Monthly Archives: Февраль 2014

Білімді тиянақтау


Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жумадиллаева Назира

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға көбейту және бөлу амалдарына байланысты есептеулерді

меңгерту.

2.Танымдық қабілеттерін ,ойлауын,зейінін,есте сақтауын дамыту.

3.Ұйымшылдыққа ,ізденімпаздыққа тәрбиелеу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге баулу.

Көрнекілігі: кесте,ойын түрлері,интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз. Read more

Ғылыми жоба: «Математика сабағында интербелсенд і оқу/оқыту әдістемесін қолдану»


Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жумадиллаева Назира

Жобаның тақырыбы:«Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолдану»

1. Жобаның идеясы:

Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту арқылы пәнге қызығушылығын

арттыру мен ынталандыру

2. Жобаны қалыптастыру жағдайы.

Жобаны қалыптастыру үшін мына факторлар әсер етті:

Ø әдістемелік әдебиеттерді оқып үйренуден;

Ø әріптестердің іс-тәжірибесімен алмасудан;

Ø қалалық, облыстық әдістемелік жұмыстарға белсене қатысудан;

Ø 2-3 деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің әдістемелік көмегі;

3. Жобаның теориялық базасы.

1. Математика: жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық/Т.Оспанов,Ш.Құрманалина,Ж.Қайынбаев,Б.Қосанов,К.Ерешева. 2-басылымы.-Алматы:Атамұра 2003 ж.

2. Б.А.Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары: Оқу-әдістемелік құрал.

3. А.Қ. Әлімов, Б.М.Қосанов, Р.Ж.Базарбекова. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме. Алматы, 2010-115 бет.

4. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4

5. Интернет жүйесі.

4. Жобаның өзектілігі.

Математика сабақтарында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолданудың тиімділігі өте зор. XXI ғасырдың көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде математиканы оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау», «Интербелсенді әдістеме», Б.М.Тұрғынбаеваның «Дамыта оқыту технологиялары»,Ж.А. Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор. Read more

Ер мінезді Қазақ қызы


Сол 1959 жылы қаңтардың жиырмасыншы тәулігінде киелі Ордабасы ауданы, Жамбыл ауылының тұрғыны Зұлпықар қария мен қосағы Үрбибі ананың асыл тұяғы Әбдіраштан аңсай күткен тұңғыш немересін иіскеп, көңілдері көктемдей гүл-гүл жайнап, желпініп шыға келді. Қақаған қыстың ақ боранымен алысып, жатаған қыстауда жарық дүниенің есігін ашқан бұрымдының сәби дауысын естіп, Тәңірден тілегеніне қолдары жеткеніне шүкіршілік жасады.

Шаттықтың алауын маздатқан ата мен әженің ішкі нұрлы сезімдерін көріп, жүрек бұлқыныстарын жан сарайларына жасырып, ұяңдық танытқан баласы Әбдіраш пен келіні Гүлзейнеттің тебіреністері сөзге сыймайтын.

Жататын үйдің іші жас нәресте иісімен құлпырды. «Қой қозысын тоқты болсын деп тілейді, ана баласын текті болсын деп тілейді», — деген өсиеттің өзегінде шындық бар. Даланың көзді бал бұлағындай уақытпен сықылықтай күле жарысып, ақылы дария атасының тізесінде қатайып , әжесінің етегінде ес тоқтатқан Рахима ерке болса да жаны нәзік, тіл алғыш, намысшыл болып өсті. Кемпір-шалдың қызы болған соң, Рахиманы шешесі Гүлзейнет Рән деп атайтын. Ата мен әженің қызының атын тура атамау, Қазақтай өрісі кең, өнегелі елдің тәрбиесі ғой. Сол сөз бүкіл ауылдың аузына тарады. Read more

Ұстаздар ұйытқысы


Адам өмірге келген соң, уақыттың көшіне еріксіз ереді. Ол тіршіліктің заңдылығы. Көштен қалу да сын. Ташкент облысы, Жаңа жол ауданындағы Жамбыл ауылынан көшіп келген соң, өз қарайластармен бірге, Ермоловка селосындағы Т.Г.Шевченко атындағы орталау мектептің табалдырығын аттаған. Қолына қаламсап алып, әріп үйренді. Әр баланың ыңғайына жығылған ұстаздың еңбегіне сонда алғаш үңілді.

Әкесі Ишантай мақта бригадирі, анаы Зейнеп үй шаруасында болса да, ағасы Абызбек, әпкесі Тұрсынай мұғалімдер еді. Үнемі олардың тірлігіне көзі қанығып өскендіктен, жанына ұстаздарды жақын тұтты. Read more

Республикалық «Зимнная сказка» ән байқауы


Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық Жанар Байғұттиева атындағы өнер мектебінің домбыра бөлімінің шәкірті Ахметбек Дильназ Алматыда өткен Республикалық «Зимнная сказка» ән байқауына қатысып, бірінші орынды иеленіп қайтты.

Деепричастный оборот и знаки препинания при нем


Краткосрочное планирование

Предмет: русская речь

Класс: 8 «А»

Учителя: Ахметжанова Д.Б- сш им.С.Сейфуллина, г.Арысь и Нуржанова К.Т- сш.им. Ю.Гагарина, г.Сарыагаш

Дата проведения: 29.01.2022 г Read more

Тәуелсіздік – тірегіміз!


Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта

бастауыш сынып мұғалімі Жумадиллаева Назира

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік – тірегіміз!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстан» сурет көрмесі.
Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағаты 2 бөлімнен тұрады.

1 – бөлім : «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады. Read more

« Older Entries