«ЖАҢА БІЛІМ-ЖАҢА ҒАСЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС-КОНКУРСЫ


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

Республикалық 45minut.kz басылымы «ЖАҢА БІЛІМ-ЖАҢА ҒАСЫР» Республикалық сайыс-конкурсының ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Мақсаты: Білім мекемелері, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар шығармашылығын насихаттау. Ұстаз беделін арттыру және Республика бойынша білім мекемелерінің шығармашылық біліктілігін таныту.

Конкурс негізгі төрт бағыт бойынша қатысушылардың кәсіби, шығармашылық, өнер, танымдық бағыттағы шығармашылық деңгейіне баға беретін шығармашылық конкурс болып есептеледі.

Қолдаушы ұйымдар: Республикалық сайыс-конкурс жұмысын үйлестіру үшін конкурстың жалпы шарттары мен тиісті талаптары айқындалды. Республикалық сайыс-конкурсты ресми қолдаушы ұйымдармен келіссөз жүргізіліп, конкурстың жұмысшы тобы құрылды. Республикалық конкурстың жұмыс жоспары бекітілді.

Республикалық конкурс жұмысын үйлестіру жұмыстарының басталуы үшін бірлесе қызмет жасау туралы меморандум құжаттамасы ұсынылады.

Қолдаушы ұйымдардың міндеттері:

  1. Республикалық конкурстың атауын ұсыну және бекіту
  2. Республикалық конкурсқа барынша қолдау көрсету
  3. «Ресми Қолдаушы» мәртебесіне сай әрбір конкурс сайыстарының тақырыбын белгілеу
  4. Конкурс жұмысына сараптама жасау үшін сарапшылар құрамын жасақтау

Қатысушылар:

  1. Ұстаздардан құрылған топ
  • Білім мекемесі ұжымының тобы
  • Ұстаздың жеке өз атынан қатысуы

Қатысушыларға талаптар: Сайысқа қатысушылар командалық, жеке және ұжымдық түрде қатынасуға мүмкіндік алады. Шығармашылыққа шектеу қойылмайды. Сайысқа жеке түрде қатысушы талапкер конкурстың барлық сайыстық бөлімдері бойынша қатысуы міндетті.

Талаптар: 1. Қатысушы формасы. 2. Таныстыру бейджик-төсбелгі

Көрсетілім форматы: Шығармашылыққа шектеу қойылмайды. Презентация, Видео, Өнер көрсету, Сахналық көрініс және т.б …….

Көрсетілім уақыты: 4 (Төрт) минут

Бағыттары:

  1. Оқушы шығармашылығы – Бір немесе бірнеше оқушының, оқушылардың шығармашылығы, өнері және жеке жетістіктері көрсетіледі.
  • Ұстаз шығармашылығы – Бір немесе бірнеше ұстаздың, ұстаздардың шығармашылығы, өнері және жеке жетістіктері көрсетіледі.
  • Ата-ана шығармашылығы – Бір немесе бірнеше ата-ананың, ата-аналардың шығармашылығы, өнері және жеке жетістіктері, білім мекемесімен байланысы көрсетіледі.
  • Өскен өңір таныстырылымы – Қатысушылардың өңірі туралы таныстырылымы. Видеопрезентация немесе таныстырылым түрінде көрсетіледі. Өңірдің жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мағлұматтар.

Сайыс бөлімдері:

  1. Таныстыру. «Өзіңді таныстыр, өзгені таны»
  • Оқушы шығармашылығы. «Арманы асқақ оқушы»
  • Ата-ана шығармашылығы. «Отбасылық тәрбие»
  • Өскен өңір таныстырылымы. «Өнегелі мекенім»

Конкурсты бағалау және сарапшылар: Конкурсты сараптау сарапшылардың бағалауы және көрермендердің таңдауы нәтижесінде бағаланады. Сараптау алқасына төрт бағыт бойынша сарапшылар шақырылады.

