Monthly Archives: Февраль 2014

Роль хореографии ввоспитании и развитии ребенка


Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

Аудандық оқушылар сарайы

Пән мұғалімі: хореограф

Аты – жөні: Мұхтарова Ардақ Жайшылыққызы

Роль хореографии ввоспитании и развитии ребенка

Детство — это тот период ребенка, в котором он о легко поддается

воспитательным воздействиям и влияниям окружающей среды. Именно в этот период создается о снова, на которую базируется все последующее развитие и воспитание ребенка.Семья в воспитании ребенка играет важную роль.Часто она бывает единственной средой,формирующмм его личность. Хореография – это искусство, любимое детьми. Это искусство обладает редкой возможностью разносторонне воздействовать на развитие и воспитание ребенка.Танец-форма хореографического искусства,в котором средством создания художественного образа являются движения и положения человеческого тела. Read more

«Оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау, дамытудың тиімді жолдары»


Бекберова Күләш Джумаділдақызы

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия

Атырау қаласы

«Оқушылардың шығармашылық дарындылығын анықтау, дамытудың тиімді жолдары»

Кіріспе

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты болмақ.

Н.Ә.Назарбаев

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» өзекті мәселе болып отыр.

Мақсатым: Дарынды оқушыны анықтау, оның қабілетін, шығармашылық дарындылығын дамыту, шығармашылық жұмыстарға қатыстыру арқылы дарындылықтың бастапқы негізін қалыптастыру. Read more

Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқ ушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары


Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектебінің

бірінші санатты,ағылшын тілі пәні мұғалімі

Аманова Жанара Жумажановна

Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары

Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді

пайдаланатын мәдениетті ел ретінде

танылуға тиіс.Бұлар: қазақ тілі-

мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық

қатынас тілі,және ағылшын тілі-

жаһандық экономикаға ойдағыдай

кірігу тілі.

Н.Ә.Назарбаев

( Қазақстан халқына жолдауынан)

Тілді тек тілдік бірліктер мен олардың өзара байланысының қатаң құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең алдымен қатысым құралы болып табылады. Read more

А.Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің негізін қалау шы


А.Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

Жалпы білім беретін №6 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әбуова Орынша Сақтағанқызы

ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы әлеуметтік -саяси жағдай күрделілене түсті.Бір жағынан патшалық Ресейдің отаршылық саясаты күшейсе,екінші жағынан , жергілікті ұлықтардың озбырлығы да отқа май құя түскендей болды. Осы кезде қазақтың бір топ оқығандары: А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев ұлт-азаттық қозғалыстың көш басшылары болып, халқын күрес жолына бастады. Read more

Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты


Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аманова Жанар Жұмажанқызы

Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің

ұлттық мәдени сипаты

Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т.б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Read more

Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің кө лемі.


Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі

Бахрадинова Жулдуз Тугелбаевна

Бастауыш класс мұғалімі

Математика 4 класс

Сабақтың тақырыбы: Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі.

Сабақтың мақсаттары: 1) Куб ұғымын пысықтау. Көлем, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен оқушыларды таныстыру.

2) Оқушылардың ойлау, талдау, қорытындылау дағдыларын, шапшаң есептеу, теңдеулерді шешу, амалдар тәртібін орындау, дағдыларын тиянақтай түсу.

3) Шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыс жасауға, ойларын дәлелдей білуге дағдыландыру.

Сабақ түрі: жаңа білім меңгерту, саяхат сабақ түрінде.

Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, қорытындылау, көрнекілік, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар, оқулық.

Сабақ барысы:

1) Алғашқы ұйымдастыру кезеңі. Бір-біріне күндей күліп сәттілік тілеу.

Негізгі бөлім Read more

Баскетбол


Сабақ жоспары

Пән аты: Дене тәрбиесі

Өтілетін күні: 14.02.2022 ж

Сыныбы:10 А

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол

Сабақтың мақсаты:

  1. Шабуыл мен қорғаныс кезіндегі жеке қимыл әрекеттер
  2. Допсыз және добы бар ойыншыны ұстай білу әдістері.

өтіп бара жатқан шабуылшыдан арт жағынан допты ұрып түсіру

  1. Жылдамдықты, ой қабілетін дамыту, жетілдіру.

Көрнекілігі: Ысқырық, баскетбол доптары. Read more

« Older Entries