Ұстаз мерейі


Өнерге деген құмарлық оны, мектеп қабырғасынан Арыс қалалық балалар саз мектебіне жетелеп әкелген. Бала күннен қазақы қос ішектің қоңыр үніне құлағы елтіп, іштей қызығатын. 1980 жылы мектепте алғаш домбыра класы ашылып, оған Жұмашова Роза жетекшілік жасап, кеудесіне ұялаған құштарлық қолына домбыра ұстатып, тәрбиесіне бой ұсынып, киелі аспаптың сырына қанықты. Ертелі — кеш радиодан шырқалған қазақтың халық әндерін тыңдап өскен қыз, қос ішектің болмысына сыйып жатқан керемет күй ырғақтарына сүйсініп, осы мамандықты меңгеруді арман етті. Білікті ұстаздар Байымбетов Бақыт, Каленова Алиналардың тәрбиесін алған ол, 1985 жылы Шымкент саз училищесіне түсіп, шебер ұстаз Марат Анашовтың сыныбында оқып, тәжірибе жинады. Өмір ағыны Забира Өміртайқызын Арыстағы балалар саз мектебіне қайта қауыштырды. Бұл жолы ұстаз болып оралды.Алғашқы да ауырлығы да болды. Теория мен тәжірибені ұштастыруда қиналған кездері де әлі есінде. Жыл өткен сайын ұстаздың міндеті де салмақтанып , мақсат пен міндеттерін сезініп, жауапкершілігі арта түседі. Жастайынан еңбек сүйгіш қабілетімен көзге түскен Забира үнемі алға талпынды. Білмегенін үйреніп, біліктілігін арттырды. Осы уақыттар арасында көптеген шәкірттерді тәрбиеледі.

Алғашқы шәкірті Бекбол Құрақбаев мектеп қабырғасынан домбырамен ән салып, республикалық сахнаға дейін өнер көрсетіп, сол жолды таңдады. Шәкіртің шынайы шеберлікке бейімі болса,ұстаз еңбегіңнің ақталғаны қандай жақсы. Лаура Нұранбаева оның еңбегін ақтап, Алматыдағы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияны тамамдады. Білім айдынында жинаған тәжірибесі республикалық, бүкілодақтық байқаулардың жеңімпазы атанды. Мұның бәрі ұстаздың шеберлігінің арқасы. Қазақ халқы аталы сөзге шебер ғой. Мысалы, « ат тұяғын тай басар » дейді. Забира Құдасбекованың келесі шәкірті Каленова Мадина саз колледжін , одан кейін , Шымкент академиялық инновациялық университетін бітірген. Қазір , Арыс қаласында Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінде домбыра бөлімінің ұстазы. Мадина да тәлімді ұстаз Марат Анашовтың шәкірті. Мектептен тыс мекемелер арасында өтетін дәстүрлі өнер байқауларында тұрақты түрде жүлде алды. Забира Өміртайқызының келесі шәкірті Елтаева Әйгерім Шымкент саз колледжінен соң, арайлы Алматыда консерваторияда білімін жалғастыруда. Әміреев Айдарда өнер жолын таңдап, Украинада өткен халықаралық « Восточный базар » атты байқауға қатысып , лауреат атанды. Ұстаздың еңбегі болмаса , шәкірттер өнер сайыстарында жетістікке жете алмаған болар еді. Бұл Забираның тынымсыз еңбегінің арқасы. Ол өте еңбек сүйгіш, тәуекелшіл, қиындықтан қорықпайды, тәжірибесі мол ұстаз. Шәкірт дайындауда уақытпен санаспайды, қатал талап қойып, қандай істі қолына алса да, ақырына дейін жеткізе біледі. Оның алдына келген шәкірттің бәрі шеберлік мектебінен шыңдалып өткенін сайысқа түскен кезінде жетістігімен дәлелдейді. 2009 жылға дейін өнер мектебі тарихында дәл мұндай жетістіктер көп болмаған. Мектеп басшыларының ауысып, әр бір ұстазға жүктелген жаңаша талаптардың нәтижесі міне, осындай жеңістерге жетеледі. Иығына үлкен жүк артып, ширек ғасырдан астам тарихы бар мектептен алғаш рет республикалық, халықаралық ән байқауларына шәкірт дайындауы бұл Забираның мықтылығы екенін әріптестері мойындау да керек. Аудандық , облыстық жетістіктерді айтпағанның өзінде, 2012-2013 жылында Халықаралық IX « Күншуақ » байқауына дәстүрлі ән жанры бойынша Баяш Гүлмира қатысып, бас жүлдені иеленсе,күй жанры бойынша Дәрібаева Маржан бірінші орынды жеңіп алды. Дүбірлі додада үкілеп қосқан үміткері жеңіске жетіп жатса, ұстаз үшін одан артық қуаныш бар ма? Осындай жетістіктер Забираны одан сайын қанаттандыра түсті. Күн демей , түн демей шәкіртін жанына алып тынымсыз жаттығу жұмыстарын жүргізді. Жарыстан озу үшін талаппен бірге талғамда қатар жүруі керектігін баса назарда ұстады. Қай байқауға барса да құр қол келген емес. Бесінші халықаралық , республикалық « Ғұмырдария » байқауында ұлттық аспапта орындауда Жұмабай Тоқжан екінші орынды, дәстүрлі ән бойынша үшінші орын Әділбек Шынарға бұйырды. Халықаралық X « Күншуақ » байқауынан Әділбек Шынар » бірінші орынды иеленді. Алматы қаласында өткен