  1. Өнер саласы – Бір сарапшы
  • Ұйымдастырушылық – Бір сарапшы
  • Білім-ғылым бағыты – Бір сарапшы
  • Танымдылық – Бір сарапшы

Іріктеу сайыстары Қазақстан бойынша барлық облыс орталықтарында өткізіледі. Жеңімпаздар Республикалық конкурстың қорытынды сайысына қатысуға мүмкіндік алады. Қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға сыйлықтар мен кубок табысталады. Қорытынды сайыс Астана немесе Алматы қаласында өткізіледі.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫ АНКЕТАСЫ

Құрметті Ұстаздар! Республикалық Ұстаздарға арналған конкурстың Ақтөбе облысы бойынша өтетін іріктеу сайысы өтеді.

Іріктеу сайысының жоспардағы өту уақыты: 24.04.2022 жыл. Ақтөбе қаласы

Конкурстың іріктеу сайыстарына қатысу үшін қатысу жарнасын төлем жасауыңыз және конкурс материалдарын [email protected] почтасына «Конкурс материалы» тақырыбымен жіберуіңіз сұралады.

Республикалық конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің электронды почтасына келесі материалдарды жіберу қажет:

  1. Қатысушы анкетасы
  2. Конкурс материалдарыныңэлектронды нұсқалары
  3. «Қатысу жарнасы» белгісімен төлем туралы түбіртек көшірмесі

Қатысу жарнасы:

Тікелей қатысушылар үшін: 7000 (Жеті мың) теңге.

Қашықтан қатысушылар үшін: 15000 (Он бес мың) теңге.

Қатысушыларға талаптар: Сайысқа қатысушылар командалық, жеке және ұжымдық түрде қатысуға мүмкіндік алады. Шығармашылыққа шектеу қойылмайды.

Талаптар: 1. Қатысушы формасы. 2. Таныстыру бейджик-төсбелгі

Көрсетілім форматы: Шығармашылыққа шектеу қойылмайды. Презентация, Видео, Өнер көрсету, Сахналық көрініс және т.б ……

Көрсетілім уақыты: 4 (Төрт) минут

Сайыс бөлімдері:

1.Таныстыру. «Өзіңді таныстыр, өзгені таны» және «Мектептегі бір мезет»

  1. Оқушы шығармашылығы. «Арманы асқақ оқушы»
  2. Ата-ана шығармашылығы. «Отбасылық тәрбие»
  3. Өскен өңір таныстырылымы. «Өнегелі мекенім»

Маңызды ескерту: Барлық қатысушылар конкурс сайыстың барлық бөлімдері бойынша қатысады. Сайысқа жеке түрде қатысушы талапкер де конкурстың барлық сайыстың бөлімдері бойынша қатысуы міндетті.

Қашықтан қатысушылар үшін: Қашықтан қатысушылар конкурсқа әзірлеген презентация, видео, сурет материалдарын жинақтап, бөлім бойынша бөлек бөлек файл ретінде әзірлеуі керек. Жинақталған файлдарды ZIP архивтелген түрде Интернет арқылы [email protected] почтасына жібереді немесе Ақтөбе қаласындағы редакция филиалына тапсыруға болады.

Тікелей қатысушылар үшін: Тікелей қатысушылар редакторлық сараптамаға қатысуы міндетті. Редакторлық сараптамаға қатысушылардың бір өкілі басшысы қатысады. Сараптама 23.04.2022 жылы Ақтөбе қаласындағы редакция филиалында өткізіледі.

Тікелей қатысушылар материалдары сараптама кезінде талқыланады.
Тікелей қатысушылар жол жүру және тұру шығындары өз есептерінен болады.

Ерекше ескерту: Тікелей және қашықтан қатысушылардың материалдары презентациялық жинақ түрінде баспаға шығады. Баспаға жариялануы үшін әрбір бөлімді таныстыратын бір презентациялық материал әзірленуі керек. Презентациялық материал 5 (Бес) беттен аспауы керек.

Презентациялық материалды баспаға тапсыру мерзімі: 19.04.2022 ж. (Осы мерзімнен қалдырмай тапсырыңыздар.)

Презентациялық жинақ баспаханадан әзірленіп әрбір қатысушыға сертификатымен бірге беріледі.

