Monthly Archives: Февраль 2014

Мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани қабілетін қалыптастыруда жаңа оқыту технологиясын меңгерту


Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

АбиловаКенжегулСадуовна

          Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасққа өту қажеттігі туындайды.Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Read more

Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»


Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

АбиловаКенжегулСадуовна

 

 Сабақтың тақырыбы:  Мұхтар Әуезов «Ақын  қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар  Әуезовтың  өмірі мен    шығармашылығы,тақырып пен идея туралы, «Ақын қонақтар»сюжеті жайында әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік:оқушыларды ізгілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:оқушылардың дүниетанымдардың кеңейту.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ Read more

М.Жұмабаев-поэзиясының хас шебері


Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

АбиловаКенжегулСадуовна

 

   1) Білімділік мақсаты:оқушыларды қазақ халқының ұлтжанды  ақыны

М.Жұмабаевтың шығармашылығымен таныстыру.

2)Дамытушылық мақсаты:оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

3)Тәрбиелік мақсаты:оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін,отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:магнитафон таспасы,кітап көрмесі,плакат,дулыға,жебе,садақ.

Сабақтың түрі: конференция сабақ. Read more

Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі, 6-сынып


Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уәлиева Әсемгүл Мұхамедіғалықызы

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі, 6-сынып
Мақсаты: Жазушының өмірінен қысқаша мағлұмат бере отырып, шығарманы талдау. Авторлық позицияны таныту.Кейіпкер бейнесін ашу. Адамгершілік қасиеттерге баулу, ойлау , сөйлеу , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім , білік дағдыларын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Read more

«Сыр сандықты ашып қара» мәнерлеп оқу сайысы


Уалиева Асемгуль Мухамедигалиевна
Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.М.Уәлиева

«Сыр сандықты ашып қара»
мәнерлеп оқу сайысы
1 жүргізуші :
Ұлы есімдер қайтсе де жаңғырады,
Ұлылардың селдейді жаңбыр әні.
Салауатты әлемің Сәкен аға,
Жарқылдатып сезімді жандырады. Read more

Шебер мұғалім — дарынды балаларға


Әнесова Құрма Көпенқызы
Атырау облысы Жылыой ауданы № 4 мектеп

Шебер мұғалім — дарынды балаларға

«Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай , тұлпарды есекке айналдырып жібереді.»
Плутарх

Ұстаздың басты мақсаты- оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың заман талабына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан-жақты жетілдіруде дүниетанымын тереңдетіп, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологияларын жете білу, біліктілігін арттыру , әлемдік даму үдерісіне сай тұлға дайындау-мұғалімнің негізгі міндеті. Елбасының: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдд�
�лі жаңа білім беру өте қажет»-деген сындарлы сөзі- мұғалімдердің алдына қойылған жоғары жауапкершілік. Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесетін, өзін шығарашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды жан-жақты оқыту-ұстаз жемісі. Шығармашылық-қабілеттің бір түрі, күрделі жүйе. Дарынды оқушыны жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты да шебер ұстаз Read more

Сыр елі. Жыр елі. « Толғау тарланы- Базар жырау»


Нуржауов Сандыбай

Материал тақырыбы: </b>\"Сыр елі — жыр елі\" (Балабақшаның ересек тобына)<br />

<b>Материал мәтіні: </b>Сабақтың тақырыбы: Сыр елі. Жыр елі. « Толғау тарланы- Базар жырау»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға қазақ өлкесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ақындар мен әншілер, жыршылар мен күйшілерді таныстыра отырып, толғау тарланы — Базар жырау, жайлы мағлұмат беру. «Әр нәрсенің парқы бар» атты толғауын, «Жақсы мен жаман» термесін тыңдатқызу.
Дамытушылық: Қазақстанда жыршылық — термешілік өнермен сусындағандардің бірі – Базар жырау жайлы түсініктерін қалыптастыру. Термені тыңдата отырып, жақсы мен жаманды айыра білу қабілеттерін дамыту. Read more

« Older Entries