IIРеспубликалық « Жаз мереке » Абдысалы Аружан дәстүрлі ән жанрында

өнер көрсетіп, екінші орын алды. Республикалық « Күншуақ »байқауында аспаптық орындауда Жұмабай Тоқжан екінші орын, дәстүрлі ән жанры бойынша Абдысалы Аружан бірінші орынға ие болды. Қараша айында Республикалық « Күз мереке » ән байқауындааспаптық орындаудан Серікбай Әсел бас жүлдені қанжығаға байлады. Биылғы жылы қаңтар айында « Қысқы ертегі» атты байқаудан Ахметбек Дилназ бірінші орынды иеленсе, араға екі апта уақыт салып, өткен VI Республикалық « Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың өлеңдеріне арналған әндердің байқауында шәкірті Әбдібек Шынар екінші орынға ие болды. Ұстаз еңбегі елеусіз қалған емес. Халықаралық « Бейбітшілік әлемі » атты қазақ творчествалық бірлестігінің көркемөнерпаздар мүшелігіне қабылданып, « Лидер образование » атты медалді өңіріне тақты. Айтсаң санынан жаңылысатын жарыстарға шәкірттер дайындап, одан жеңіс иелену оңай шаруа емес. Оның есімі ауданға танымал. Ол туралы аудандық ақпарат көздері жиі жазып, аудандық телеарналар көрсетіп жатады. Әр байқау сайын ұстаздың еңбегі ескеріліп, арнайы марапаттар беріледі. Оның жазған мақалалары Республикалық « Ұстаздар үні», « Жаңа білім-жаңа ғасыр » атты кітаптарға басылып шықты. Жалпы, адал еңбектің алғысы мол болады. Бар білімін бала үшін арнаған әріптесіміздің еңбегі мақтауға тұрарлық. Үлкен сүйсініп, кіші өнеге алып жатса , ешкім қой демес еді. Өнер ордасында адал еңбек етіп көзге түскен ұстаздың бергенінен бері көп. Жүлделер көбейе берсін !

Темірхан Әбдіков

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық

Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің тәрбие ісінің

орынбасары

1. Суретте : Республикалық конкурстың лауреаттары Әбдібек Шынар мен Игібай Зарина және ұстазы Құдасбекова Забира

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Изменить )

Фотография Twitter

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Изменить )

Фотография Facebook

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Изменить )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Изменить )

Connecting to %s

Отслеживать

Get every new post delivered to your Inbox.