарды негізгі төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық және гигиеналық. Бұлай топқа жіктеудің мәні оқу-тәрбие процесінде бұл талаптардың өзара тығыз байланысытылығында және бір-бірін толықтырып, ықпал етіп отыратындығында.

Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануға әсер етеді. Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс.

1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)

2.Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)

3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар. Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы, 40-60 пайызын қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.

Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық қабілеттерін біліп, ескеруі қажет. Оқушы мен мұғалімнің психологиялық жағдайы сабақ үрдісінде ерекше әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеру мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.

Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол түсуі – бала денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады.

Сабақтың үш мақсаты:

Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың негізгі компоненттері:

1. Ұйымдастырушылық – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

2. Мақсаттылық – оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалдарының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңызылығын анықтау.

4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.

6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі.

1. Сынып оқушылдарының ерекшелігін есепке алу:

- сынып деңгейі;

-оқушылардың пәнге қызығушылығы;

-сыныптың жұмыс қарқыны;

-білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

-әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынасы;

-оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәтүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы;

-оқушылардың жалпы тәртібі;

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

-жүйке жүйесінің типі;

-тіл табысушылығы;

-көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;

-оқушылардың жаңа материалдарды қабылдуына басшылық жасауы;

-көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі;

-өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

-импровизация жасай білуі; 3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.

Жалпы ережелер:

1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2) Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі: ғылыми, ғылыми-көшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап етілетінін анықтау;

4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;

5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

6) Сабақта оқушыны нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

7) Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа материалдарды игеретін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

8) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

9) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспрарына жазу.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

8. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

9. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

10. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

11. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

12. Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.

Негізгі бөлім былай беріледі:

№ Сабақ Күні:

Тақырып:

Мақсаты:

Тапсырмалар: -оқытушылық

- дамытушылық

- тәрбиелік

Құрал жабдықтар:

1.

2.

Сабақтың жеке кезеңдері.

Мысалға:

Ұйымдастыруға – 1 мин.

Өзіндік жұмысқа – 10 мин.

Жаңа тақырып – 20 мин.

Фильмді демонстрациялау – 5 мин.

Бекіту – 7 мин.

Үйге тапсырма – 2 мин.

Әдебиеттер (беті көрсетілу керек).

Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі:

1. Қандай талаптар басшылыққа алынды?

2. Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?

3. Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?

4. Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?

5. Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?

6. Сабақтағы оқу материалдары дұрыс таңдалды ма?

7. Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?

8. Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ боса, неге?

9. Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?

10. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?

11. Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s