Жаңа сабақтар

Баяндама “Бұл күндегі тәрбиеші рөлі”


Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Екпінді ауылы №242 мектеп жанынан құрылған
Нұрай шағын орталығының балабақша
тәрбиешісі Алдиярова Анар

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін сабақ барысында жаңа технология элеметтерін пайдалану тиімді.Бұл орайда баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып,төмендегі тәсіледерді тиімді қолдану қажет:

-Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

-Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

-Жылы сөздер арқылы үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Яғни әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат-шәкіртіне білім,тәрбие беріп қана қоймай,әр баланың «менін» ашу.Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. «Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы-тәрбиеленген адам» екені белгілі.Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс.Өйткені тәрбиеші бала болмысын жүзін көріп тәрбиеші жаңашыл,білімді,іскер,қабілетті,жауапкершілік сезімді,жаңа технологияны толық меңгерген,өз ісінің шебері болуы керек.

Бала қабілеті ашылуы үшін:

1.Тәрбиеші білімнің ұдайы жетілдіріп,кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.

2.Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

3.баланы ақпарат,жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

4.Ата-анамен тығыз байланыс орнаған жөн.

5.Баланы өмірге бейімдеуде дәл,дұрыс бағыт беріп,жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек.

Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармағаны жөн,соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады.

Жапсыру балалардың эститикалық сезімін,көркемдік талғамын оятып,шығармашылық қиялын дамытатын салалардың бірі болып саналады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай әр берілетін жаңа сабақ ойын ретінде өткізіледі,немесе ойын элементтері қосылады.Ойын барысында баланың қиялы дамып,сөздік қорлары молайып,оған қатысушылар арасында белсенді қарым-қатынас жүреді. Мысалы, «Темір жол» тақырыбында өткізілген сабақ барысында тек қана көрнекілік материалдар қолданбай, «Біздің пойыз келе жатыр» қимылды ойынын ойнатып З.Джаббарадзенің «Пойыз» өлеңін оқуға болады.Бұл әдіс балалардың шығармашылық қиялын дамытады.

«Жапырақтар биі» атты сабақ барысында ,балалар,ең алдымен,табиғат материалымен танысып, «Жапырақ неге ұқсайды?» деген сынақ өткізеді.Бұл балалардың эститикалық сезімі мен шығармашылық қиялын дамытады.

Жапсыру сабақтарында үнемі айырықша өзек ретінде әйтеуір бір нәрсе болса,соның айналасында басқа әрекет түрлері жинақталып,образдары терең түсінуге,оларды түрлі мәнерлі тәсілдер арқылы жасауға көмектеседі.Жапсыру әр баланың түрлі көркемдік шығармашылық әрекетке қатысып,қоршаған ортаның көркемдігін меңгеруге көмектеседі.Мысалы, «Біздің үйіміз» тақырыбына өткізілген жапсыру сабағында балалар өздерінің үйлері жайлы қысқа әңгімелеп,қаланың зәулім үйлері мен ауылдағы ата-әжелерінің үйлерін салыстыра отырып бейнелейді.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың және бір тәсілі-сабақ барысында музыкалық шығармаларды тыңдау.Мысалы, «Гүлзар» тақырыбына өткізілген жапсыру сабағының алдында балалармен ауладағы гүлдерді,гүлзарларды тамашалап,сабақ барысында музыкалық шығарма тыңдатқан тиімді.Бұл әрекет балалардың шығармашылық қабілетін,сонымен бірге эмциясын,зеректігін,әлемнің әдемілігін терең түсінуге ынтасын тудырады.

Балалар шығармашылық арқылы белгілі бір нәтижеге жету және моральдық қанағаттанушылық пен сүйсіну сезіміне бөленеді. Баланың бойындағы ерекше қасиеті,шығармашылық қабілетті ашу-тәрбиешіге,сіз бен бізге жүктелер жауапты міндет.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s