Сансызбаева Гулбаршын Ораковна
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Құрман орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше
педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық
технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы.
Categories: Жаңа сабақтар