Материалдарды Батыс Қазақстан аумағы бойынша редакцияның филиалына тікелей әкеліп тапсыруға да болады.

Редакцияның мекен-жайы: Ақтөбе қаласы. ул. Заводская-21. 3-этаж, 24-кабинет.

Қатысушы анкетасы:

  1. Тегі, аты, жөні (Команда аты)
  2. Ұйым, қызметі
  3. Мекен-жай, телефон, E-mail
  4. Ұйымның пошталық адресі индексімен (шақырту алу үшін)
  5. Материалдар тізімі (Атауы)
  6. Төлегені туралы түбіртек (қосымша түрде)
  7. Күні, қолы

Қатысушы жарнасын төлеу үшін ақпарат:

Төлем Халық Банк арқылы жүзеге асырылады.

ИП Нагиева Шынаргул Бектелеуовна. Юридическое лицо деп банкке айту керек

1 вариант. Халық Банк карточкасы: 4402 5755 0105 9700 — KZ076010002105261137

2 вариант. Төлем үшін Халық Банк есеп шотына ақша аударым жасалады.

ИП Нагиева Шынаргул Бектелеуовна. Юридическое лицо деп банкке айту керек

Назначение платежа: За конкурс

ИИН 760916400102
ИИК: KZ096010121000156488 АО “Народный Банк Казахстан”
БИК: HSBKKZKX Кбе 19, КНП 851

Конкурсқа қатысуды ұйымдастырудың бірінші сараптауынан өтіп, екінші сараптауына жіберілген қатысушылар тізімімен таныс болыңыздар.  Конкурсты ұйымдастырудың сараптауы:

  1. Тіркелу және тіркелуін мақұлдау
  2. Редактор почтасына конкурсқа қатысу үшін материалдар жіберу
  3. Материалдардың толық және талапқа сай екендігі тексерілу және конкурсқа қатысуға жолдама

Жағымды жаңалық: Конкурс болғандықтан іріктеу турында орын алу сарапшылар алқасының шешімі негізінде. Сарапшылар финалға 2 жолдама жане барлық қатысушыларға арнап түрлі номинациялық орындарды сараптайды. Қашықтан қатысушылар үшін де номинациялық орындар қарастырылған. Барлық қатысушылар қатысушы сертификаты, жинаққа да материалы жарияланады. Қашықтан қатысушыларға сертификат, жинақ және т. б құжаттар Казпочта арқылы жіберіледі.

konkyrsРеспубликалық конкурс туралы ақпарат

11.04.2022 жылы Конкурсқа қатысуды мақұлдағандарға конкурс шарттары және қатысушы анкетасы жіберілді. Конкурсқа қатысуды ұйымдастырудың бірінші сараптауынан өтіп, екінші сараптауына жіберілген қатысушылар тізімімен таныс болыңыздар.  Конкурсты ұйымдастырудың сараптауы:

  1. Тіркелу және тіркелуін мақұлдау
  2. Редактор почтасына конкурсқа қатысу үшін материалдар жіберу
  3. Материалдардың толық және талапқа сай екендігі тексерілу және конкурсқа қатысуға жолдама

Жағымды жаңалық: Конкурс болғандықтан іріктеу турында орын алу сарапшылар алқасының шешімі негізінде. Сарапшылар финалға 2 жолдама жане барлық қатысушыларға арнап түрлі номинациялық орындарды сараптайды. Қашықтан қатысушылар үшін де номинациялық орындар қарастырылған. Барлық қатысушылар қатысушы сертификаты, жинаққа да материалы жарияланады. Қашықтан қатысушыларға сертификат, жинақ және т. б құжаттар Казпочта арқылы жіберіледі.

Конкурстың жалпы ережесі: http://45minut.org/2014/04/14/konkurs-erezhesi/

Конкурсқа қатысушылар үшін 19.04.2022 жылға дейін материалдар қабылдау мерзімі. Материалдар толық және талапқа сай қабылданған соң ғана конкурсқа қатысуға жолдамаға ие болады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s