«Арманы асқақ оқушы» конкурсы қатысушысы Махмутова Гулсая Ренуарбекқызы
Мектебіміздің қоғамдық істерінде, іс-шараларда белсенділігімен көзге түсіп жүрген Махмутова Гулсая Ренуарбекқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданынындағы Еңбекші орта мектебінің 11 б- сынып оқушысы, мектеп түлегі, «Алтын белгі»белгісіне үміткер озат оқушы.
Гүлсая Махмутова — сыныптың ұйымдастырушысы,мектептің оқушылар ұйымының президенті, «Жас Ұлан»ұйымының басшысы шығармашылықпен жұмыс жасай білетін шәкіртіміз. Ақпараттық жаңа технологиямен жұмыс жасай білетін жан-жақты ізденімпаз оқушы.Мектептің қоғамдық жұмыстарына және оларды ұйымдастыруға үлкен белсенділікпен қатысады. Ұстаздармен тез тіл табысып, олармен бірігіп жұмыс жасап келеді.Гүлсаяның өлең айтатын ерекше өнері де бар, мектеп абыройын республика көлемінде қорғады. Сонымен қатар мектептегі барлық шараларда жүргізуші болып келеді.