Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылы
Сағыз орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Тәжіпенова Гулмира Қылышқызы
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мысалы. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын
арттыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, оқулық, кесте «10-нан -99-ға дейінгі натурал сандардың квадраттарының» кестесі.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: репродуктивтік, көрнекілік, практикалық, өзіндік жұмыс, сұрақ- жауап, сөйлеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет «ұлттық салт- дәстүрмен Виет теоремасын байланыстыру»
Сабақтың құрлымы: 1. ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың жұмысқа толық дайындығың, сабаққа келмегендерді белгілеу.
б) Оқушылардың зейінің жинақтау мақсатында, оқушыларға жалпы сұрақ қоямын:
Психологиялық сәт.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.
Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі бағ баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.
Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғам дық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.
Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет… ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.
Осындай барлық жағдай жасалып отырған білім ордасының ұстаздарына талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.
Мектеп ұжымы сапалы білім үшін осындай іргелі мәселелерді талап дәрежесіне қойып, білім жүйесінде оқытуды биік сапалы дәрежеге көтеру үшін еңбек етуде.
Мектептің тәрбие жұмысы өмірдің барлық салаларындағы ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қабылдап, дамытуға қабілетті, рухани және адамгершілік қасиеті бай тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуына әсер етуді көздейді.
Мектепішілік дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар, ұжымдық,шығармашылық істер - мектеп өмірінің ең қажетті бөлігі. Бұл іс-шаралар алдын-ала жоспарланып, сынып оқушыларының толық қатысуымен іске асады. Мектепте мектепішілік дәстүрдің маңызы ерекше орын алады. Мектепішілік дәстүрлі істерде әр оқушы және жалпы ұжымға ерекше маңызды болып табылатын белгілі құндылықтар бекітілген. Ұжымға қажетті кез-келген іс-шараны қиналмай, шын ықыласпен орындай білу –болашаққа қажетті үлкен өмірлік сабақ екендігін әрбір мұғалім оқушыларға түсіндіріп, бақылай отырып нәтижеге жетуге тырысады. Тәрбие жұмысында тәрбие салаларының түрлерін қамти отырып өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруда оқушылардың қызығушылықтарына байланысты сұраныстары да ескеріледі.
Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.
Қорытынды.
Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
•Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.
•Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
•Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.
•Мектептің материалдық базасын нығайту.
•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.
Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009
2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008
3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007
4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009
5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009
6. Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007
7. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы 2007
8. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар – 3-2011
АБИШОВА НАЗИПА РАХИМОВНА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ |
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру
Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, ұстаздар,сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын. Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде де, тұтастай ақпарат технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай: Егер біз бұл технологияларды бұрынғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданып қала береді. Компьютерді-білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни, компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім «сақтаушысы» ретінде қарастырған жөн. Сонда ғана мультмедия жүйесі: Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім , алдымен, келесі міндеттерге мән беруі керек. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез-келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай алады. Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны мұғалімге сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, тышқан түймені ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалағанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздік жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Екінші режим-Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын,яғни,материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Microsoft Office-нің барлық мүмкіндігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі-құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни, экраннан түсірілген суретпен емес, құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Үшінші режим-тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Алға қойылған мақсатқа жетудың тиімді құралдарының бірі-нәтижеге қол жеткізуге бағытталған қызметті үйымдастыруда ұстанған жобалық әдіс Соңғы жылдары да қазақ тілінен көптеген компьютерлік бағдарламалар құрастырылып жатыр. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қазіргі кездегі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлуге болады: Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Ж. Букенева. «Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері»(Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.2008.№6.) |
Categories: Жаңа сабақтар